Шәкәрім Құдайбердиевтің әлем философиясына қалдырған шығармашылық мұрасы



Дата10.04.2023
өлшемі32,5 Kb.
#81222

Шәкәрім Құдайбердиевтің әлем философиясына қалдырған шығармашылық мұрасы

Ең керекті дегенің ортаншы өмір


Түгел қолың жетпейтін бір жанталас.
Қапы өткізбес сол кездің бір сағатын
Өкініші қалмайды кетсе ағаттық
Күні – түні дей көрме ғылым ізде
Қалсын десең артыңда адам атың – дейді
Қай ғылымды білсеңіз де
Қазір оны елге жай.
Құр ішінде кеткеніңше
«Арлы ақыл» – жақсылық пен әдiлет жолына қызмет ететiн ақыл. Шын ақыл
адамға айналасындағылармен жақсы, шынайы қарым-қарым орната білуге,
жаманшылықтан аулақ болуға жетелейді. Арлы ақылы бар азамат өмiрiнiң мәнiн елiне, жерiне қызмет ету деп бiледi. Арлы ақыл бiлiмдi, iскерлiктi, өнердi жасампаздық пен игiлiк жолына бағыттайды. Арлы ақыл иесi халқының бүгiнi мен келешегi үшiн қызмет етушi азамат деп бiледi.
Адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл бар жерде адам нәпсiсiне ие болады, әдiлетсiздiкке, арамдыққа, өтiрiкке, алдауға тосқауыл қояды. Осы үш құндылық арқылы адам түзу жолға түседi. Адам жөнделсе - қоғам мен өмiр жөнделедi, жаратушыны шын сүю басталады деп тұжырымдайды.
Мына бiр өлеңiнде ақын:
Ескiден қалған сөз терiп,
Өз ойымнан өң берiп,
Үйретудi жөн көрiп,
Түзетпек едiм адамды
деп өзiнiң iзгiлiктi мақсатын ашып айтады.

Айла күш – айуандықтың ең жаманы,


Боқты боқпен жуғанмен ел түзелмес
Ар түзейтiн бiр ғылым табылмаса,
Зұлымдықты жалғанда әдiл жеңбес
Мұнда ақын адамның бойында әдiлет, мейiрiм, ынсап, ақ жүрек, таза ақыл болмайынша, зұлымдық, әдiлетсiздiктер, соғыстар, зиянды қару-жарақтар, мейiрімсiздiктер, озбырлықтың жойылмайтынын дәлелдеп көрсетедi.
Шәкәрім шығармашылығында адамгершілік, ізгілік мәселелері халқымыздың ғасырлар бойы келе жатқан ұлттық құндылықтарымызбен тамырластықта алынып, көркемдік-эстетикалық мәні мен өлең өрнегіндегі өзіндік үні айқын айшықталады. 

Шəкəрім дүние ешқандай кездейсоқсыз белгілі бір заңдылықты дамуының негізінде құдайдың, жаратушы, жаратқанды — бірінші анық деп таныған.


Жанның ажалсыздығы, аса маңыздылығы — Шəкəрім философиясындағы екінші анық. Егер дүние мақсаты жарымсақтылы дамып жетілсе, адамның жаны мəдениетті жасауда ең негізгі роль атқарса, оған енді азық керек, ол ұждан.
Ұждан — бұл Шəкəрім философиясындағы үшінші анық. Ол əділет, мейірім, ынсап. Шəкəрімнің философиялық толғаулары адамды даналыққа бастайды, адамды үнемі орынды харекет етуге шақырады. Шəкəрімнің философиялық ойлары адамдардың өз болмысына үңілуге шақырады. Бұл өте ауыр жол, қиын. Ал өзіңнің болмысыңа үңілу – өзіңді және айналаңды сезінуден басталады. Айналаға, табиғатқа сүйсіне қара, оларды көріп, естіп, сұлулықты барынша сезіне білу. Сұлулықты байқап, бағалаған адам жаман әрекетке баспайды. Бұл жеке адамның тұлғаның ғана қолынан келе береді. Сондықтан көп адам осыдан қашады. Қашу арқылы біз мүмкіндігімізден айырыламыз.
Егер адамдар өз болмысына үңіліп, соған сай əрекет етсе, дүниеде адам деген атқа лайықты орын тебеді. Сондай-ақ қазақ даналығының дамуына өзіндік үлесін қосқан ойшыл адам бойындағы тал бесіктен жер бесікке дейінгі барлық мəселелерді көтере отырып, адамзатқа ортақ мəселелерді көтерген. Адамзат өмірінде Шəкəрім Құдайбердиевтің дүниетанымының ерекше даналыққа толы, даналық екені анық. Оның тереңіне бойлаған сайын біз оны əр түрлі қырларымен көреміз. Оған зерттеулер жүргізілген сайын біз даналыққа шомыламыз. Сондықтан Шəкəрім дүниетанымы адамзатқа ортақ құндылық.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет