ұсынады. Бұл аса құнды еңбек шын мәнінде ХІХ және ХХ
ғасырдағы Қазақстандағы философиялық ойдың шыңын көрсетсе
керек. Көпшілік оқырманға арналған.
Құдайбердіұлы, Шәкәрім. Үш анық [Мәтін] : монография / Ш.
Құдайбердіұлы ; Қаз. ССР ҒА, М. О. Әуезов атын. әдеб. және өнер ин-
ты. - Алматы : Қазақстан және "Ғақлия" ғылыми-әдеби орталығы,
1991. - 80 б.
Шәкәрім (Құдайбердіұлы, Шәкәрім) Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар
шежіресі [Текст] / Шәкәрім) Шәкәрім (Құдайбердіұлы. - Алматы :
Қазақстан Сана, 1991. - 80 б.
Қазақтың шығу тегі, шежіресі жайлы еңбек жазуды ұлы Абай өзінің
немере туысы Шәкәрімнің қолға алуына сенім білдірген. Шәкәрім
шежіре жазуға кіріспес бұрын көп ізденіп, араб, парсы, түркі тілдерінде
жарыққа шыққан еңбектермен танысып, көп мағлұматтар, деректер
жинайды, осы мақсатпен қажылыққа екі рет барады. Сөйтіп Шәкәрімнің
бұл кітабы 1911 жылы Орынбор қаласында бысылып шығады.
Құдайбердіұлы бұл еңбегінде түркі елдерінің ата тегін әңгімелей
отырып, қазақ халқының шежіресіне кеңінен тоқталып, тарих түкпірінен
ой өкшелейді. Шәкәрімнің бұл еңбегінің құндылығы өзіне дейін
халқымыздың ата тегі жайлы ауызша айтылып келген шежірелерді бір
жүйеге түсіріп, хронологиялық тәртіппен арнайы түрде баяндап
беруінде.
Шәкәрімнің
«Мұсылмандық
шарты»
атты
еңбегі
1911
жылы
Орынборда
басылып
шықты.
Ақынның
репрессияға
ұшырауына
байланысты оның басқа шығармаларымен бірге бұл кітабы да ұзақ
уақыт оқырман қауым назарынан тыс қалып келді.
Достарыңызбен бөлісу: |