Шәкәрім және оның заманы



бет3/4
Дата25.03.2023
өлшемі181,5 Kb.
#76133
1   2   3   4
ШШШ ТЗРИХ Шшбът — деп бағалады. Осы газетгің 1913
ШҒЫ № 2 еаншда ГЯЗет оқырманы жарияланған шежіре
:.ында ой бөлісіи, кейбір ескертпелерді жасайды. Шөкөрім
шған газетгің 1914 жылғы № 61 еанында сол оқырманға
жауап қайтарады; «... «Шежіремді» бағасынан артық
мақтағаныңызға қуанбасам да, қазақіы шежіре окуға
зықтырғаныңызға төңірі жарылғаоын». Яғни, Шөкөрім газет
ырмандарының оңды пікіріне ризалығын білдіріп, кең қауым
көңілінен шыққанын аңғарды.
Шәкөрім шежіреге қайта толықтыруларды енгізіп,
і елерін түзетіп, қайтадан бастырмақ болған. Бүл мақсаты
галы өзінің «Қазақ» газетіңде жариялған бір мақалаоында
ашық жазады.сҚазақ, 1915ж.,15 қа:зан) Мақала хат жанрыңда
жазылады, «Барша қырғыз-қазақ білімділеріне ашық хат» деп
аталады.Сол хаттан үзіі-зді келтіреміз: «Кем- кетік боса да
^Қазақ шежіреоін» жазып, бір мың кітап бастырып едім. Ол
алып бітгі. Өмір болса, тағы баотырмақ едім. Сол себепті
ны оқып көргеңдеріңізден отінемін: штыотан ©отігеңціктен,
)гі аталарда қатесі болса, шын, анығын тауып, не хат арқылы
\іе. не «Качг-ж» гязеті яшн.ш бі.тгпіповн-і^леп е.лгі Ғгаппр. япрм
ғана «мешкі дүрыс» деген сөз толық болмайды,
Әрине, өркім өз атасын анық біледі. Әр таптың талапкерлері бір-бір шежіре жазып бастырғаны жақеы. Мысалы, Қуаңдықты, Сүшңціжті, Атығай, Қарауылды дегендей. Әрқайсысын бір-бір кітапша қылса, жарар еді, Әйтеуір, басьш біз бастадық, еңцігісін өзі жазоа да яки бізге кешіктірмей анық хабар қылса да толықгырмақ әр таптың талаптарына міңдет деп білемін» Шәкәрім»
Шөкөрім шежіресінде қамтылған мөселелер аумағы, мазмүндылығы өте кең және бай деп көрсеіуге өбден түрарлық. Оған кітап гараулары куә — Қазақтың қайдан шыққаны, Қазақтың үш жүзге бөлінгені? Үлы жүз жайы туралы. Кіші жүз, Орта жуз. Арғын, Әмір-темір нөсілі, Шыңғыс хан, т. б.
Кңбекті ғылыми монографияға жатқызудың еш қисьшеыэдығы жоқ. Автордың өзіңдік оұрыптаулары, ткірлері кігаіггың қай жерінде болмасын, иңдивщуаддық сипатын деле^щеп береді, өзінше к^ызық,
Кейбір деректфдің мазмүнын келтіре отырып, Шөкөрім «ертегі оьпфілды қиоынсыз оөз» деп келіопей немеое «өз ойынша төменгі сөзге қисывдырамыи» деп ой-пікір жарыстырады. Айтқаны дөлелді болу үшін оқыған кітантарына сілтемелер жаоаңды. Сәйтіп, ол қазақ тарих ғылымында осы күнге дейін дүрыс, терең, ғылыми шешім таппай келе жатқан қазақтың қаңдан шыкданы, үш жүзге бөліну себептері, (злардың атақты адамдары, таңбалары, т.б. ерекшеліктері оияқты проблемаларды зерттеу, шешу қажеттілігіне көңіл бөледі, ой тастайды.
Шөкөріммен «Қазақтың қалмақган жеңіліп, Ақтабан шүбырывды көргені», «Әбілмансүр Абылай ханның кежчені» 9ИЯҢТЫ тарауларда да нақтылы деректф. аңыздар, өлеңцер келтіріледі. Сол сияқты қалмақпен ооғыоқан кезде қазақ елі 1723 жылы үлкен сөтоіздікке үшырап, Ақтабан шүбырынды, алқакөл сүлама атаульіБЫ көргені, оның мазмүны мен жайы, сыры туралы сөз қозғайды. Бүдан бүрын кем де кем тарихшы

2.1.
ХХ ғасыр басындағы ұлт–азаттық қозғалыстың басты ерекшеліктерінің бірі — оның жетекші күші ретінде алға жаңа саяси элитаның, яғни зиялыларының шығуы еді. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты казак әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын. Жаңа өмірге келген Алашорда өкіметінің ең алғашқы жасаған әрекеттері де қайткен күнде ұлттық бірлікке жетуге бағытталды. Съез өз жұмысын аяқтаған бетте Алашорда өкіметі Сырдария қазақтарының съезін шақыру туралы тиісті адрестерге жеделхаттар жолдады. Қазан революциясы мен патшалы Ресей империясы аумағында басталған ішкі қантөгісті қырғын, Азамат соғысы, Қазақ даласына орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен біржола көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бірі еді. Ал 1921—1922 жылдардағы ашаршылық қазақ қоғамын біржолата тұралатып кетті. Шаруашылық дағдарысы жұмыссыздардың санын күрт өсіріп, кедей-жатақтардың қоғамдағы үлес салмағын көбейтіп жіберді. Кеңес үкіметі орыстық өктемдіктің жаңа, қазақ халқы үшін бұрынғыдан да қатыгез сипат алған жүйесі ретінде қалыптасты. Бұл жағдайларды көзімен көріп, басынан кешірген озық ойлы қазақ зиялылары жаппай экономикалық және рухани тоқырау жағдайында, болып жатқан өзгерістерді талдап түсінуге, өз мүмкіндіктерінше халқы үшін тиімді бағытқа бұруға тырысты. Олар орталықтан ерекше құзырмен келіп, өктем сөйлейтін көптеген партия мен үкімет өкілдерінің жергілікті жағдайды түсінбейтінін, тіпті түсінгісі келмейтінін көрді. Бұл жағдай, әсіресе, Қазақстанда жаңа қоғам құрудың әдістері арнайы және принципті түрде сөз болған Қазақ партия ұйымының ІІІ конференциясында айқын байқалды. Ол 1923 ж. 17—22 наурыз аралығында Орынбор қаласында өтті. РК(б)П ОК-нің өкілі Е. Ярославский мен РК(б)П Қазақ бюросының мүшесі А.Вайнштейн өздерінің баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде ұлттық мүддеден бас тартуды, кедейлердің таптық санасын көтеруді негізгі мәселе етіп қойды. Негізгі мақсат “кедейдің әлі оянбаған таптық инстинктін шайқау, көтеру”, тіптен “…ең дұрысы кедейді байға тік қарсы қою, сол арқылы кедейлерге кіріптарлықтан құтылу дегеніміз осы екенін сездіру” деп баса көрсетті. Біз осы мәселеге байланысты коммунистердің марксизм-ленинизмнің таптық күрес туралы теориясын бетке ұстай отырып, қазақтарды бір-біріне қарсы қоюға, жауластыру, жаңа қырғынға ұшыратуға ұмтылысын байқаймыз. Бұл әрекет сондай-ақ “таптық күрес” теориясының зиянды жағының айқын дәлелдерінің бірі. Не тәуелсіз ел болмай, не сенген Кеңес үкіметі мен оның өкілдері жақсылық жасаудың орнына жағдайын қиындатқан қазақ халқы терең экономикалық әрі рухани күйзеліске бет бұрған еді. Оны көріп, біліп отырған С.Сәдуақасов, Ы.Мұстанбаев, Темірәлиев, Х.Нұрмұхамедов сияқты жергілікті кеңес және партия қайраткерлері елді тағы да байлар мен кедейлерге бөле отырып, қырғынға ұшыратуға үзілді-кесілді қарсы шықты. Олар елдегі жағдайды қантөгісті күрес тәсілімен емес, бейбіт экономикалық және саяси әдістермен реттеуді ұсынды. Дәлірек айтатын болсақ, С.Сәдуақасов: “Қазіргі уақытта қырғыз (қазақ — авт.) кедейлері біреудің қанауынан емес, жұмыссыздықтан азап шегуде. …Қазіргі кезеңде ел сілкіністерге емес, бейбіт еңбекке мұқтаж. Елді жаңа экспроприациялар емес, еңбек пен ғылым құтқармақ. Экспроприация идеясы билікке қарсы көтеріліс немесе соған жақын нәрсе. Бізге патша үкіметі тұсында мұндай қоздыру туғызу қызық болғанымен, біздің жағдайымызда қазақ даласында ондай жасанды қоздырулар туғызудың қызығы шамалы. Мемлекеттік адамдар мемлекет мүддесі тұрғысынан ойлауы керек” деді. Бұл кезеңде байлармен күресті революциялық төтенше шаралар арқылы емес, бейбіт жолдар арқылы жүргізуге толық жағдай бар еді. Өйткені, біріншіден, билік Кеңес үкіметінің қолында тұрды. Екіншіден, қазақ ауылында кедей және орта шаруалар басым көпшілік болатын. Бірақ жергілікті жағдайды терең түсінбеген Ярославский мен Вайнштейн С.Смағұловтың дұрыс дәлелдемелеріне қазақ қоғамын социалистік негізде қайта құруға көрсетілген қарсылық, байларды жақтаушылық ретінде баға беруге тырысты. Ал аймақтық ерекшеліктерді ескеруді талап еткен ұлттық қайраткерлерге революциялық өзгерістерге даяр емес, білімсіз, тар өрісті “ұлтшылдар” есебінде қарады. Соны жақсы түсінген С.Меңдешев, Ә.Асылбеков, С.Сейфуллин, С.Сәдуақасов, Ы.Мұстанбаев, Н.Нұрмақов сияқты бір топ қайраткерлер, барлығы 14 адам Е.Ярославскийдің атына наразылық білдірген хат жолдады. Онда біріншіден, байларға қарсы, екіншіден, орыстық шовинизм мен жергілікті ұлтшылдыққа қарсы күрес жүргізу, үшіншіден, қазақ ауылында таптық күресті күшейту қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, орыс басшылардың қазақ коммунистеріне сенімсіздікпен қарайтыны көрсетілді. Бірақ бұл қайраткерлердің қазақтарды тапқа бөлу арқылы қырқыстыру, ұлт ретінде төменшіктету бағытына қарсы күресі кеңестік орталық үкіметтің саясатына қайшы еді. Кеңестік отаршылдық саясаттың бұл бағытын шағын топ болып жеңу іс жүзінде мүмкін емес болатын. Сондықтан да осы кезден бастап ұлттық интеллигенция мен кейбір партия қайраткерлері өздерінің ұлтшыл емес, интернационалист екенін дәлелдеп отыруға мәжбүр болды. Бұл іс жүзінде орталық пен ол жіберген өкілдер алдында қазақ басшылары мен интеллигенттерінің сағының сынып, төменшіктеп отыруына әкелді. Осылайша тоталитарлық жүйенің қазақ жеріндегі саяси өктемдігі мен озбырлығы қалыптаса бастады.
“Кіші Қазан” науқаны. “Кіші Қазан” ұғымын ойдан шығара отырып, іске асырған Голощекин. Ол — саяси-теориялық білімі аса төмен, ең бастысы Қазақстанның экономикалық-әлеуметтік даму ерекшеліктерінен хабары жоқ адам-тын. 1925 жылы басшы болып келгеннен бастап, оның тар өрісті солақай саясатының арқасында Қазақстан халықтары бұрын-соңды болмаған көптеген ауыртпалықтарды бастан кешірді. Соның алғашқыларының бірі — “Кіші Қазан” науқаны болды. Голощекин Қазақстанда Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан “Кіші Қазан” революциясын жасау керек деп байбалам салды. Голощекин мен оның төңірегіндегілер жергілікті әлеуметтік-экономикалық дамудың ерекшелігін түсінбегендіктен, қазақтарда әлі де рулық құрылыс өктемдік етуде, байлар жойылмаған, тіпті капиталистік қатынастар өмір сүруде деп көрсете отырып, оларды жою қажет деп жариялады. Голощекин түсінбеген, немесе түсінгісі келмеген мәселесі мынау еді. Қазақтардың негізгі байлығы мал болып есептелетін. Көшпелі мал шаруашылығының негізгі талабы жайылымдықтарға ие болу еді. Малы жоқтарға жайылым да қажет емес, керісінше, малы барларға ғана жайылым керек болды. Сондықтан да байлар рулық меншік деп есептелетін жайылымдар мен шабындықтардың иесі болатын. Малдан айырылса оларға да жер көп қажет болмай қалатын. Мұны түсінуге өресі жетпеген Голощекин мен оның жандайшаптары қазақ байларына қарсы күресті малды бөліп беруден емес, жерді қайта бөлуден бастады. Бұл қате науқан 1926 ж. 20 мамырда қабылданған “Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы” заңы негізінде басталды. Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылдың маусым және шілде айларында басталды. 1927 жылы өткен VІ Бүкілқазақтық партия конференциясындағы баяндамасында Голощекин бұл науқан барысында 319.516 қожалықтың 2387.384 десятина жері бөліске салынғанын айтты. Дәл осы конференцияда былай деді: “Біз маңызын әлі өзіміз де ұға қоймаған орасан зор науқанды өткердік — бұл жайылымдық және егістік жерлерді қайта бөлу. Жайылымдық жерлерді қайта бөлу дегеніміз не? Бұл дегенің Кіші Қазан болып табылады. Бұл 2-ші пленумда Сәдуақасов қарсы айқай көтерген нәрсе, бұл Кіші Қазанның дәл өзі. Біз шын мәнінде, іс жүзінде жерге мүдделілік негізінде кедейді байдың жерін тартып алуға зорлай және көмектесе келе, кедейді баймен қақтығыстырдық. Бұл ауылдағы тап күресінің нағыз өзі”. Байқап отырғанымыздай Голощекин 1926—1927 жылдардағы шабындық және егістік жерлерді бөлу науқанын “Кіші Қазан” деп атады. Бұл тек 1926—1927 жылдарда жүргізілген, бірақ сәтсіз аяқталған, жартыкеш науқан ғана болып шықты. Ол науқан қазақ ауылына елеулі әлеуметтік өзгерістер әкелген жоқ. Голощекиннің “Кіші Қазаны” — шабындық және егістік жерлерді қайта бөлуі сәтсіз аяқталды. Оны біз мына ресми мәліметтен де айқын көреміз: “Қайта бөлуді өткізу бірқатар қиыншылықтарға кездесті: жерлерді есепке алу жүргізілмеді — олар көзбен, доңғалақтардың айналымымен, адамдардың және аттардың адымдарымен, арқанмен және т.с.с өлшенді; байлар оған қарсыласып, әр түрлі өсек-аяңдар таратты, уәкілдерді және жасырылған жайылымдарды көрсеткен кедейлерді соққыға жығып тастаудың бірқатар жағдайлары болды; Қосшы одағы жалпы алғанда қайта бөлуге қатысуда жеткілікті белсенділік көрсете қоймады, қайта бөлу төңірегіне кедейлер бұқарасын жеткілікті топтастыра алмады. Болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер қажетті белсенділік таныта алмады, қайта бөлу ауылдық кеңес аппаратында таптық бағыттың бұрмалануы орын алғанын анықтады. Кейбір ауылдық кеңестер төрағалары осыған байланысты орындарынан алынды”. “Кіші Қазан” науқанын дұрыс жүргізе алмаған Голощекин қолындағы билікті пайдаланып, халықты қырғынға ұшырататын жаңа, тікелей күшпен тәркілеу бағытын ұстай бастады. Бұл “Кіші Қазаннан” да қатерлі бағыт еді. Қазақ ауылына алапат аштық апаты жақындап келе жатты. БОАК-тың 1928 жылғы 29 наурыздағы қаулысында қазақтардың белгіленген мөлшерден артық жерлерін кесіп алу көрсетілді. Осылайша Кеңес үкіметінің қазақ жерін отарлауы басталды. Бұдан кейін қабылданған шешімдер мен қаулылар патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатының қайта тіріліп, кеңестік заманда жаңа бағытта жүргенін байқатады. Ол негізінен, интернационализм — барлық ұлттар мен халықтар теңдігі идеясын бетке ұстай отырып іске асырылды. Іс жүзінде ол орыстардың ғана мүддесін қорғап, қолдаған жалған интернационализм саясаты еді. 1927 ж. қарашада өткен VІ жалпықазақстандық партия конференциясы байлардан мал мен мүлкінің бір бөлігін алуға мүмкіндік беру қажет деп есептеді. Кешікпей, желтоқсан айында, тәркілеу туралы заң дайындау үшін арнайы комиссия құрылды. Ал келесі 1928 ж. 27 тамызда “Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы” және 13 қыркүйекте “Тәркілеуге қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды көшіру туралы” деп аталған екі қаулы қабылданды. 700 ірі шаруашылықтың мал-мүлкін тәркілеу белгіленді. Малмен қоса, бау-бақша, ауылшаруашылық құралдары — соқа-сайман, арба, шана, тіптен күрке, жертөлелер де тәркілеуге жатқызылды. 145 мың мал тәркіленіп, 619 отбасы көшірілді. Байлардың мал-мүлкін тәркілеу олардың туыстарының қолымен жүргізілді. Осылайша қазақтарды бір-біріне айдап салу, өзара қырқыстыру әрекеті тереңдей түсті. Сөйтіп, дүние-мүлкін талан-таражға салу, өндіріс құралы мен негізгі тіршілік көзінен айыру қолға алынды. Дәстүрлі шаруашылық құрылымының күйреуі барысында басты күнкөріс құралы — малдан айырылған қазақтар әлеуметтік-экономикалық күйзеліске, жаппай қайыршылыққа бет бұрды. Голощекин жалпы Одақ көлемінде және Қазақстанда қалыптасқан өзіне қолайлы жағдайларды ұтымды пайдалана отырып, өз қарсыластарымен күрес барысында түрлі әдістерге барды. Солардың бірі ескі (салыстырмалы түрде — М.Қ.) революцияға дейінгі, анығырақ айтқанда, алаштық интеллигенцияға қоғамдық саяси күрестің түрлі құйтырқыларынан хабарсыз жас ұлттық интеллигенцияның келесі буынын қарсы қою болатын. Бұл әдісті 20-шы жылдардың басында жоғары билікке енді ғана араласа бастаған қазақ интеллигенттері өзара билік үшін күресте қолдана бастаған. Егер деректердің көрсетуіне сенсек, осы мезгілде толып жатқан түрлі топтар (меңдешевшілдер, сейфуллиншілдер, сәдуақасовшылдар т.б.) біріне-бірі алашордалықтармен байланыста болды сияқты айып таққан. Олардың арасында кезінде билікке қарсы әрекеттер жасаған алаштық интеллигенцияны ғайбаттап, жаңа өкіметтің Қазақстандағы өкілдеріне жағынып, қызмет бөлісуді көздегендер де бар еді. Басқаша айтқанда, ескі патшалық тәртіп тұсындағы болыстық үшін талас, енді жаңа жағдайда өзге сипат алды, рулық бөлудің орнын таптық бөлу басты. Тек ұлттық тұтастық негізде ғана шешілуі мүмкін жалпыұлттық міндеттер тағы да кейін шегерілді. Аға буын интеллигенцияның ескі империялық тәртіпке қарсы күресі өзіне тиесілі бағасын алу емес, тіптен оның бұл күресте жиған тәжірибесі де керексіз боп табылды. Билікте жүрген интеллигенцияның өзара бақастықта саяси күрестен аласталған алаштық интеллигенциямен байланысты көлденең тартуы, түптеп келгенде, оның өзіне бәле болып жабысқанын сезбей қалды, ал қоғамдық-саяси күресте оның тәжірибелі қарсыластары қазақ зиялыларының бұл кемшілігін үлкен шеберлікпен пайдалана білді. РКП(б) Қазақ обкомының жауапты хатшылары Коростелев пен Нанейшвили түрлі топтар арасында тепе-теңдікті сақтау саясатын ұстанды. Дегенмен әр түрлі айлақорлықпен қазақ интеллигенциясын түрлі топтарға бөліп тастап, оларды өзара қырқыстырып қоюда ерекше “табысқа жеткен”, әрине, Голощекин еді. Ол қазақ интеллигенттерін ескі, яғни алаштық және жаңа, яғни кеңестік интеллигенция деп бөліп, соңғысын оңшыл және солшыл деп тағы да жіктеді. Халықтың тарихи жолынан хабарсыздық түрлі надандықтарға жол ашатыны мәлім. Мұндай кемшілік мемлекеттік қызметте бірнеше есе үлкейіп, қоғамдық дамуға аса зор кеселін тигізетіндігі де белгілі. Осы ойдың шындығын Голощекин қызметінен анық байқауға болады. Қазақ халқының тарихынан, ғасыр басындағы отарлық езгідегі ауыр халінен, рухани талап-тілегінен мақұрым Голощекин, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов бастаған қазақ интеллигенциясының тарихи орнын тура, байсалды түсініп, баға беруге өресі жетпеді, тар, қарабайыр таптық, партиялық түсінік деңгейінде қалды. Голощекин мен оның серіктері бұл құбылыстың да түп-тамырына тереңдеп бара қойған жоқ, олай ету көп күшті, төзімділікті, уақытты қажет ететіндігі белгілі. Сондықтан да олар “ең төте және жеңіл” жолды таңдап алды, ал ұлттық еркіндік пен теңдік мәселесін тағы да қойған ұлттық интеллигенцияның келесі, жаңа буынын “Алашордашылар” деп жариялады. Голощекин мен оның еркін іске асырушылар қазақ ұлтшылдарын жазалауда орталықтағы әріптестерінен кем түскен жоқ, тіптен шет аймақтарға тән белсенділікпен асып түсіп жатты. Мәселен, құрамында А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов бар 20 адам алдымен ату жазасына кесіліп, соңынан бұл үкім 10 жылдық концлагерьге ауыстырылды. М.Жұмабаев, Е.Омаров және басқа 7 адам 10 жылдық, ал қалған 15 адам 5 және 3 жылдық мерзімге концлагерьге қамалды. Кесілгендердің біразы лагерьдегі ауыр жағдайға байланысты аман-есен орала алған жоқ. Голощекин алаштық интеллигенция ғана емес, өзі сенімсіз деп тапқан аппаратта жүрген қайраткерлермен күресін Қазақстаннан біржола кеткенге дейін тоқтатқан жоқ. Мәселен, осы мезгілде қызметтен босатылып астанадан аласталғандардың арасында Н.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбеков және басқа көптеген қайраткерлер бар еді. Бұлардың біразы өмірін қайғылы аяқтады. Бұл айтылғандар сталиндік биліктің Голощекин қолымен қазақ интеллигенциясына жасаған қиянатының үзік көрінісі ғана. Тек интеллигенция ғана емес, бүкіл ел басына түскен зұлматтың шын мәніндегі ауқымы анағұрлым кең әрі терең еді.
1930—50-жылдары кеңестік қоғамда орнаған саяси режім кезінде мемлекеттің адамға абсолюттік билігі орын алды. Қазақстанда да барлық елдегі сияқты, мемлекеттік билік бір партияның қолына жинақталды. Тоталитарлық режімнің өзіне тән сатысы — экономикаға мемлекеттік-партиялық билік белең алды. Меншіктің мемлекеттік формасы коммунистік партияға республиканың экономикалық дамуын мемлекет мүддесіне сай бұра тартуға мүмкіндік әперді. Өнеркәсіпті құру және ауыл шаруашылығындағы колхоз-совхоз жүйесі халық шаруашылығы жоспарының есебі бойынша жүргізілді. Бұл жоспардың жасалу принципі кеңестік мемлекет мүддесін ұлттық республикалар мүддесінен жоғары қоюды көздеді. Сөйтіп, Қазақстанда экономикалық таңдау еркіндігі шектелді. Ұлттық рес­пуб­ликалардың даму жолын БК(б)П анықтап отырды. Тоталитарлық мемлекеттік жүйеге тән рухани сала құндылықтарын қалыптастыру үшін Кеңес өкіметі алғашқы күндерінен бастап мәдени революция міндеттерін шешумен айна­лысты. Тұрғындар сана-сезімін коммунистік партия белгілеген идеологиямен сәйкес­тендіру әрекеті үздіксіз жүргізілді. Шын мәнінде, кеңестік Қазақстандағы білім беру жүйесі, ғылыми мекемелер мен мәдениет мекемелері мемлекет пен партия тарапынан қатаң бақылауда болды. Тоталитарлық жүйе ел халқының қоғамдық, экономикалық және саяси өмірін уысында ұстады. Қазақстанда қоғамдық құрылыстың тоталитарлық моделін бекіте түсу тәсілі 1930 жылдары барлық елдегі сияқты, халыққа қарсы қуғын-сүргін жүргізу саясаты болды. ГУЛАГ (лагерьлер бас басқармасы) сол кездегі мемлекеттік жүйенің ажырағысыз бөлігі болып табылатын. Қазақстан КСРО-ның құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттік биліктің күш көр­сетушілік құрылымын барлық жағынан басынан кешірді. Еңбекпен түзеу лагері жүйесі Кеңес өкіметіне қас әлеуметтік және саяси топтар қарсылығын басуға арналған. Тота­ли­таризмнің нығаюы жағдайында лагерьлік жүйе билік басындағылардың мүддесіне бағынып, оның саяси және экономикалық талаптарына қызмет ете бастады. Қазақстандағы лагерьлер жүйесі. 1930 ж. 25 сәуірде лагерьлерді басқаратын ОГПУ құрылып, бір жылдан кейін ГУЛАГ ОГПУ деп атала бастады. Қазақстанда 30-жылдардың басынан лагерьлер жүйесі құрылды.
1930 ж. мамыр айында КСРО ХКК “Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы” қаулы қабылдады. 1931 ж. 19 желтоқсанда шешім шығарылып, “Ги­гант” совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды, қысқаша “Қарлаг ОГПУ” аталған бұл мекеменің “Долинское” селосында басқармасы орна­ласып, ГУЛАГ-қа тікелей бағындырылды. Қарлагтың солтүстіктен оңтүстікке дейінгі аумағы — 300 км, шығыстан батысқа — 200 км. Қарлагқа қоныстанушылар 1930 жылдары бұрынғы партия өкілдері, кулактар мен байлар, сондай-ақ, айыпты боп табылған жұмысшылар мен шаруалар болды. Қарлаг өмір сүрген уақытта онда 1 млн. тұтқын тіркелген: тұтқындар құрамы үнемі өзгеріп отырды: жаңадан лек-легімен адамдар әкелініп, этаппен өзге лагерьлерге жөнелтіліп жатты. ГУЛАГ жобасы бойынша Қарлаг 32 мың тұтқынға арналған, ал шын мәнінде мұнда 75 мыңдай адамға дейін ұсталды. Тұтқындар санын арттыру Қарлагқа жүктелген халықшаруашылық міндеттерімен — Қарағанды көмір алабын игеру, Жезқазған және Балқаш металлургия комбинаттарының құрылысымен тығыз байланысты болды. Алайда тұтқындардың негізгі бөлігі ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылды. Лагерь тұрғындарының ауыл шаруа­шылығында 98,5%-ы, ал өнеркәсіпте — 41,5%-ы істеді. Қарлаг әкімшілік жағынан 1931 ж. 14 бөлімше, 64 участокке бөлінсе, 1941 ж. — 22 бөлімше, 159 участок болды, ал 1953 ж. — 26 бөлімше, 192 лагерь нүктелері белгіленді. 30-жылдардағы жаппай саяси қуғын-сүргін кезеңінде Отанға опасыздық жасағандардың отбасы мүшелерін қоғамнан аластауға арналған лагерь (ЧСИР) құрылды. Қазақстанда Отанына опасыздық жасағандар әйелдерінің лагері (АЛЖИР) жұмыс істеп тұрды.
І — 1928—1931 жж.: қуғын-сүргінге негізінен ұлттық интеллигенция өкілдері, бұрынғы “Алаш” партиясының мүшелері, зорлықпен жүргізілген ұжымдастыруға қарсы болғандар ұшырады.
ІІ — 1937—1938 жж.: “Алаш” партиясының бұрынғы мүшелері болған ұлттық ин­телли­ген­ация өкілдері, БК(б)П бағытынан ауытқыған кеңестік партия қызметкерлері қамалды және атылды. ІІІ — 1948—1950 жж.: партияның идеологиялық бағытымен көзқарастары үйлеспеген ғылыми және көркемөнер интеллигенциясының өкілдері қуғындалды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет