Шәкіртақылық байқауының ережесі І. Жалпы ереже


ІІ. Ш.Есенов атындағы атаулы шәкіртақы үміткерлеріне қойылатын талаптар



бет2/5
Дата15.03.2023
өлшемі93 Kb.
#74638
1   2   3   4   5
Байланысты:
erezhe 4

ІІ. Ш.Есенов атындағы атаулы шәкіртақы үміткерлеріне қойылатын талаптар


2.1. Байқауға қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері, ҚР азаматы болып табылатын жасы 18-ге толған күндізгі бюджеттік және бюджеттік емес оқу бөлімінің студенттері қатыса алады.


2.2. Шәкіртақы ізденушісі:

  1. бакалавриаттың 2-3 курс студенті,

  2. медициналық жоғары оқу орындағы бакалавриаттың соңғы 2 курс студенттері,

  3. Қазақстан университетінде білім алып, келесі бағыттар бойынша мамандарды даярлау жіктемесіне сәйкес:

- жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика;
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
- инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
- денсаулық сақтау.
Ізденушілер арасынан байқау жеңімпазы ретінде 20 (жиырма) шәкіртақы иегері таңдалып алынады.


2.3. Бакалавриат және магистратура студенттерінің үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» (GPA орташа балы 3,0 төмен емес) болуы шарт. Бағалар транскрипт арқылы расталады.

2.4. Ізденуші жоғарғы оқу орнының ғылыми, қоғамдық өміріне белсенді араласуын құжат түрінде мәлімдеп, растауы қажет.


2.5. Студент білім алатын жоғарғы оқу орнының басшыларының (Ректор, Проректор, Университеттің оқу кеңесінің мүшесі, Институт директоры, Декан, Кафедра меңгерушісі) туысы болған жағдайда байқауға өтінімде осы жөнінде мәлімдеуі қажет.


2.6. Бағдарлама бойынша шәкіртақының тағайындалуы студенттің мемлекеттік, оның ішінде ұлғайтылған шәкіртақы алу құқығын жоймайды.


2.7. Байқау жыл сайын өткізілетіндіктен, бір рет шәкіртақы алған студент бұл байқауға жалпы негізде әрдайым қатыса алады.




ІІІ. Шәкіртақыны тағайындау тәртібі

3.1. Ш.Есенов атындағы шәкіртақы 3.6. тармағына сәйкес байқауға қатысуға өтінім берген 2.2.-тармақта көрсетілген мамандықтар бойынша оқитын байқау жеңімпаздарына, 20 (жиырма) студентке тағайындалады.


3.2. Байқауды өткізу үшін шәкіртақы алушыларды байқаудың екі кезеңінің нәтижесі бойынша сараптайтын Сараптау комиссиясы құрылады.


3.3. Ш.Есенов атындағы шәкіртақыға студенттердің іріктелуі төменде келтірілген екі тур бойынша өтеді. Сараптау комиссиясының шешімі Ш.Есенов атындағы шәкіртақы жеңімпаздарының тізімі ретінде Қордың бұйрығымен бекітіледі және байқау бағдарламасының жеңімпаздарының тізімі қордың yessenovfoundation.org сайтында және Facebook, Instagram әлеуметтік парақшаларында жарияланады.


3.4. Шәкіртақы жылына 1 (бір) рет тағайындалады.


3.5. Ш.Есенов атындағы шәкіртақылық байқауға қатысу үшін ізденуші:







      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет