Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет49/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
«Бүткіл өмірің қара сызық еді сенің, Саймасай», – деді Рысқұл 
маяның тасасындағы Шолақ Шабдарға асыға беттеп бара жатып.
Бесағаштың үстінде қыстың қыраулы күнінде шартылдап 
найзағай ойнады. Үркердей үрпиген аз ауылдың азан-қазаны 
шықты. Қылыш, мылтық асынған сарыала түймелі жандармдар, 
солдаттар қаптады.
Таубай старшын мен өлген болыстың інісі Анарбай, Мақаш 
палуан үшеуі әуелі Рысқұлдың жертөлесінен бастады. Олар 
топырлап кіріп келгенде, сықырлауық есіктің топшысы тағы 
жұлынып түсіп, ішке бұрқ етіп бір будақ бу қоса енді. Не сұмдық 
екенін ажырата алмаған Ізбайша:
– Ойбай, – деп ошақ басынан ұшып тұрған. Төсекте 
қарындасын ойнатып отырған Тұрар жерге жалаң аяқ секіріп 
түскен. Түйметай төсек үстінде шашы сексиіп, қорыққанынан 
шырылдап қоя берген.
– Әне! – Таубай старшын қамшымен Тұрарды кезеп. – Бөрінің 
бөлтірігі, иттің күшігі сол. Ұста, Мақаш. Тарт иттің баласын! 
Далаға шығарып бауыздап жібер! Мына күңді де алып шық!
– Ойбай, не жаздық? – Ізбайша басынан ақ жаулығын жұлып 
алып, шашын жайып жіберіп, отыра қалып жер сабалады. – Не 
жаздық, ойбай құдай! Айтсаңдаршы, елім-ау, жұртым-ау, не 
қылдық қу құдайға?
– Не жаздық? Не қылдық? Мүләйімсуін сайқалдың.
– Қанға – қан, жанға – жан! Тарт!
Старшын қамшымен Ізбайшаны арқасынан осып жібергенде 
бейшара әйел кирелең ете қалды. Мақаш төбедей төніп барып, 
Тұрардың желкесінен бүріп ұстап дырылдатып сыртқа сүйреп 
әкетті.
– Ойбай, мені өлтір, ағатай! Нәрестенің қанын мойныңа 
жүктеме! – деп Ізбайша Мақаштың аяғына орала беріп еді, 
старшын қамшымен тағы тартып жіберді.
Жалаң аяқ, жалаң бас жас баланы дырылдатып сүйреп жүрген 
Мақашты көріп, жанұшырып әуелі Молдабек жетті. Артынша 
Шыныбек келді. Сүрініп-қабынып Ахат алыстан айқайлады. 
Қорған ұста Мақаштың қолына жармасты.


100
Қызыл жебе 
– Баланы қоя бер, мені өлтір! – деп өгей шеше өлермендікпен 
кимелеп Мақаштың аяғын құша тағы жығылды.
– Қанға – қан! Бауыздап жібер жауыздың жалғызын! – деп 
старшын селкілдеді. – Мынаның бәрі Рысқұлдың туысқандары. 
Бәрін ұстап, байлаңдар! Тауып берсін жасырынып жатқан 
жауызды!
Сақал-шашы, жалбыр қасы аппақ қудай Ахат қарт мына 
суықта жолда иығынан шапаны түсіп қалып, жейде-дамбалшаң 
жетіп, Тұрардың үстіне жығылғанда, Мақаш дәу не істерін 
білмей, белдігіндегі қыннан суырған кездікті жалаң ұстаған күйі 
тұрып қалды.
Біраздан бері қазақтардың қырқысын қызықтап тұрған 
приставтың бір таң қалғаны он жасар шамасындағы қаршадай 
баланың қайсарлығы еді. Ажал аранында, арыстанның аузында 
тұрып, бала болып бір қыңқ демеді-ау. Безерген күйі бедірейіп, 
бетінен ет кесіп алса да бүлк етпестей, сазара тістеніп, көзі кірпік 
қақпастан тесірейіп, мына қауқылдасқан, қан тілеп, қарқылдасқан 
қарға-құзғын сияқты үлкендерді иттің етінен бетер жек көретінін 
жасырмай және жанталаспай, соншалықты салмақ сақтап қалған.
Пристав келіп, Таубай старшынға:
– Тоқтат! – деді: – даланың жабайы заңын қой сен. Мұрынбоқ 
баланы өлтіргеннен болыстың құны өтелмейді. Ұлы мәртебелі 
императордың адал қызметшісі, айтулы управитель Саймасай 
Үшкемпіровтың өлімі бір жаман баламен өтеледі деп, сен, 
старшын, марқұм болыстың жарқын рухын қалай қорлайсың! 
Одан да бұл баланы тұтқында ұстаңдар. Егер мұның болысты 
атып өлтірген әкесі үш күннің ішінде өз еркімен келіп қолға 
түспесе, баланы сонда өлтіріңдер. Ал қазір өлтірсең, Рысқұл 
қайтып бұл маңайды көрмей, мүлде қолға түспей кетеді. Бөлтірігі 
ұсталған қасқыр алысқа ұзап қашпайды. Осыған да ми жетпей 
ме? Ал мына, туысқандары түгел тұтқындалсын. Рысқұлдың 
қайда жасырынып жатқанын айтсын. Айтпайды екен, жазасын 
тартсын.
Тұрар енді қорқайын деді. «Көкем болысты өлтірген екен 
ғой», – деген ойдан тұла бойы тітіркеніп, бармақтай басына тау 
құлағандай қалың қайғының сансыз батпан салмағын енді сезді.


101


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет