138
Қызыл жебе
Шынтуайттап
келгенде
Қарақойынға
Жылқайдар
балаларының ортақ болар жөні де, жолы да бар еді.
Бабалары
Әлімбек батыр аз ата Алсай баласын қанаттыға қақтырмай,
тұмсықтыға шоқыттырмай, шонжар
тұқымдармен иық тіресіп
өтті. Мына қазіргі Дауылбай болыстың әкесі Құлжабай датқаның
өзі Әлімбектің айбынынан мысы басылып, жүні жығылып тұрар
еді. Сөйтіп, бұл шұрайлы Қарақойынға Әлімбек және Соқыр
батырлардың арқасында қол жеткен. Әйтпесе, аз ауылдың өмірі
алдына салып айдаған малы жүзге жетпеген, жүзге жетсе күзге
жетпеген. Көбінің-ақ «үрерге иті, сығарға биті» болмаған.
Соқыр – Әлімбек батырдың немере інісі болатын. Шын аты
Керімбек еді. Сонау Меркеде Сыпатай батырдың асын бергенде
қырғыздан келген Теке батырға қарсы сайысқа шығар исі қазақтан
ешкім табылмай иә аруақ, иә құдайлап Керімбек жұлқынып
ортаға шыққан.
– Өлсем – құным сұраусыз! – деп айқай салған дейді.
– О, бұ кім? Бұ қай бала! – дескен ел аталары.
– Бұл - Түлкібастан келген Шымыр-Шілмембет Керімбек! –
дескен жұрт.
Сонда дүйім ел:
– Бәйдібек! Бәйдібек! – деп ұран тастапты.
Бәйдібек баласы болған жер «иә, құдайлап» жүріп Керімбектің
төсін
тоқыммен тартып байлап, қолына найзадай ұзын айыр
бақан берген екен. Айыр жағын оң қолының қарына тіреп алып,
құж-құж құйқалы басын орамалмен шарт түйіп, астына апай төс,
жуан бел қарагер алпауыт ат мініп ортаға ойнақтап шыққанда ар
жағы Арыс, бер жағы Алматы, Албаннан жиылған жұрт тағы да:
– Бәйдібек! Бәйдібек! – деп аспан астын азан-қазан қылған
деседі.
Сайыстың серті жаман. Екеудің біреуі құрбан.
Соған екі
сайыскер де бас тігеді. Теке батыр талай сайыстан ұртын қанға
толтырып, аруағы асып, жеңімпаз атанып жүрген кәнігі сайыскер.
Ортада шомбал қара ат мініп, төбедей болып, асқақтап тұр. Қасы
салбырап көзін жапқан. Тап-тақыр жала басы шошақтау екен.
Керекең құсап орамалмен таңбаған. Төсін тоқым орнына ала қыл