142
Қызыл жебе
өзі әлденеге дүрсілдей бастады. Танауы қусырылып, қараптан-
қарап, қатты-қатты дем алды.
– Кө-ө-ке-е-е! – деп бұ жолы ұзақ айқайлады. Әшейінде әдемі
қоңыр дауысы қазір бұзылып тарғыл-тарғыл барылдаңқырап
шықты. Құлақ тосты. Шілдеқоңыз бір сәтке тына қалып, қайтадан
шырылына басты. Рысқұлдың дауысынан аспандағы асқабақтай
ай селк еткендей болды. Сөйтсе, өз даусынан Рысқұлдың өзі
селк еткен екен. Дәу-Бабаның жыныс тоғайлы түкпірінен байғыз
сұңқылдады. Рысқұлдың тұла бойы мұздап сала берді. Балуан
тұлғасы
қара жерден тұғыр таппай, иесіне де ырық бермей,
безгек тиген кісідей селкілдеңкіреп кетті. Иә ашу қысқанын, иә
қорыққанын өзі де ажырата алмас хал.
Бір сұмдықтың болғаны хақ. Әйтпесе ол кеткелі ет пісірім
мезгіл өтті. Алыстан иттің үргені естілді. Жігіт құлақ салып еді.
Дауылбай ауылы сияқты көрінді.
– Дауылбай! – деді ол дауыстап.
Енді ол арық бойлап, жоғары қарай өзінің тұра жүгіргенін
де сезбей қалды. Түбіртекке сүрініп кетіп, ет
беттеп жығылып
барып, бойын әрең түзеді. Ол өзінің жанұшырып жүгіріп келе
жатқанын сонда білді. Отырып тұрып, енді едәуір көтеріліп,
төбеден төңкеріліп тұрған ай Рысқұлмен қоса жүгіре жөнелгендей
шошаң-шошаң етті. Дәу-Бабаның жотасы бір жоғары, бір төмен
ыршып түсіп, Рысқұлдың көзінің алдындағының бәрі жанталас
қозғалыста еді. Түймебас түйіртпек тікен пісіп, қатайып қалған.
Ащы қызыл тікен балтырын тырналап, қанын ағызды.
Бірақ
Рысқұл мұны сезген жоқ. Ағасының бір бәлеге жолыққаны анық.
Соған жетпей, жан ауруына көңіл бөлер емес. Атадан қалған
үйелмелі-сүйелмелі үшеу еді. Үшеуі бірінің етегінен бірі ұстап,
енді-енді қанаттары қатайып, ел қатарына қосылып жатқанда
бәле-жалаға ұрынбай, тек жүргенге не жетсін?! Бәлеге ұрынайын
деп кім ойлайды дейсің?! Заман соқтықтырады-ау, заман, заман.
Өзің тыныш жүрсең де, өзге келіп тиіседі. Сойылын суға салып
отыратын сотқарлар көп. Шамшыл болмайын десең де шайтан
түртіп,
шалғайдан алып, шатаққа шақырады. Әнеукүні де бір
қасық суға бола Дауылбай ауылымен керілдесіп қалғанда, кедей
Сәліктің бас көтерері осы Рысқұл боп қой қаптағысы қозып,