Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет36/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
сұқ саусақ, ортан саусақ, тіпті кіп-кішкентай шынашаққа дейін 
бүлк етпегенде, аты жоқ саусақтың шыдамы жетпеді.
Ежелден келе жатқан ескі әңгіме. Баяғыда кемпірі бар үйдің 
балаларының бәрі естіген. Есті кемпір – мұғалім, ал бұл әңгімесі 
– әліппе тәрізді.
...Бір күні бас бармақ:
Ұрлық қылайық, – депті.
– Қылсақ – қылайық, – депті сұқ саусақ.
– Құдайды қайтесің? – дейді ортан қол.
– Құдай не қылушы еді? – дейді аты жоқ саусақ.
– Құдайдың ала тайын сойып жейік! – деп шақ етіпті 
шынашақ.
Осы бес саусақтың бір-бір ауыз сөзінде әрқайсысының мінезі 
жатыр. Бәрінің жауабының ішінде аты жоқ саусақтың сөзі жансыз 
және тайғақ.
Кекіліктен айырылып қалған Рысқұлдың есіне Түлкібастың 
түкпірінде бала кезде естіген осы әңгіме түсті де, басын шайқады.
Кекілік шошып кетіп, қанаттары пар ете қалып, келте 
құйрығының астынан бір түйір жылт етіп жерге түсіп, биіктемей 
жер бауырлап ұшып барып, сонада көрінген тарғыл тастың 
тасасына сіңіп кетті.
– Әй, ит-ай, тек те кетпей, саңғып кетті-ау, – деді қашқын 
өлердей өкініп.
Жолы болмады. Өзек талды. Бірақ, кекілік екеш кекілікке дейін 
оңай жан бермесін көріп, содан қуат алғандай, қайраттанып, 
орнынан тұрды. Шыбынсайдың қырқасына шыққанда шығыстан 
Талғар шыңдары жарқ ете қалды. Тапа-тал түс екен.
Көп күн қаталап, құм кешіп жүріп, кенет мөп-мөлдір айдынға 
тап болғандай, яки баяғы батыр бабасы Әлімбек тіріліп алдынан 
шыға келгендей таңырқап біраз тұрды. Ойына былтырғы 
оқымысты оралып, екеуі жүрген мұзарт жолдарын алыстан-
ақ анық көргендей болды. Өйткені Талғардың шыңдарына тіке 
бет алдынан көтерілу мүмкін болмай, осынау батыс-түстігінен 
қиялап, сонау Жаңғырық пен Алпамса шыңдарына көтерілген.
Сонау қара жолақ – Қарақауырсын шыңы. Оның аржағынан 
Инетау қылтияды. Ине десе ине. Шаншылып тұр. Ал Қара 


74
Қызыл жебе 
қауырсынның оң жағын ала қалшиып жалғыз тұрған қара тас – 
Жандарм.
Былтыр мына Жаңғырықты жағалап бара жатқанда Дмитриев 
Рысқұлдан:
– Анау жеке тұрған таудың аты не? – деп сұраған.
Осында неше шың бар – бәрінің атын айтып берген Рысқұл 
қапелімде сасып қалды. Қалшиып тұрған саяқтың атын білмеуші 
еді.
– Кім біледі, жандарм сияқты түсі суық екен, – деген.
Сыпайы оқымысты мына досының тапқырлығына сүйсініп:
– Молодец, Рысқұл! Таптың, таптың! – деген. Дереу дәптеріне 
жазып алған. Содан әлгі саяқтас «Жандарм» аталып кете барған.
– Әттең. Метрейден жауап жоқ, – деп өкінді қазір Рысқұл. 
«Нендей бір қиындық көрсең хат жаз, көмектесем», – деп еді-ау. 
Басыма бір бақыт құсы ілуде бір оралып келсе, қолыма қондыра 
алмаған неткен адаммын. Әлгі кекілік сияқты бір жақсылық 
заманда бір жақындаса өзім үркітіп алатын не бәлем бар?
Қашқын өзегі талып, өндіршегі үзілген соң, төгіліп жатқан 
жабайы алманы теріп жеді.
Әріректегі Солдатсайдың қырқасында жиылған маялар 
жайылып жатқан түйелер сияқты. Болыстың қыруар малы 
қыстай жеп шығатын сол пішенді ала жаздай жалданып, Тау-
Шілмембеттің еркек кіндігі жинаған.
Осыдан әлі жетіп, екі қыр асса, өз ауылының үстінен түседі. 
Асықпай, әл сақтау керек. Күн жарықта бәрібір ауылды маңайлай 
алмайды. Әзірше бұта-бұтаны, жыра-жылғаны тасалап жүре 
береді. Биіктен, аулақтан қарағанда ылдидағы дүние сарыала, 
жасылала жамылып, сәнді көрінеді. Ешқандай қайғы-уайымы 
жоқ, кір-қоқысы, жаман-жәутік үйлері жоқ, құдайдың рахымы, 
шашыраған байы кедейін асыраған, қой үстіне бозторғай 
жұмыртқалаған жерұйық осы екен дерсің.
Табанның астынан, анау сайдың, сонау сайдың қабағынан 
жайылып жатқан отар-отар қой, үйір-үйір жылқы көрінеді. Тас 
қалап, қурай жағып, тасқорыққа сүт пісіріп отырған қойшының 
ошағынан көгілдір шуда түтін көтеріледі. Қойшының тасқорыққа 
пісіріп, қойдың қорғасындай сүтін ішерін ойлап, қашқынның аш 


75


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет