Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет39/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
Қоқан заманнан бергі толып жатқан алым-салықтардың куәлігі 
болып шықты. Сандық түкпірінде шүберекке ораулы түйіншекке 
қолын созды Таубай.
– Тимеңіз, – деген бала дауысы шар ете қалды. Енді байқады, 
әнеукүні болыспен келгенде Саймасайға қолын бермей қойған 
безіреуік бала екен... – Тимеңіз, – дегеніне құлақ аспай, шүберектің 
орауын жазып көрді. Күміс жалатқан, әр жерінің күмісі көшіп 
қара қотыр болған кәдімгі бәкі екен. Бұл да Әлімбек батырдан 
қалған мұра. Әлімбек бұл бәкімен өзінің ұлы Жылқайдардың 
кіндігін кескен; бұл бәкімен Рысқұлдың кіндігі кесілген; бұл 
бәкімен Тұрардың кіндігі кесілген; кіндіктен басқаға жүзі тиіп 
көрмеген.
Шабарман оны қалтасына тыға қояйын деп тұрды да, татымсыз 
нәрсені қойшы дегендей сандыққа қайта тастай салды. Жоқ 
жерден ашу шақырып, баланы құлағынан тартып тұрып:
– Айт, әкең қайда? – деді.
Білмеймін, – деді бала безеріп.
Шабарман оны ыстан қарайып кеткен тіреуге тақап қойып:
– Шыныңды айт! – деп қамшы көтерді.
– Қойыңыз, мырза, баланың жазығы не? – деп Ізбайша 
шырылдады. Есіктің алдында тұрған екі солдат селт еткен жоқ.
Боржық Таубай араша түскен келіншектің өзіне тақалған 
тамағынан жұпар иіс сезгендей, делебесі қозды. Дәл өзіндей 
іркілдек, сары қарын тартқан кексе әйелі көз алдыңа елестеп
онымен салыстырғанда мына тұрған келіншектің перідей 
сұлулығына қызығып, осыны иемденген Рысқұлға бұрынғыдан 
бетер өшіккендей жер кепенің іргелерін тепкілеп көрді.
– Абақтыны тесіп шығып кеткен кәззап, бұл үйден де үңгір 
жол жасап алуы мүмкін ғой, – деді.
Жартылай жертөледе тышқанның інінен басқа тесік жоқ еді. 
Өзінің ерсі әрекетін жуып-шайғысы келген Таубай Ізбайшаға 
тағы тиісіп:
– Есіктен басқа қойныңа келетін жол жоқ екен. Есігің осал, 
оны білдік. Келесі жолы есік тықылдаса – шошыма. «Төбе шашы 
сексиіп, төрге қашар» сен емессің ғой. Кәне, жігіттер, басқа 


80
Қызыл жебе 
үйлерді шолып көрейік, – деді старшын. – Бұл кірме иттердің 
ұңғыл-шұңғылы көп болады.
Шығып бара жатып, Таубай Тұрардың құлағын тағы бір бұрап 
қалды. Бала тістеніп, үн шығарған жоқ. Екі көзі Таубайдың 
өңменінен өте тесірейіп қарады да қалды. Таубай көзіне көз 
тігуге шыдай алмай шыға жөнелді.
Тау-Шілмембет ауылы сол түні асты-үстіне шығып, қиямет 
күйзеліс кешті. Ең сұмдығы сол: шабарман Ахат ақсақалды 
жейде-дамбалшаң жалаң аяқ далаға дірдектетіп сүйреп алып 
шығып, аппақ сақалынан лақ құсатып ұстап тұрып:
– Кәне, қақбас, інің қайда, қаныпезер, қашқын ініңді қайда 
тығып қойдың!? – деп алқымынан алғаны батып кетті.
Шыныбек шыдай алмай:
– Әй, әкеңнің аузын... қоя бер қартты! – деп шабарманның 
қолын қағып жіберді.
Қатын-қалаш, бала-шаға ұлардай шулап, таң қылаң берген, 
табиғаттың толғанып, күнді күтіп тебіренген шағында, жоқ-жұқа 
кедей ауылда дауыл тұрғандай алай-түлей жағдай болды.
– Қап, маңқа ит, сені ме! – болыстың оң қолы боржық Таубай 
Шыныбекті жалаңбастан тартып кеп жібергенде, Қорған ұста 
шыдай алмай, шабарманның қолынан жұлып алып, күмістеген 
тобылғы сабын шырпы сындырғандай қақ бөліп, аулаққа 
лақтырып жіберді. Мынау дүлей күшті көрген Таубайдың сесі 
қайтайын деді.
– Айналайын, ақылың бар азамат едің ғой, неге қинайсың 
жазықсыз жандарды? Рысқұлды біз көрген жоқпыз. Көзіміз 
шықсын, көрсек, – деп тіл қатты Ахат.
– Ол қарақшы патшаның түрмесін тесіп шығып, қашып 
кетіпті. Осы ауылға келмегенде – қайда кетеді? Жер жұтып 
қойды ма? Білесіңдер сендер. Айтқызамын бәрібір. Әлі өздерің 
келіп, аяққа жығылып айтарсыңдар. Өздерің-ақ ұстап бересіңдер. 
Сондай халге жеткізбесем, Таубай атым өшсін, жер басып 
жүрмей-ақ қояйын.
Ахатты айнала Шыныбек, Молдабек, Қорған, Үсіп тұр. Омар 
қосылмады. Омар өз үйінің есігінен баспалап қарайды. Омар 
үрейлі.


81


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет