Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет54/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
– Е, жануар, енді көрісеміз бе, жоқ па – бір Алланың ісі. Бар, 
жануар, бар – деп сауырына жалпақ алақанымен сарт-сарт салып 
қалып, мал қораның маңайынан айдап шығарып, қоя берді.
Аттың осыдан Бесағашқа баратынын білді. Шолақ Шабдардың 
иесіз келгенін көріп, Тұрар шошыр. Ізбайша дауыс қылар, ел 
дүрлігер. Жабыла іздеп жүрген жау да болар...
Шолақ Шабдар бірер басып, басын бұрып, әлдене күткендей 
тұрып қалды. Жылқы хайуанның бұл қылығы Рысқұлдың өзегін 
өртеп жібергендей, жанына қатты батты. Қызыл Жебедей дүлдүл 
тумағанмен, Шолақ Шабдар жүріске шыдамды, күй талғамас, 
жол танығыш, жер танығыш, соған қарамай кеудесін басқаға 
басқызбас тәкаппар, бір батыр екенін Шолақ Шабдар кейбір 
адамдардан артық білгендей еді.
Хайуанның адамға деген адалдығына іші елжіреген Рысқұл:
– Сорлы Шолақ, енді сен кімнің астында кетер екенсің? Сені 
Тау-Шілмембетке бұйыртпас, қорқау иттер, – деді.
– Бар, бара ғой, жануар, ауылға бар, – деді иесі күбірлеп.
Ат басын ықылассыз қайта бұрып алып, құлағын тікшитіп тау 
жаққа қарады. Бірақ жылжымастан, ішін бір тартып тұра берді. 
Жануар иесін күтіп тұрғанын Қара Иван да байқап:
– Жалко, – деді. – Бірақ, амал не, сені жасыруға болар, оны 
қайда тығып қоямын?
Рысқұл қолындағы дойыр қамшының тобылғы сабын саусағы 
ауырғанша қысып ұстап:
– Ақымақ хайуан, енді мен жоқпын саған! Несіне тұрсың? 
Жоғал, айда! – деп ыршып барып, аттың сауырынан осып кеп 
жіберді.
Мұндайды күтпеген Шолақ Шабдар оқыс ырғып, пыр-пыр 
осқырынып, ақ буалдыр арасына кіріп жоқ болды.
Бекер ұрдың, – деді Қара Иван досын күстаналап.
– Көңілі қалсын, әйтпесе осы төңіректен айналшықтап 
шықпай қояды. Енді ауылға тіке тартады. Ізін қазір-ақ басып 
қалады... атасына нәлет. Барсын. Менен гөрі ол да бақытты. 
Ауылға жасырынбай, еркін бара алады. Ал енді қайтеміз, тамыр?
– Үйге жүр дей алмаспын. Үйде бала-шаға біліп қойса, 
баламысың деген біреу-міреуге айтып қояды. Тіпті, Марфа білуге 


110
Қызыл жебе 
тиіс емес. Қатын деген жарықтықты өзің білесің. Мына шөмеле 
шөпке кіріп жатасың. Жылы. Елеусіз. Таңертең малға шөп алған 
болып, жейтін бірдеңе әкеліп берермін. Байқайық, не хабар болар 
екен. Содан арғысын тағы ақылдасармыз. Әбден қалжыраған 
көрінесің. Жат та, ұйықта. Саспа, – Қара Иван шөмеленің іргесін 
кеулеп-кеулеп Рысқұлды кіргізіп жіберді де, кеуектің аузын 
қайта бітеп, шашылған шөп-шаламды жиып-теріп сезіктенер із 
қалдырмай, үйіне оралды.
* * *
Тастай батқан, судай сіңген, сілесі қатқан қалың ұйқыға кеткен 
екен... Бас Қараштың бауырындағы бір мая шөптің түбінде 
жатқан екен. Төбеде жалғыз қыран қалықтап жүрді де қойды. Өзі 
суат жолында арқар аңдып жатырмын-ау дейді. Жалғыз қыран 
қалықтап кетпейді. «Арқарларды үркітпесе, неғылсын» деп 
қояды. Сөйткенше бірінің ізіне бірі түсіп тізіліп, суатқа арқарлар 
келе жатады. Бұл мылтығын алып, оқтала бергенше, әлгі қыран 
аспаннан тастай зымырап құлап, мүйізі шаңырақтай құлжаның 
дәл милығына болат тырнақтарын салып жібереді. Құлжа 
құлайды. Құлжа бірде үйдей үлкен қара бұқаға айналып кетеді. 
Қыран лезде оның көздерін шұқып тастайды. Бірақ бас сүйекке 
кіріп кеткен тырнақтарын қайтып суырып ала алмай, кезқұлаш 
қанаттарын дауыл тұрғандай қатты қағып, көкке ұмтылады. Аяғын 
арқардың басынан ажырата алмай шаңқ-шаңқ етіп, көздерінен от 
шашырайды. Сол оттан Рысқұл жатқан маяға ұшқын түсіп, кенет 
өрт шыққан екен. Рысқұл тұрайын десе тұра алмай, аяқ-қолы 
өзіне бағынбай, жан-жағын от қамалап, жанып бара жатқан екен. 
Бір кезде шырылдаған бала дауысы естіледі. Тұрар екен. Жалаң 
аяқ екен. Көкесіне қолын созып, жалаң аяғымен от кешіп, тұра 
жүгіреді. «Күйесің, Тұрар, қайт кейін!» – дейді Рысқұл. Бірақ үні 
шықпайды. Тұрар жүгірген жердің өрті шегініп, жол ашылғандай 
болады. Тұрар жеткенше Рысқұлдың тұла бойы лапылдап жанып 
бара жатады. Жан дәрменде ышқынып айқайлап жіберіп... оянып 
кетті.
Оянса, қайда жатқанын пайымдай алмай, қолын ербеңдетіп 
еді, шөп екен. Саңлаудан Қара Иван сыбырлап:
– Ойбай, неге айқайлайсың, өшір үніңді! – деді.


111


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет