Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет67/123
Дата28.07.2023
өлшемі1,34 Mb.
#104870
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   123
Байланысты:
1. Қызыл жебе - I кітап Шерхан Мұртаза (8 сынып)

Қызыл жебе
«Мені бұлар қарақшы, адам өлтіруші, қанішер дейді. Тым 
болмаса Тұрар білсін шындықты. Қарақшы кім? Қанішер кім? 
Жер бетінде қарақшы аз ба? Әне соның қайсыбірін Түркістанның 
генерал-губернаторы өзі қадағалап, тергеу барысын дүрбімен 
қарап отыр? Ол – ол ма, Приходько мырзаның бір «көңілі түсіп» 
айтып кеткеніне қарағанда, «Жылқайдаров Рысқұлдың ісі» 
туралы Түркістан генерал-губернаторы сонау Петербургтегі 
патшаның соғыс министріне ақпар айтып, ақылдасуға мәжбүр 
болыпты. Көрдің бе, Тұрар, қай қазақтың ісін патша ағзамның 
министрі тікелей өзі қарап жатып еді? «Барып кел, шауып 
келмен күн кешкен кәдімгі барымташы, қарақшы болса, онымен 
құдіретті өкімет өстіп тәжікелесіп жатар ма?».
Шындықты білетін бір пенденің болғаны жөн. Оны осы 
жалғыз ұлынан басқаға ағынан жарылып, ақтарылып айта алмас.
– Тұр! – деген дауыс оқыс шықты. Бұл дауыс Тұрарды ғана 
емес, ой орманының нуында жүрген өзін де оятып жібергендей 
қатал естілді. Бала көзін уқалады. Бірер рет есінеп алды.
Тыңдап отырмын, әке.
– Бұл былай, – деді Рысқұл сөз бастап.
Таң қараңғысы тас қабырғаларды тарылта түскендей түксиді.
Рысқұлдың ой-қиялы қамаудан шығып, ата-бабалар жерін 
шарлап кетті.
– Тыңда, Тұрар. Мені жұрт Саймасайды өлтірген бұзық 
дейді. Ал Саймасайдан бұрын не болғанын білмейді. Саймасай 
сойқанына не әкеліп соққанын анықтамаса мен көрде де тыныш 
жата алмаспын. Мұның өзі былай болған еді, шырағым...
***
Дәу-Бабаның дөңкиіп жатқан жотасын ай сәулесі шалықтап 
өтті. Оңтүстік-шығыстан, Жабағылы жақтан, сірә, ай туып 
келе жатса керек. Қараңғы түнде түксиіп жатқан таудың түсі 
жылығандай еді. Дүлей түнек ақшыл сәуледен құйрығын қысып 
қашқан қасқыр сияқты. Түнектің түсі суық-ты. Түн жамылған 
Дәу-Баба жарықтық жалғыз-жарым адамға қорқынышты-ақ.
Ара-тұра үкі үһілеп, әлдеқандай белгісіз құс жанұшыра шар-р 
ете қалады. Тау қойнауы түн баласына жұмбақ жұлқысумен, 
белгісіз шу, қырқысумен өтеді. Түн қарақшылары тыныш 


136
Қызыл жебе 
дүниенің шырқын бұзып, өзінен әлсіз жүгірген аң, ұшқан құстың 
сорын қайнатып, жылы-жылы қанын қылғытып, қу тамақтың 
құлдығында жүреді. Ышқынған үкі, жаман жапалақ, қара тілеу 
байғыз мына шөгіп жатқан таудың тоғай-тоғай жынысына толып 
кететін сияқты.
Рысқұл әу баста сұмдық дауыстардан шамалы сескенген. Қанша 
батыр болсаң да түн ішінде, айдалада, жападан-жалғыз тұрғанда 
байғыздың сұңқылынан тұла бойың аза болар. Қас қылғандай 
Бердіқұл да тез орала қоймады. Құлақтағы су өлімсіреп, бір-ақ 
қасық қалып, үзіліп бара жатқан соң ағасы Шәңке-бастаудың 
басына барып қайтпақ болған. Сірә, Дауылбай ауылы суды 
бұрып алса керек. Кеше ғана сол ауылдың ақсақалдарымен 
баталасып, Шәңке-бастаудың суын кезек ішпек болып келісіп 
еді, Сәліктердің ішінде бүгінгі түн су кезегі Жылқайдардың 
балаларына тиген. Ағайынды Бердіқұл мен Рысқұл тары суаруға 
шыққан. Ағайынды үшеудің кенжесі Молдабек кедей ауылдың 
қой-ешкісін күн бойы бағып, діңкелеп келген соң түнгі суға алып 
шығуға ағалары обалсынды.
Рысқұлға салса, тары егіп, торғай қорып жүргісі жоқ. Есіл-
дерті Дәу-Бабаның ар жағында жатқан Иірсуда. Иірсу – Ақсу-
Жабағылының қақпасы. Ол жерді де Дауылбай жайлайды.
Иірсу – шұрат жайлау. Жан-жағы тау. Тауға шығып кетіп, 
тастан-тасқа секіріп кекілік іздегеннің өзі не ғанибет!
Жылқайдар Дауылбайдың жылқысын бағар еді. Егер әкесі 
жылқы бақпаса, Рысқұл атқа мұнша есі кетіп құмар болмас та ма 
еді, түнде түсінен, күндіз ойынан ат кетпейді.
– Сенің түбіңе осы ат жетпесе неғылсын, – деп ренжуші еді 
әкесі кейде. Марқұмның сол айтқаны кейін келгендей де болды...
Еркіне салса, Рысқұл тас басып, тау асып, кең әлемнің аясында, 
Ақсу-Жабағылының саясында, ну орман мен жасыл жайлаудың 
төрінде жүруді армандай аңсайды. Иірсуға кетпекші болып, бір-
екі рет оқталып еді, ағасы Бердіқұл жібермей қойды.
Жылқайдар дүние салмағанда, Рысқұл бүйтіп кетпен арқалап, 
тары қорып, су суарып жүрмес те еді. Басында бостандығың бола 
тұрып, балақ түріп, балшық кешкеннен гөрі, байдың жылқысын 


137


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   123




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет