Қызыл жебе
арқанмен қабат-қабат таңып тастапты. Текенің аруағы асыңқы
еді. Керекең оның қасында көп қораштау көрінеді.
Бірақ аулақтан атойласып, бір-біріне қарсы, бақандарын
ұсына шапқан заматта Керімбек кереметтей өзгеріп кенет
күш алып, сескенбей ұмтылды. Сайыста адамнан да гөрі ат
қатты сасқандай. Алдынан жолбарыс шапшып келе жатқандай
кілт тоқтап, шегіншектеп кетеді екен. Артқы аяқтары бүгіліп,
бөксесімен жерге шоңқая жаздап барып, қайтадан бауыр жазып,
жер бауырлап көсілгенде ат емес, мысық қарғығандай әсер
қалады.
Сол сайыста екі батыр екеуі де бір мезгілде аттарынан ұшып
түскен. Мұндай сайыс, әдетте, сирек кездесетін жәйт екен. Теке
батырдың қара атының басына бақан тиіп құлаған да, Керекеңнің
сол көзі жазым болып ағып түскен. Сол Сыпатайдың асынан
кейін Керекеңнің даңқы ел аузында Соқыр батыр деп таралып
кеткен екен.
Арада жылдар өтіп, енді қырғыздар жағы өзінің атақты
манабы Шабданың асын береді. Шабданың асында Теке батыр
мен Соқыр батыр қайта сайысып, бұл жолы Соқыр Теке батырды
ұшырып түсірген. Теке сол аста жан тәсілім болған. Қаһарынан
қалың ел қалтыраған Құлжабай датқа Қарақойынды аз ғана
Алсай ауылын ала алмаған себебі батыр бабалардың арқасы еді.
Батырлар да дүниеден өтеді. Тіршілікте ешкімнен ықпаған ерлер
өлімнен ғана өкінішпен жеңіледі. Ноқталы бас солай. Соқыр
батыр қайтыс болғанда Құлжабай датқаның жандайшаптары
Қарақойынды алып қоймақ боп ары-бері әрекет жасайды. Сонда
Алсайдың бір ақыны:
Тоспаның қыстау салдым бұлағына,
Жоңышқа, ат семірер, құрағына.
Жығылса құлан барып жол үстіне
Құрбақа қарғып мінер құлағына, –
деген екен дейді.
... Дәу-бабаның күдірейген желке тұсынан алыстағы өрттің
жалынындай боп әлсіз алау көтерілді. Таудың тулап тұрған
тұлпардай мүсіні мүшеленіп айқын көріне берді. Алау жалды
ат енді кісінеп жіберетіндей шапшып тұр. Енді алау тұсынан
140
Қызыл жебе
балқыған алтындай боп толықсып, толқып әсем ай көтерілді.
Әуелгі екпіні аспанға тау тұсынан атып шыққандай еді, енді
баяулап, маң-маң, паң қалыпқа түсті. Жердің жүзі сәуледен
маужырап қалды.
Ай туысымен әлгі бір қою қараңғылықта тау қойнауынан
шыққан ащы дауыстар әлсірей бастады. Түннің қарақшы
құстары ай сәулесінен болса да қаймығып, қалбаңдап ұшқанда өз
көлеңкелерінен өздері сескеніп, тал арасына кіріп кетуге асығулы
еді.
Рысқұл енді байқады. Арық бойымен айдаһар бүктетіліп
жортып келе жатқандай арқырап, алқынып, қақалып-шашалып,
ай сәулесінен жоны жалтылдап су келіп қалған екен.
– «Е, суды Бердіқұл бері бұрып салған екен ғой. Енді өзі де
келе жатқан шығар», – деді Рысқұл жалпақ кетпенмен құлақ-
құлақтың аузын нығарлап тұрып. Арындап келген асау су құрғақ
топырақты құлақты бұзып кете берді. Рысқұл шым ойып салып
әлгі суға әрең ие болып тұр. Бердіқұл тезірек келіп, екеулеп
бумаса, мына тасқын бой берер емес.
Бірақ Бердіқұл келе қоймады.
Рысқұл ағасы кеткен жаққа алаңдап қайта-қайта қарады. Су
болса әл бермей алқындырып ол барады. Ботана тасқын бойыңды
қариды. Балағын түріп алған жігіттің балтырын шыдатпай тау
суы қақсатып ала жөнелді. Су осындай боп тұрғанда екеулеп
салса егінге, тез-ақ жайып алар еді, қайда жүр бұл Бердіқұл?!
Жер жарықтық шөлдеп-ақ қалған екен, су сіңген топырақ
сыбыр-сыбыр еткендей болады. Еміреніп, енесін еміп жатқан
бұзаудай:
– Жеті күн жауған жаңбырдан, желдіріп өткен су жақсы, –
деп еді ағасы. Тары биыл бітік шықты. Қарабұйра Қарақойын
топырағы тұқым сепкеннен бір апта кейін ашаң жасыл бояу
тартты. Қос құлақтанып жер бетіне шыққан жасыл жапыраққа
қарап адамдар:
– Е, құдай, құдіретіңе тәубе? Ырыс бергеніңе, несібе
бергеніңе тәубе! – дескен. Енді, міне, сол тары сабағы жуан,
балағы сабалақ, кере қарыс бас тартты. Толысып келе жатқан
уыз дәнін көтере алмай шашақты бас салбырап төмен иілді. Тары
141
Достарыңызбен бөлісу: |