Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет46/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   125
Қызыл жебе 
Шолақ  Шабдардың  бүйірі  тоқ.  Кермек  исі  аңқыған  көк 
пішеннен жерігендей, көзін жұмып, кекжиіп тұр. Қатқыл тезек 
тастапты.  «Шөлдеген  екен»,  –  деді  Рысқұл.
Шолақты бір қолына жетектеп, бір қолына мылтығын ұстап, 
Рысқұл  қырқаны  қиялап  төмендегі  суға  беттеді.  Тұяқ  астында 
қураған тобылғы сытырлап, қияқ тастар қышырлайды. Түксиген 
төңірек – айнала тау, әр жерден «шиқ-шиқ» деп ұшқан зымыран 
шымшықтан басқа тіршілік жоқтай. Тек төменде сарқырап аққан 
тау  суының  сарыны  ғана  қуатқа  дәт.  Суды  бойлап,  жыландай 
ирелеңдеп, сүрлеу жол жатыр. Рысқұлдың бар үміті осы жолда. 
Аңдыған адамын оған осы жол әкеледі.
Шолақ Шабдар мұзарттан құлап жатқан құрыш судан сілесі 
қатқанша  сіміріп  болған  соң,  Рысқұл  оның  ауыздығын  салып, 
үстіне мінді. Су жағалап, бір бұлымды айналып өтіп, тұйықтау 
тас  қорымға  тартты.  Ондай  жерде  кекілік  жайылатынын 
біледі. Кешегі кекіліктен кегін енді алмаққа бекініп, мылтығын 
бытырамен оқтап,  оңтайланып  келеді.  Ежелгі  аңшының  сергек 
сезімі оны алдаған жоқ, тұйықтың тұсына жете бергенде бір ұя 
кекілік  «пыр»  етіп  бәрі  бірден  жер  бауырлай  көтерілген  кезде, 
Рысқұл  әлгі  топқа  мылтығын  көздемей-ақ  сілтеп  жіберген. 
Мамығы  қобырап,  жып  жылы,  жұп-жұмсақ  болып  жатқан  екі 
кекілікті қу шиенің түбінен тауып алып, қоржынға сала салды 
да,  қайталап  маяға  тартты.
Шолақты  маяның  тасасына,  бір  түп  тобылғыға  байлап, 
ауыздығын алып пішенге қойған соң, Рысқұл шөп-шалам, қурай 
жинап,  от  тұтатып,  кекіліктің  біреуін  қақтады.  Осы  жұмыспен 
жүріп, ұдайы екі көзі төменде, ирелеңдеген жол бойында болды. 
Жарау атты жолаушылар мұның тұсынан бір сәтте сап ете қалуы 
мүмкін.
Кекіліктің жас етін жеп, жан шақырып, қарны тояттаған соң, 
көңіл де көтеріңкі тартты. Маяның жол жақ іргесін үңгіп жіберіп, 
қылау қардың арасынан төменге көз тігіп, шөпке арқасын сүйеп, 
жүресінен отыр.
Оңашада  оны  толқын-толқын  ойлар  қамалады.  «Құдай 
бұйыртса, бұл арқарды да атып алармын, – қолындағы қорғасын 
оқты  салмақтап,  берданканың  патронына  дәрі  салып  отырып. 


93
Қызыл жебе
–Қош,  болыстың  қаны  шашылды  делік.  Сонан  соң  ше?  Сонан 
кейінгі күн не болмақ? Үкіметтің құрығы ұзын. Тау паналап, таста 
түнеп,  қашанғы  күн  көре  аламын?  Тау-Шілмембет  ауылының 
тоз-тозы шығады? Ізбайшаны көкпар қылады... Тұрардың халі не 
болмақ? Осы итті өлтірмей-ақ қойсам ше? Өлтірмей-ақ қойсам... 
Мені бәрібір ұстап береді. Түрмеден қашқан адамды аяу жоқ, не 
Сібірге жібереді, не кардцерде шірітеді. Сонда не ұғым? Күштісі-
ай бұл иттердің. Атасына нәлет!»
Қорғасын оқты мылтықтың көмейіне тығып, затворын жапты 
да,  қаруды  қасына  сұлатып  тастап,  құрғақ  пішеннің  арасынан 
гүлқайырдың  қурап  қалған  ақ  гүлін  алақанына  салып  біраз 
отырды.  Төмендегі  жол  бойын  көзімен  тінткілеп  өтіп,  басын 
көтеріп  жоғары  қарады.  Бұлттан  сәл  айыққан  шоқылар  шексіз 
аспанға  қол  созып,  көк  тәңірге  жалбарынып,  мәнгілікке  қатып 
қалған  ебедейсіз  дәулер  сияқты  көрінді.  Қапшағай  шатқал 
аждаһаның  аранындай  үңірейіп  тұр.  «Атасына  нәлет,  –  деді 
Рысқұл,  –  осыдан  тау  асып,  қырғызға  өтіп  кетсем...».
Сол  отырыста  ол  паналауға  болады-ау  деген  жердің  бәрін 
оймен шолып шықты. Қырғыздың жоғары Таласында құдалары 
бар.  Шілмембет-Сәліктің  бір  қызы  баяғыда  сондағы  қырғызға 
ұзатылған.  Бір  баратын  жер  сол.  Мына  таудың  ар  жағында 
Қаракөл,  Ыстықкөл  жатыр.  Олар  –  Бұғылар.  Мұны  сыйдыра 
алмас.  Мұндағы  қырғыздар  бәрібір  осы  Жетісу  облысына 
қарайды. Патшаның да айласы асқан. Алақандай қырғыздың бір 
пұшпағын  бөліп  алып,  Жетісу  губернаторына  қаратып  қойған. 
Елді  бөліп-бөліп,  қырық  жілік  қылып  ұстаса,  ілік-жілік,  бір-
біріне  айдап  салып  билеп-төстеу  оңай.
«Атасына нәлет!»
Енді  бір  сағалайтын  шама  –  қазақтың  төменгі  Таласы. 
Төменгі Таласта Рысқұлдың нағашысы бар. Ойық елі. Ол Әулие-
ата  оязына  қарайды.  Нағашы  елі  мұны  жамандыққа  қимас.  Ер 
жігіттің үш жұрты бар дейді. Бірі – өз елің. Ол күншіл келеді. 
Екіншісі – қайын жұртың. Ол – сыншыл келеді. Нағыз жанашыр 
нағашы  жұрты  дейді.  Кім  біледі...


94


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет