Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет52/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   125
Қызыл жебе 
кішкентай  қол  шана  істеп  бергені  де  бар.  Сол  шанаға  Оразбақ 
таласатын.  Тұрар  мен  Оразбақ  шанаға  таласып  жатқанда 
Молдабек  өз  баласына  бүйірі  бұрып,  Тұрарды  шет  қақпайлай 
берер еді. Содан да Тұрар Молдабекке аса іші жылымайды. Ал 
Шыныбек жәкесі шақылдаңқырап қалғанмен балажан, базардан 
ылғи тәтті әкеліп, балаларға тең бөліп беретін. Үйден гөрі түзде 
көп  жүретін  Рысқұлды  жоқтатпауға  тырысып,  кейде  басқа 
балалардан  гөрі  Тұрарға  бүйірі  тартыңқырап  тұратын.
–  Кәне, айта ғой, әкең қайда жасырынып жатыр?
Приставтың  үні  жылы.  Тіпті  бір  рет  басынан  да  сипады. 
Баланың  домбығып  кеткен  аяғына  көзі  түсіп,  бір  солдатқа 
айқайлап,  тон  алдырып,  Тұрарды  соған  орап  қойды.
Тұрар есі енді кіргендей, бейбіт күн туып, баяғыша ойнағысы 
келгендей, қаһарлы топтың арасынан өзінің достары Арман мен 
Оразбақты іздеді. Олар көрінбеді. Бала біткен қазір ініне кіріп, 
төсектің астына тығылып, қоянның көжегіндей үрейлері ұшып 
жатқан. Сонда да, баламысың деген, сырттағы сойқанды көргісі 
келіп, тығылып жатып, тысқа бұқпалап қарайды.
–  Қызыл  Жебені  сойғалы  жатыр,  –  дейді  Оразбақ  үні  әрең 
шығып.  –  Жаңа  ана  дәу  пышағын  суырып  алды  ғой.
–  Иә, соймайды, – дейді Арман ақырын. – дәу оны сояйын 
дегенде  анау  бастық  орыс  сойғызбай  қойды  ғой.
–  Менің Қызыл Жебе болмағаным жақсы болды, ә? – дейді 
аңқау  байғұс  Оразбақ.  –  Мен  –  Шолақ  Шабдармын,  ә?  Шолақ 
ІІІабдарды  олар  соймайды,  ә?
–  Ей, қойшы, оттай береді екенсің – деп жақтырмайды Арман 
үлкендерден естіген сөз аузына түсіп.
–  Рас айтам, – деді таңқы Оразбақ. – Қызыл Жебе деген атты 
сойды ма – сойды. Енді мына Қызыл Жебені де сояды. Өзі ғой 
«мен – Қызыл Жебемін, Қызыл Жебемін»  деп мақтана беретін.
–  Ей,  кетші-ей,  содан  дейсің  бе?  Қызыл  Жебенің  көкесі 
болысты  өлтірген.  Білдің  бе?  Соны  да  түсінбейсің  бе?
–  Иә, Қызыл Жебенің көкесі жаман. Соған бола енді біздің 
көкелерімізді  өлтіретін  болды-е-е,  –  деп  Оразбақ  аңырап  қоя 
берді. Әкесінің халін ойлап Арман қосыла жылады. Арман тысқа 
шығайын  деп  еді,  Оразбақ  етегінен  тартып  жібермеді.


105
Қызыл жебе
–  Барма, Қызыл Жебе құсатып бізді де ұстап алады. Сояды, – 
деді Оразбақ дір-дір етіп.
Аспанда бұлт сейіліп, күннің көзі көрінді. Кеше жауған қар 
жіпсіп ери бастады. Алтыбақанның белағашында қалған қардың 
тамшысы  аяқтарынан  асулы  тұрған  тұтқындардың  қанталап 
ісінген  беттеріне  тырс-тырс  тама  бастады.
Аппақ  қудай  басы  қалтаңдап,  Үсіп  бір-бір  басып  барып, 
приставқа  дірілдеген  қолын  жайып:
–  Төре, садағаң болайын төре! Ана сорлылардың өті аузына 
құйылып  кететін  болды.  Босатсаңшы,  екі  дүниеде  жамандық 
көрмегір!  –  деп  жалынды.
–  Әй, қалтырауық ит, көрмеймісің, төре баладан жауап алып 
тұр  ғой.  Кет  былай!  –  деп  Таубай  старшын  Үсіпті  кеудесінен 
итеріп-итеріп  жіберді.
Пристав  Үсіпке  көкала  шапыраш  көзімен  ызғарлана  бір 
қарады да, байғұстың басының дамылсыз қалтаңдағанын көріп 
мырс  етті.
Талғар  таудың,  қар  басқан  басы  жарқырап,  асыл  ақықпен 
күптеп  тастағандай  сәулеттене  түсіпті.  Сайдың  қабағындағы 
ағаштардың бұтағынан жалп-жалп етіп, үлпілдек мақта ұшқандай, 
жерге қар түсіп жатыр. Бұл кеш келген қыстың алғашқы қары еді. 
Болыстың басын жалмай келді. Мына панасыз ауылға суығымен 
бірге  сұмдығын  ала  келді.  Артынша  күн  ашылып  кетіп,  еріп 
жатқаны мынау. Ақторғын жамылып, сызылып тұрған ағаштар 
қайтадан  қарайып,  сидиған  қолдарын  аспанға  қайта  созып, 
құдайдан  жақсылық  тілегендей  үнсіз,  телміріп  тұр.  Бастарына 
қара  шапан  жамылып,  беттерінен  қан  аралас  жас  сорғалаған 
қатындар да қазір жапырақсыз сидиған сиықсыз ағаштар тәрізді; 
отын орып, тезек теріп күстенген өмірі әтір, сабын көрмеген, өмірі 
таза сақина салынбаған саусақтарын көкке жайып, тәңірден, бір 
ғана тәңірден медет тілеп, мына өз жерінен мекен таппаған, қайда 
барса да, қуғын көрген, әлденендей қарғысқа ұшыраған ауылға 
келін  болып  түскендеріне,  талайсыз  тағдырына  налығандай, 
құйқаңды  шымырлатып,  толассыз  боздады.
Тонға  ораған  соң  баланың  бойы  жылынайын  деді.  Өзін 
ажалдан  алып  қалған,  қала  берді  тон  беріп  бойын  жылытқан 


106


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет