Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет60/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   125
Қызыл жебе 
Анарбайдың  тойына  жиылғандай  сайқал  сезім  бойын  билеп, 
ойын  тұмандатып,  Анарбай  әрекідік  көңілденіп  кеткенін  де 
байқамай  қалады.
Тұқымбайдың  тұрқы  басқа.  Өткен  сайлауда  Саймасаймен 
алысқан.  Сайлаудан  кейін  де  жасырын  болсын,  ашық  болсын 
талай сайысқан. Ақыр соңы Қызыл Жебенің дауына барып соққан. 
Қызыл  Жебенің  жоғалуы  оған  әлі  жұмбақ.  Мына  жайсаңдар 
мен  қасқалар  қазір  бәрі  қабырғасы  күйрегендай  қайғырып 
отыр.  Бірақ,  бұлардың  арасынан  Саймасайдың    қастары  да, 
Тұқымбайдың  достары  да  табылады.  Ояздың  осал  жерін  дөп 
басатын  достарынан  дәмелі.  «Тірімізде  жүз  шайысқанмен, 
өлімнің  жөні  бір  басқа»,  –  деп  бетпақтықпен,  ар  алдында  өзін 
таза  тұтып,  қазір  Тұқаң  тұғырлы  отыр.
Азалы жиында осындай көзге көрінбес әзәзілдер арбасуы бар 
еді-ау...
Үлкен үйге самаурын соңынан самаурын сүңгіп жатты. Далада 
қазылған жерошақтардан жас еттің буы бұрқырап, исі мұрынды 
қытықтады.  Өлі  әруаққа  бәрінен  қорлығы  оның  Бибісара 
бәйбішеден  туған  жалғызы  Қалдыбектің  қайғысыз  қалпы  еді. 
Ауыс  неме  «әкем  өлді-ау»  деген  қаперінде  жоқ.  Екі  санын 
шапаттап, жерошақтардың арасында арсалаңдап жүр. Ауылдың 
балаларына  айқайлап:
–  Иә,  сендер  не  білесіңдер?  Қызыл  Жебені  әкеліп  қамап 
қойды.  Әне,  анау  үйде.  Өй,  Қызыл  Жебені  білмейсіңдер  ме? 
Менің Жәкемді атқан Рысқұлдың баласы ше? Соның аты Қызыл 
Жебе.  Жоқ,  бәйгеге  шабатын  ат  емес.  Кәдімгі  бала.  Бәйгеге 
шабатын Қызыл Жебе құсатып бұл баланы да сояды. Иә, көресің. 
Осыдан айтпады ма? Әне, Мақаш қарауылдап жүр ғой. Қасына 
жолатпайды,  –  деп  сампылдады.
Киіз үйдегілер дәлдірлеу айтылған бұл сөздерді түгел естіді. 
Тұқымбай  бес  биенің  сабасындай  іркілдек  тұлғасын  кенет  тік 
көтеріп,  есік  жаққа  бүкіл  денесімен  төңкеріле  бұрылып:
–  Ой, мына бәтшағар не шатып тұр? Шақыршы бері! – деп 
баж  ете  қалды.


121
Қызыл жебе
–  Ақылы ауыс неме, жәй сандырақтап жүр да, – деп Анарбай 
жуып-шайған  болды,  бірақ  өңі  бөздей  бозарып,  іріп-шіріп 
түсердей  жансызданып  бара  жатты.
Болыстар  іштерінен:  «Апырмай-ай,  сұмдық  екен,  рас  болса, 
Саймасайды  зауал  ұрған  екен»,  –  десіп,  іштерін  жиып  қалды. 
Бірақ  өлім  үстінде  құйын  шалықтап,  ұшқыннан  өрт  шығарып 
жібермеудің амалымен ояз тез әңгіме бастап кетті. Империяның 
қазіргі ауыр халін, жапон соғысының пайда болғанын, управитель 
мырзалар сондайларға сақ болуын ескертті.
Ояз  сөйлеп  отырғанда,  Тұқымбай  сыртқа  құлақ  түрумен 
болды. Ол енді Қызыл Жебенің жамандыққа ұшырағанына көзі 
жеткендей, бірақ өлген аттың өлігінің өзін дәл қазір пайдаланып 
қалудың реті келіп тұрған сияқты. Саймасай әулетінің сойқанынан 
сора  ағызып,  болыстық  тізгінін  қолдарынан  жұлып  алу.  Бірақ 
Қалдыбектің  үні  өшіп  қалды.  Бірер  рет  тұншыға  бақырғаны 
байқалғандай  болды.
Қалдыбекті  Мақаш  желкесінен  бүріп,  аузын  басып,  әкетіп 
қалып  еді.
–  Әттеген-ай,  әлгі  бала  не  деп  кетті,  а?  –  деп  Тұқымбай 
жақсылардың  назарын  қытығы  қатты  әңгімеге  тағы  тартты.
–  Сұмдық қой мынау!
–  Оу,  Тұқа,  сабыр  етіңіз.  Ұлықтың  сөзін  бөлмеңіз,  қайдағы 
бала-шағаның сандырағын қайтесіз, – деп қалды Шамалғанның 
болысы  Дат  мырза.
Даттың оязға ықпалы зор екенін білетін Тұқымбай құнжыңдап, 
тынжысы бар адамдай, қозғалақтап қойып, үні семді.
Бір  қайғыға  тағы  бір  қайғы  –  ар  қайғысы,  адамгершілік 
қайғысы жамалғандай батагөй қауым қалжырап, қаусап қалған 
сияқты.
Сөйтіп, сары су тамған сүттей сөз іріп, араға азынауық күдік 
кіріп, береке кетіп отырғанда, үйге үсті-басы мұздай форма киген 
әскери адам кіріп келді. Үйдің іші үрпиісіп қалды.
–  Жоғары мәртебелі мырза, – деді ол қалт тұрып, қалшылдай 
сөйлеп тек оязға қарап. Басқаларды көзіне де ілген жоқ. – Вице-
губернатор  Осташкин  мырза  қол  қойған  жедел  депешаны 
тапсыруға  рұқсат  етіңіз.


122


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет