Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет62/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   125
Қызыл жебе 
Тұрған  топты  киіп-жарып,  быртық  Тұқымбай  Тұрардың 
жанына  барды.  Баланың  бетіне  ежірейе  қарап  қалып:
–  Сені неге балалар Қызыл Жебе дейді а? Айтшы, – деді.
Бала кілең оқа-зерлі киім киген үлкендердің ортасында жүдеу 
киінген  жалғыз  өзі  екенін  көріп,  қорланғандай  болды.  Бірақ 
осыншама ығай мен сығайлардың назары өзіне ауып тұрғанын 
аңдап, бойын жиып алды. Тас түйіліп тұрып, Тұқымбайдың ірің 
жиектеген  жанарсыз  көзіне  бұқпай  қарап:
–  Қызыл Жебе жүйрік. Мен де жүйрік болғым келеді, – деді.
–  Қарай гөр көктүйнекті!
–  Айылын жимай тұруын күшіктің!
–  Болар  бала  боғынан  деген.  Мынау  болатын  бала  ғой,  – 
үлкендер  бастарын  шайқап-шайқап  қойды.
–  Сен Қызыл Жебені көріп пе едің өзің? – деп төнді Тұқымбай 
баланың үстіне.
–  Жазда  Қаракемерде  ас  болғанда  көргенмін.  Көкем  Қызыл 
Жебеге  мініп  көкпар  салған.
Тұқымбайдың  ұмытшақ  есіне  енді  бәрі  түсті.  Сол  жолы 
Рысқұл Саймасайдың сағын сындырған. Мына тұрған Мақаштан 
көкпарды жұлып алып, Тұқымбайдың көмбесіне салым салған. 
Содан  шығар,  Тұқымбай  мына  түрмеге  кетіп  бара  жатқан 
қаршадай  балаға  кенет  рақымы  түсіп,  басынан  сипады.  Әлде 
әкесінің Саймасайды өлтіргеніне ризалығын жасыра алмады ма.
–  Алда байғұс-ай, – деп аяған болды.
«Адуын  шал  алжыған  шығар»,  –  деп  басқалар  бұл  әрекетін 
құптамады. Бірақ қанша қаратас жандар болса да, Тұқымбайға 
дауыстап реніш айта алған жоқ. Тек ояз ғана:
–  Пристав, баланы атқа мінгіз! – деп бұйрық берді.
Ояз өз нөкерлерімен атқа қонған соң, болыстар да қонақасыға 
қарамай, шартарапқа тарай бастады. Тарқар алдында оязға арыз 
жазып та үлгірді.
«Рысқұл  Жылқайдаров  тек  бір  болысқа  ғана  қарсы  шығып 
қойған  жоқ.  Ол  сонымен  бірге  ақ  патшаның  заңына,  әскери 
губернатордың  және  Сіздің  жарлықтарыңызға  қарсы  шықты. 
Сондықтан  оны  әскери  сотқа  беруді  талап  етеміз.  Егер  біздің 
осы  өтінішіміз  ескерілмесе,  онда  біз  өзімізге  сеніп  тапсырған 


125
Қызыл жебе
қызметімізді қауіпсіз атқара алмаймыз. Егер Рысқұл Жылқайдаров 
әскери сотқа берілсе, онда бұл халық үшін үлгі және басы бұзық 
адамдарды ауыздықтау болар еді. 1-қаңтар 1905 жыл», – дей келе 
барлық  әкімдер  қолдарын  қойып,  мөрлерін  басты.  Ең  бірінші 
болып Шамалған болысы Дат арапшалап қол қойды. Содан кейін 
Жайылма,  Кіші  Алматы  болысы,  Мойынқұм  болысы,  Қарасу 
болысы,  Түрген  болысы,  Іле  болысы,  Түстік  Балқаш,  Тауқұм 
Балқаш, Ұзынағаш, Құрам, Батыс Қастек, Тау-Жалайыр, Арасан, 
не керек, қырық бір управитель тізілді.
Қызды-қыздымен  Тұқымбай  да  бармағын  басып  қалды. 
Рысқұлда кегі кеткендіктен емес, болыстардың тізімінде жүргенді 
үлкен ырым етіп, ішінен: «Е, әруақ, қолда, қолда, қолда!» – деп 
үш  қайталады.
V
Қырық  бір  болыс  қол  қойған  арызбен  Верный  уезінің 
начальнигі Георгий Александрович Сорокин әскери губернатор 
фон  Таубенің  қабылдауына  келген.  «Рысқұл  ісі»  деп  аталатын 
жағдай  фон  Таубеге  жете  таныс.  Вице-губернатор  Осташкин 
мырза егжей-тегжейлі түсіндірген. Қазір уезд начальнигінің атына 
жазылған арыз алдына келгенде, «Рысқұл ісінің» өзі ойлағаннан 
әлдеқайда күрделірек екенін сезді. «Менен гөрі надан болыстар 
көреген  болмаса  нетті.  Шынында,  Рысқұл  жалғыз  Саймасайға 
ғана оқ атқан жоқ қой».
Губернатор фон Таубе бұл ойын оязға сездірмеуге тырысты:
–  Әрине,  управительдердің  қаупі  орынды.  Мен  де  солай 
ойлаймын, Георгий Александрович. Рысқұл қатаң жазаланбаса, 
басқа бұзықтар да бас көтеруі әбден мүмкін ғой. Ішкі Ресейдегі 
жағдай  анау.  Кешегі  «Қанды  жексенбіден»  кейін  бүлік  өршіп 
барады. Сол бүлік біздің аймағымыздан да шығып кетпеуіне кім 
кепіл. Алдын алу керек. Мына управительдер ақылсыз адамдар 
емес.  Олардың  адал  қызметшілер  екенін  осыдан-ақ  аңғаруға 
болады.  Бірақ...  Георгий  Александрович,  әскери  сот  Жетісу 
губерниясына таралмаған ғой. Мұны сіз білесіз. Сондықтан бұл 
мәселені шешу сіздің де, менің де қолымнан келмейді. Әскери 
сотпен  соттау  үшін  тек  Түркістан  генерал-губернаторының 


126


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет