Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет67/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   125
Қызыл жебе 
каторга бола ма,  көп кешікпес деп еді. Бірақ жарым жылдан асты, 
іс әлі шешілмей жатыр. Екі иығына екі кісі мінгендей шомбал, 
қолдан құйғандай шымыр, өте қарулы еді, абақты сорып тастады. 
Қызыл-күрең  жүзі  басындағы  тозған  ақ  қалпақтың  түсіндей 
күннен-күнге қуарып барады.
Ақ қалпақ демекші, оның жаны сірі екен. Қанша жыл болған, 
құдай-ау, туған жері Түлкібастан кетер жылы Қатшагүл жеңгесі 
тігіп  беріп  еді.  Топырағың  торқа  болғыр,  сол  Қатшагүлдің  де 
сүйегі  әлдеқашан  қурап  қалды.  Рысқұл  енді  ойлап  тұрса,  тұла 
бойында  туған  жерден  қалған  жалғыз  белгі  осы  тозған  қалпақ 
екен.  Басқа  ештеңе  сақталмаған.  Еш  белгі  жоқ.  Бәрі  тозған, 
бәрінің  күні  озған.  Енді,  міне,  басынан  бұлт  арылмай  ауырдан 
да  ауыр  күндер  туды.  Ноқта  сыймас  қайран  бастың  енді  қай 
шұңқырда қаларын, ақ қалпақтың қайда шірірін бір құдайдың өзі 
біледі.
Сірә, әкімдер оны осы тас камераның ішінде шірітер. Сотты 
тым созуларына қарағанда, бәрі ықтимал.
–  Тұра ғой, Тұрар. Мен саған жағдаятты түгел айтып берейін 
де. Мына жендеттер мені бір жайлы қылатын уақыт келіп қалды-
ау деймін. Сен бәрін естіп алғаның жөн.
Кірі  ашылмаған  бөздей  болып  аспанның  сәл-пәл  ағара 
бастағаны байқалды. Енді сәлден кейін надзиратель келіп, темір 
есікті  теуіп  ашып,  Тұрарды  алып  кетеді.  Қаршадай  бала  таң 
қараңғысынан қора сыпырады. Одан кейін күймеге ат жегіп, түрме 
бастық  Приходько  мырзаның  балаларын  гимназияға  апарып 
салады. Одан оралған соң Приходько мырзаның отынын жарып, 
күлін  шығарады.  Күні  бойы  тынымсыз  жұмыстан  қалжырап, 
камераға қайтып келгенде, әкесінің әңгімесін тыңдауға шамасы 
келмей  құлайды.
–  «Ұйқысын қимай аяғанмен, құдай аямаса, адамдар аямаса, 
бәрібір қор болмай ма?! Одан да бұған мен істің мән-жайын, түп 
төркінін түгел айтып қалуым керек қой. Бәлкім, ертең кеш болуы. 
Менің хикаямды әйтеуір, бір адам білуге тиіс қой. Кейінгілер бұл 
шытырман-шырғалаң істі соттың қағазынан емес, өз баламның 
аузынан білуі абзал шығар.


135
Қызыл жебе
«Мені  бұлар  қарақшы,  адам  өлтіруші,  қанішер  дейді.  Тым 
болмаса  Тұрар  білсін  шындықты.  Қарақшы  кім?  Қанішер  кім? 
Жер бетінде қарақшы аз ба? Әне соның қайсыбірін Түркістанның 
генерал-губернаторы  өзі  қадағалап,  тергеу  барысын  дүрбімен 
қарап отыр? Ол – ол ма, Приходько мырзаның бір «көңілі түсіп» 
айтып  кеткеніне  қарағанда,  «Жылқайдаров  Рысқұлдың  ісі» 
туралы  Түркістан  генерал-губернаторы  сонау  Петербургтегі 
патшаның  соғыс  министріне  ақпар  айтып,  ақылдасуға  мәжбүр 
болыпты. Көрдің бе, Тұрар, қай қазақтың ісін патша ағзамның 
министрі  тікелей  өзі  қарап  жатып  еді?  «Барып  кел,  шауып 
келмен күн кешкен кәдімгі барымташы, қарақшы болса, онымен 
құдіретті  өкімет  өстіп  тәжікелесіп  жатар  ма?».
Шындықты  білетін  бір  пенденің  болғаны  жөн.  Оны  осы 
жалғыз ұлынан басқаға ағынан жарылып, ақтарылып айта алмас.
–  Тұр! – деген дауыс оқыс шықты. Бұл дауыс Тұрарды ғана 
емес, ой орманының нуында жүрген өзін де оятып жібергендей 
қатал естілді. Бала көзін уқалады. Бірер рет есінеп алды.
–  Тыңдап отырмын, әке.
–  Бұл былай, – деді Рысқұл сөз бастап.
Таң қараңғысы тас қабырғаларды тарылта түскендей түксиді.
Рысқұлдың  ой-қиялы  қамаудан  шығып,  ата-бабалар  жерін 
шарлап  кетті.
–  Тыңда,  Тұрар.  Мені  жұрт  Саймасайды  өлтірген  бұзық 
дейді. Ал Саймасайдан бұрын не болғанын білмейді. Саймасай 
сойқанына не әкеліп соққанын анықтамаса мен көрде де тыныш 
жата  алмаспын.  Мұның  өзі  былай  болған  еді,  шырағым...
***
Дәу-Бабаның  дөңкиіп  жатқан  жотасын  ай  сәулесі  шалықтап 
өтті.  Оңтүстік-шығыстан,  Жабағылы  жақтан,  сірә,  ай  туып 
келе  жатса  керек.  Қараңғы  түнде  түксиіп  жатқан  таудың  түсі 
жылығандай еді. Дүлей түнек ақшыл сәуледен құйрығын қысып 
қашқан  қасқыр  сияқты.  Түнектің  түсі  суық-ты.  Түн  жамылған 
Дәу-Баба  жарықтық  жалғыз-жарым  адамға  қорқынышты-ақ.
Ара-тұра үкі үһілеп, әлдеқандай белгісіз құс жанұшыра шар-р 
ете  қалады.  Тау  қойнауы  түн  баласына  жұмбақ  жұлқысумен, 
белгісіз  шу,  қырқысумен  өтеді.  Түн  қарақшылары  тыныш 


136


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет