Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет70/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
балқыған  алтындай  боп  толықсып,  толқып  әсем  ай  көтерілді. 
Әуелгі  екпіні  аспанға  тау  тұсынан  атып  шыққандай  еді,  енді 
баяулап,  маң-маң,  паң  қалыпқа  түсті.  Жердің  жүзі  сәуледен 
маужырап  қалды.
Ай  туысымен  әлгі  бір  қою  қараңғылықта  тау  қойнауынан 
шыққан  ащы  дауыстар  әлсірей  бастады.  Түннің  қарақшы 
құстары ай сәулесінен болса да қаймығып, қалбаңдап ұшқанда өз 
көлеңкелерінен өздері сескеніп, тал арасына кіріп кетуге асығулы 
еді.
Рысқұл  енді  байқады.  Арық  бойымен  айдаһар  бүктетіліп 
жортып келе жатқандай арқырап, алқынып, қақалып-шашалып, 
ай  сәулесінен  жоны  жалтылдап  су  келіп  қалған  екен.
–  «Е, суды Бердіқұл бері бұрып салған екен ғой. Енді өзі де 
келе  жатқан  шығар»,  –  деді  Рысқұл  жалпақ  кетпенмен  құлақ-
құлақтың аузын нығарлап тұрып. Арындап келген асау су құрғақ 
топырақты құлақты бұзып кете берді. Рысқұл шым ойып салып 
әлгі  суға  әрең  ие  болып  тұр.  Бердіқұл  тезірек  келіп,  екеулеп 
бумаса,  мына  тасқын  бой  берер  емес.
Бірақ Бердіқұл келе қоймады.
Рысқұл ағасы кеткен жаққа алаңдап қайта-қайта қарады. Су 
болса әл бермей алқындырып ол барады. Ботана тасқын бойыңды 
қариды.  Балағын  түріп  алған  жігіттің  балтырын  шыдатпай  тау 
суы  қақсатып  ала  жөнелді.  Су  осындай  боп  тұрғанда  екеулеп 
салса егінге, тез-ақ жайып алар еді, қайда жүр бұл Бердіқұл?!
Жер  жарықтық  шөлдеп-ақ  қалған  екен,  су  сіңген  топырақ 
сыбыр-сыбыр  еткендей  болады.  Еміреніп,  енесін  еміп  жатқан 
бұзаудай:
–  Жеті  күн  жауған  жаңбырдан,  желдіріп  өткен  су  жақсы,  – 
деп  еді  ағасы.  Тары  биыл  бітік  шықты.  Қарабұйра  Қарақойын 
топырағы  тұқым  сепкеннен  бір  апта  кейін  ашаң  жасыл  бояу 
тартты. Қос құлақтанып жер бетіне шыққан жасыл жапыраққа 
қарап  адамдар:
–  Е,  құдай,  құдіретіңе  тәубе?  Ырыс  бергеніңе,  несібе 
бергеніңе  тәубе!  –  дескен.  Енді,  міне,  сол  тары  сабағы  жуан, 
балағы  сабалақ,  кере  қарыс  бас  тартты.  Толысып  келе  жатқан 
уыз дәнін көтере алмай шашақты бас салбырап төмен иілді. Тары 


141
Қызыл жебе
қызыл тұмсық шығарып қалды. Амандық болса, осы судан кейін 
ораққа да ілінеді. Қырман толып, қап толып, қамба толып, қарық 
болар ма екенбіз деп ағайынды жәдігерлер жандарын шүберекке 
түйіп,  суға  таласып  жүріп,  бүгін  қолдары  жеткен...
Рысқұл суды шелдеп дөңдеу жерлерге шығарып, мөлтектің аяқ 
жағына барып қалып, Бердіқұл көрінбес пе екен деп тау жаққа 
тағы қарады. Анадайда екі қолы ербиіп екі жаққа кеткен қарауыл 
шошала ғана қарауытты: шымшық қорқып, тарыға тимесін деп 
қағып қойған қарауыл түнде түсі суық.
Тары  қоритын  уақыт  болып  қалып  еді.  Құс  баласы  тіршілік 
қамына  ерте  кіріседі.  Ал  жау  шымшық  оны  қарақшылықтан 
бастайды.  Құлқын  сәріден  жау  шымшық  топ-тобымен  ұшып, 
қызыл  тұмсықтанып  қалған  егіске  бүйідей  тиеді.  Дәнін  торғай 
шоқып қойған масақ қауызы топан болып, аспанға қарап қаңқайып 
қалады.  Бала-шаға,  кемпір-шал  темір-терсек,  қаңылтыр  түңке 
қаңғырлатып,  айқайлап,  қиқулап,  шымшықты  шошытып-ақ 
жүргені. Әсіресе балалар сақпан тартып, тары құмар жау құсты 
түкпір-түкпірден  қуып  шығады.
Енді осыдан көп кешікпей қырғи келеді. Әне, егінші байғұстың 
досы  сол!  Қырғи  келді  –  болды,  тары  пice  берсін,  торғай  жеп 
қояды деп қорықпай-ақ қой.
Рысқұл енді байқады, әлгі әл бермей қойған асау су қайтадан 
азайып қалып, аяғы мүлде үзіліп бара жатыр екен. Судың соңы 
бір мезгілден кейін ініне кіріп кеткен жыланның құйрығындай 
сумаң  ете  қалды.  Тіпті  сызаттап  та  ақпады.  Рысқұл  ағасының 
артынан бармақ болып кетпенін иығына салып бір тұрды. Онан 
соң: – Егер әлгіндей су қаптап келіп қалса, құлақ иесіз қалғаны 
қалай болады? – деп тоқталды.
–  Көке! Ay, көке! – деп дауыстап көрді.
Тырс  еткен  дыбыс  болмады.  Тек  шілдеқоңыз  шырылдайды. 
Әлденеден  адасып  қалып  зар  ұрып,  жоқ  іздеп  жүрген  сияқты, 
аянышты  әлсіз  дауыс  әр  жерден  бір  шығады.  Дүниеде 
шілдеқоңыздың  шырылындай  сағынышты  үн  жоқ  шығар.
–  Көке! Ау, көке! – деп Рысқұл бұ жолы айқай салды. Айқайы 
үнсіз  мүлгіме  далаға  сіңіп  жоқ  болды.  Жігіттің  жүрегі  өзімен-


142


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет