Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет72/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
Аламан-тасыр  ашумен  келген  бойда  тоғанды  тас-талқанын 
шығарып  бұзып,  суды  жығып  алмақшы  болды.  Бірақ  түн 
жамылып ұрлық қылған кісі құсамай бұл иттерге мен көрсетіп 
тұрып  істейін  істейтінімді  деген  оймен:
–  Қайсың бар-ай! Суды байлаған қайсың? Шық бері! – деп 
айқай  салды.
Өз дауысының жаңғырығы басылып болған соң тұра қалып, 
төңірекке  құлақ  тосты.  Әуелі  өзі  жүрегінің  шапқан  аттай 
тарсылын  есітті.  Сылдырап,  құлақ-құлаққа  түсіп,  топыраққа 
сіңіп жатқан су сыбдырын есітті. Дәу-Бабаның арғы қойнауынан 
құлама  судың  сарқырамасын  есітті.  Тағы  да  байғыз  сұңқ  ете 
қалды.  Содан  кейін  барып  дәл  табан  астынан,  қара  жердің 
қойнынан  ыңырсыған  адам  дауысы  естілгендей  болды.  Әлде 
адам емес, қара жердің өзі ыңырсып жатқандай да еді-ау. Кейде 
ойлап  тұрсаңыз,  жердің  де  жаны  бар  сияқты.
Болар-болмас  ыңырсыған,  өлімші  дауыс  тағы  шықты. 
Қарсы  алдындағы  қарат  отаннан  шыққандай  болды.  Жүгіріп 
барып,  еңкейіп  қарап  еді,  жүрегі  тас  төбесінен  шыға  жаздады, 
шымдардың арасынан адамның басы шығып жатыр екен. Рысқұл 
ә дегенде шалқасынан түсе жаздап, үрейі ұшып кетті де, өзін-өзі 
билеп,  жүрегі  дауалап,  әлгі  басқа  қайта  үңілді.
–  О, соры қайнап, сорпасы төгілген бейшара Бердіқұл!
–  Өлтірді ғой мені мына иттер, – деп сыбырлады Бердіқұл.
Рысқұл жан дәрменде қос қолымен шымды қопарып, кісінің 
белінен келетін биік тоғанды әрең бұзып, астынан ағасын суырып 
алды. Ағасы қатты ыңырсып, қозғалуға шамасы келмеді. Рысқұл 
оны  арықтың  жағасына  жатқызып  салып,  үсті-басын  сипалап 
көріп  жатыр.  Тоғаны  бұзылған  таудың  суы  шымдарды  сеңдей 
қақпақылдап, Сәліктер жаққа қан аралас ойқастап ала жөнелген.
Рысқұл ағасының аузы-басын қарауыта тұтып қалған иә қан 
екенін, иә балшық екенін ажырата алмай, жеңімен әрі-бері сүрте 
берді.
–  Құдай-ау,  кім  сені  мұндай  халге  ұшыратқан?  Кім,  ойбай, 
қолында  өлейін,  әуелі  жамбасыма  ала  жығылайын.  Кім, 
айтсаңшы?


145
Қызыл жебе
–  Қа-быр-ғам!  –  деді  Бердіқұл  үні  шығар-шықпас.  Інісі 
ағасының  шылқылдаған  көне  бешпетін  абайлап  шешіп,  су-су 
көйлегін  түре  беріп  еді,  Бердіқұлдың  дауысы  шар  ете  қалды. 
Қанша жаны ауырса да ыңқ демейтін адам, мына соққыға шыдай 
алмады.
–  Өлтірді  ғой  мені  иттер,  –  деді  қайтадан  үні  сөніп  бара 
жатып. – Дауылбай күміс ер-тоқымның өшін алды ғой, ақыры.
Рысқұлдың көзінің алды қарауытып сала берді. Сәлден кейін 
барып,  көзінен  қызыл-сары  шеңберлер  шашырағандай  болды. 
Жылар  еді,  көзінен  жас  шықпады.  Тек,  өзегі  өртеніп,  көкірегі 
аяққаптай  ісіне  өрекпіп,  өзін  әлдеқандай  зұлмат  қуат  жерден 
аспанға  көтеріп  алып  ұшардай  қомдана  бергенін  байқамай 
барады. Дауылбай бастаған иттер ағасының қабырғасын тепкілеп 
сындырып,  ол  аз  болғандай  шым  тоғанмен  бастырып,  тірідей 
көміп  тастапты.
–  Алсайдың ақымағы енді суға тимейтін боласың! – деп су 
бөгенге  жығып  салып  кетіпті.  Бұдан  артық  қандай  қорлау  бар 
жер  бетінде!
«Неге бұлай? – деген сұрақ жас жігіттің жанын паршалады. 
Ағасын  қабырғасы  сау  сол  жағына  жантайта  жатқызып,  бет-
аузын сумен шайып тазартып жүріп әлгі сұрақтың шырмауында 
қалды.  –  Бәріміз  бір  атаның  баласы  емес  пе  едік,  құдай-ау?! 
Бәріміздің  бабамыз  Сәлік  емес  пе  еді!  Ағайынды  адамдар  – 
ағалы-інілі, үлкен-кіші боп, біріне-бірі сүйеу болмаушы ма еді? 
Бұ  не  қылған  жауыздық!  Өз  бауырын  өзі  тепкілеп,  қатарынан 
үш қабырғасын сындырып, ол аз болғандай шыммен бастырып, 
тоғанға  байлағаны  несі,  жауыздар!  Ай,  нәлеттер-ай,  ә!».
Ағасын  арқалап  алып  қайтайын  десе,  оның  есебін  таппады. 
Арқаламақ  тұрмақ  сәл  қозғалтса  құлындай  шырқырап,  құйқа 
тамырыңды  шымырлатады.  Тастап  кетіп,  адам  ертіп  келейін 
десе – оның да лажын таппады. Айдалаға ауыр халдегі өлімші 
бейшараны  қалдырып  кетуге  дәті  шыдамады.  Зорлықшыл 
иттерді  барып  қазір  түн  ішінде  ойрандайын  десе  мына  бебеу 
қағып  жатқан  жаралыға  алаң.  Амалы  құрыған  Рысқұл  ызаға 
булыққаннан  дауысы  барқырап:


146


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет