Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет73/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   125
Қызыл жебе 
–  Дауылбай!  Қап,  бәлем!  –  деп  айқай  салды.  Дауылбай 
ауылының иттері маңқылдады. Тау жақтан ескен самалдан арық 
бойы  сәмбі  талдың  майда  жапырақтары  қалтырап,  алыстан 
інген боздағандай бір аянышты үн шығарды. Оған жоқ іздеп түн 
баласы  көз  ілмеген  шілдеқоңыз  қосылды.
Әлсіздердің  әнінен  қара  жер  анда-санда  көкірегі  қарс  кетіп, 
күрсініп  салғандай  құлақ  түріп  тыңдаған  адамға.  Қара  жерге 
саңылау  біткен  шығар,  сол  саңылаудан  Бердіқұлдың  жер 
қойнындағы анасы ұлының соққыға жығылғанын көрген шығар. 
Аруақтар  тірілердің  итше  ырылдасқан  тіршілігіне  қынжылып, 
сай-сүйектері сырқырар. Бірақ айтарға амал жоқ, о дүниенің үні 
бұ дүниеге жүз жылда да, мың жылда да жеткен емес. Аруақты 
қос аршын жер тереңдікке ғана көмсе-дағы, жер бетіне дейінгі 
екі  аралық  жолдың  шегі  жоқ.
Бүгін түнде де зор әділетсіздік белең алып, тасыраңдап кетті. 
Кетпеннен  басқа  қаруы  жоқ,  оның  өзін  адамға  қарсы  айбат 
етпеген, жападан-жалғыз егіншінің қаны лай суға араласып ақты. 
Адамның азығы – адамның қанымен суарылған түн болды.
VII
–  Оян, Тұрар!
Рысқұл баланы иығынан тартқылады. Бала ояна қоймады.
Кеше ол камераға кеш оралған. Мұнша кешікпеуші еді, бұған 
не болды, – деп әкесі тықыршыды. Басына неше түрлі сумаңдаған 
суық ойлар келді. Саймасайдың сойыл соғарлары аңдып жүріп, 
ұстап  алып  кетті  ме,  қалай?  Әлде  Приходько  төреге  жақпай 
қалды ма?
Қанша  залым  десе  де,  Приходько  мырзаға  Рысқұл  разы. 
Арызын аяқасты етпей губернаторға жеткізіп, Тұрарды қасына 
алдырды.  Алғашқыда  Рысқұл  бұл  арызының  орындалатынына 
көңілі сенбеп еді. Мен өзім қылмыскер болсам, менің өтінішіме 
ұлық  құлақ  асушы  ма  еді,  деп  күні  бұрын  күдер  үзді.  Бірақ 
жалғыз  баласының  алқымына  қанжар  тіреліп  тұрғанын  бүкіл 
жан  дүниесімен  сезініп  келген  Рысқұл  ақыры  шыдай  алмай 
түрме бастық Приходько арқылы губернаторға өтініш хат жазып, 
баламды  қасыма  алдыр  деп  сұранған.


147
Қызыл жебе
Көп кешікпей надзиратель Тұрарды тас камераға алып келді. 
Top темірдегі жаралы жолбарыстай аласұрған Рысқұлдың көңілі 
сонда бір жай тауып, түрмеде тұңғыш рет тастай қатып, судай 
сіңіп сілейіп бір рақат ұйқыға кетіп еді.
Ертесіне надзиратель келіп Тұрарға:
–  Жүр! – дегенде Рысқұл қорқып қалды.
–  Қайда?
–  Қайда? Приходько мырзаның үйіне.
–  Онда не бар?
–  Немене,  баранчук  осында  курортқа  келді  деп  пе  едің? 
Приходько  мырза  не  бұйырады,  соны  істейді...
Приходько мырзаның ұлы Губернатор көшесіндегі гимназияда, 
ал қызы Нарын көшесіндегі әйелдер гимназиясында оқушы еді. 
Едіреңдеп тұрған екі жиренді жегіп пәуескемен Тұрар осы екеуін 
гимназияға алып барып, алып келіп тұрады. Ұлы Аркадий еді-
дағы,  қызын  Наташа  деп  атайтын.  Аркаша  шолжаң,  Тұрардан 
бірер  жас  үлкен  болса  да,  әлі  ақыл-есі  олқы-толқы,  тым  кеш 
жетіліп келе жатқан еркетотай неме еді.
Жасына жетпей сеп-семіз Аркаша пәуескеге қорбаңдап әрең 
мінген  соң  Тұрардың  қолындағы  қамшыға  таласып,  онсыз  да 
атырылып тұрған арғымақтарды сабаламақ болып, ат айдаушыға:
–  Неге  тасбақаша  ілбітіп  келе  жатырсың!  –  деп  тепсінеді. 
Тұрар  екі  жиреннің  жүрісін  жылдамдатайын  десе,  арт  жақтан 
Наташа  шырылдайды.
–  Қорқамын. Жай айда!
Аркаша есіріп кетеді:
–  Тұрарка, жаның барда қатты айда! Жылдам! – деп ысқырып, 
тепсініп, қолын ербеңдетеді. Екі жирен пысқырынып құлақтарын 
шаншылтып,  көздері  ақшиып,  атырыла  бастайды.  Пәуескенің 
дөңгелектері көшенің тас төсенішіне тиіп шақылдайды. Аттардың 
тағасы  тиген  тастан  жарқылдап  от  шығады.  Оған  Аркаша  мәз 
болып, алақанын шапаттайды.
Ал қыз баланың бетінен қаны қашып, зәресі кетіп ышқынады:
–  Жайырақ, құдай үшін, жайырақ! Мама!
Тұрар  делбені  шірене  тартып,  асаулардың  қату  басымен 
алысады.  Жирендердің  тағалары  тасқа  сақылдап  тиген  сайын 


148


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет