149
Қызыл жебе
білмейді. Мұсылман болып, Аллаға жалбарынуы да жоқ. Ал
Приходько осымен бір-екі рет шоқын деп емеурін танытты. Рас,
әзір қинаған жоқ. Қинаса қайтпек? Шоқынбасам әкемді дарға
асатын шығар.
Сөйтіп, дар мен ар арпалысқа түсті. Гимназияның еңселі екі
қабат сарғыш үйі де көзге шалынып қалды. Енді болмаса пәуеске
лағып кететін түрі бар. Аркаша арқасы ұстаған бақсыдай екіленіп
алған. Екі жиреннің
делебесін қоздырып, қиқулап келеді.
Әттең, әкесі түрмеде жатып тәуелді болмаса, Тұрар қазір бұл
есірікті не де болса қамшының астына алар еді, амал жоқ... Бір
жағы қорқады. Бір жағы, баламысың деген, әйтеуір айтқандарын
екі етпей орындай берсем, көкеме көмегім тие ме деп ойлайды,
көкемді түрмеден босатар деп үміттенеді.
Аркаша тағы да айқайлай бергенде, Тұрар пәуескенің алдыңғы
жақтауына аяқтарын тіреп тұрып, аттардың басын шалқалап,
шірене тартып, шынтағымен ұлық баласын итеріп жіберді де,
алара бір қарады. Бұл қараста түпсіз, тұңғиық ызаның ізі жатыр
еді. Анау мұны сезген болар, қайтып үндемей қалды. Оның үстіне
қарындасы шырылдап етегіне жармасты.
Қос жирен бастарын шұлғып, қайта-қайта пысқырынып, жай
желіске түсіп, бірте-бірте мүлдем тоқтады. Бүйірлері солықтап,
қара терге малынған жарау жирендер жас балаға бас бергенде,
күшке көнгендіктен емес, хайуан да болса, келер жері осы
мөлшер, гимназия алды екенін сезгендіктен аялдаған сияқты.
Наташа Тұрарға риза пішінмен, әдемі алақандай көздерін бір
төңкеріп тастап:
– Рақмет, Тұрар, мен енді жаяу-ақ жетемін, – деді пәуескеден
түсіп жатып. – Кешке екеуміз сабаққа отыратынымызды ұмытпа.
Аркаша бұртиыңқырап түсті. Болашақ әкіреңдейтін әкімнің
пішінін әлден танытып:
– Сабақтан қайтар уақытта кешігуші болма! – деп бұрқ етті.
Приходько мырзаның гимназия баспалдағымен өрлеп бара
жатқан баласының соңынан қарап біраз тұрды. Бір сәт өзі де сол
тепкішекпен көтеріліп, гимназияға еніп бара жатқандай елестеді.
Әттең, ондай атты күн қайда? Гимназияға мұны кім жолатады.
Жан-жақтан ағылып келіп жатқан шәкірттердің арасынан ара-