Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет80/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
Дауылбай жирен қаба сақалды, домалақ жүзді, шегір көз, сары 
кісі. Бетінен шертіп жіберсең қан шапшырдай албырап тұрар еді. 
Кертпек мұрнының танауы делдиіңкіреп, ұдайы кекесін күлкінің 
табы білініп қалар, жүзі жылы көрінгенмен, сол бір мысқыл күлкі 
мен  шегір  көздің  ызғары  арқаңды  аяз  қарығандай  өтіп  кетуші 
еді. Шегір  көзде  ызғар,  езуде  күлкі, бет-жүзінен  нұр  шашырап 
тұрса да, бүкіл пішін сіреспелеу болатын. Содан ба, кім білген, 
Дауылбайдың  қос  шекесі  ұдайы  құрысып,  құрсау  қысқандай 
ауыратын-ды.
Сақан палуан бір сәтте Алсай екені есіне түсіп, күміс ер бүкіл 
Алсайдың киелі әулиесіндей екенін ойлап қалды. Шабарманының 
қобалжулы көңілін танып қойып, Дауылбай:
–  Неғып тұрсың?! – деді. Дауысы мылтық атылғандай келте, 
әм шымыр шықты. Палуанның зор денесі селк етті. Ләм демей, 
кілт бұрылып жүре берді. Өзімен салыстырғанда торғайдай ғана 
адамның айқайына селк ете қалғанына қорланып келеді.
«Кәпірдің басы шақшадай, – деді өзімен-өзі сөйлесіп. – Мына 
қолмен бір мыжып жіберсем, миы бырт ете қалар еді».
Жұдырығын түйіп, тобылғы қамшының жұмыр басын қысып-
қысып қалды. Қанша күшті болса да, қайта саусақтарын ауыртып 
алды. Тобылғы – Дауылбайдың басы емес.
Дауылбайдан күшті бола тұра, оған неге бағынышты екенін 
де ойлады Сақан палуан. «Кәпірдің көзі жаман, – деді өзіне-өзі 
жауап қатып. – Жабайы мысықтың көзіндей. Бет қаратпайды». 
Ойы  одан  артыққа  бара  алмады.  Бұлай  қарасаң  бұл  мықты. 
Дауылбай әлсіз. Ал бұлай қарасаң Дауылбай мықты, бұл әлсіз. 
Түсініксіз дүние. Жұмбағы көп. Бұл дүниеде жұмбақ шешкіштер 
ғана  олжалы.  Дауылбай  сондай  болар.
* * *
Сақан  палуан  астын-үстін  сөйлейтін,  ардың-гүрдің 
әпербақандау  қу  әдетін  бұл  жолы  да  жасады.
–  Күміс  ер  сені  мен  менің  не  теңім.  Енді  бізден  Әлімбек 
батыр  шығады  деп  отырсың  ба,  қасарысқанда.  Онан  да  бер  де 
құтыл, – дейді баяғы тобылғы сапты қамшымен бөстекті салып-
салып  қалып.


161
Қызыл жебе
Бердіқұлдан басқа біреу болса, ашуға булығып, өкпесі аузына 
тығылып алқынар еді. Мынау мырс етті де қойды. Басынан тері 
телпегін алып, ұстарамен сыпырылған көгеріс шашын сипады. 
Жазық маңдайы жиырылып, қатпар-қатпар, қараөзектей сызаттар 
пайда болды.
Кеш  болып  бара  жатқан  кез  еді.  Күн  Саз-Төбеден  әрі  аунап 
түскенде, шығыстағы Құланның үстін өрт шалып қара шоқылар 
балқып  бара  жатқандай  көрінді.  Ілезде  табы  басылып,  әлгі 
шоқылар  қайтадан  қарауытып,  состиып-состиып  тұрысты.
Алсай ауылының жерошақтарынан от жылтылдады. Көгенде 
бұршағына буынған лақ бақырды. Қарақойын бойынан шымшық 
қорыған  балалардың  түңкелері  қаңғырлап,  «по-полаған» 
дауыстары  іргеден  шыққандай  естіліп  тұрды.
Жыртық  күркенің  алдында,  далада  бөстек  үстінде  отырған 
Бердіқұл мына әдемі кештің сан құбылма дауысын құлағы қалт 
жібермей,  үн  қатпай  қалғып  кеткен  сияқты  еді.  Мамырлықты 
Сақан  палуан  бұзды.
–  Ей, Бердіқұл, елемей отырсың ба? Ер қайда? – деді.
Бердіқұл тағы да мырс етті. Қысқа мұртын ширатпақ болды.
–  Сақа, болмайды ғой, – деді.
Сақан палуан қарақұрт шаққандай шаңқ ете қалды.
–  Не! Неге болмайд?! – Қамшымен бөстектің шетін тағы бір 
салып  қалып  еді,  шаңы  бұрқ  етті.  Ошақ  басында  тезек  қалап 
отырған Бердіқұлдың келіншегі Қатшагүл де қамшы дәл өз жон-
арқасын осып өткендей, орнынан ыршып түсті. Тек ошақтағы от 
қана жел шалықтағандай болмай, ештеңеден сескенбей, маздап, 
түн  түскен  сайын  түсі  нұрланып,  лала  қызыл  тастай  құлпыра 
берді.
–  Ағайын деп сен ынжыққа ақылымды айтып отырсам, – деді 
Сақа палуан.
Осындай  мамыр  кеш  пен  барқыраған  басбұзар  дауыс 
үйлеспейді-ақ.  Кешкі  тымық  дүние  тағы  еліктей  елеңдеп, 
үркектеп тұр. Сақан палуан тағы бір айқайласа тұра кеп түріле 
қашатындай  мына  түн.
–  Қара  басып,  Қарақойыннан  қуылайын  деп  отырсың  ғой, 
өңшең  шірік.  Әлімбек  бабамнан  садаға  кеткір,  түге!  Дауылбай 


162


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет