167
Қызыл жебе
Сонда да күдер үзбе бір Алладан.
Дүние
дастан
Әуелі-ақ бастан
Ақылды
дұшпан жақсы
Ақымақ достан, әлу-ай!
– Ой, сорлы-ай, рас қой, –деді Рысқұл орнына қайтадан келіп
отырып.
Жапалақ жалпылдайды жар басында,
Немене жоқтың күні бар қасында.
Дос
болып қас болғаннан сақта, құдай
Қасқыр да қастық қылмас жолдасына, әлу-ай!
Қоңыр қаз, үйрек,
Қанатын сүйреп,
Бұл
жалған өтер-кетер
Өй-деп, бүй-деп, әлу-ай!..
– Әй, айналайын, көкем-ай, мынауың әлгі иттің өзі ғой!
Дауылбайдың қолшоқпары. – Рысқұл айызы қанып, әнді
рахаттана тыңдады. – Мынауың бұрынғы айтқандарыңнан басқа
ғой.
Ахат асықпай қоңыр дауыспен, баппен айтып отыр. Шертпектің
үні оған қосылып о да адамша аңырайды.
Жабыны жауға мінбе жалды екен деп
Жаманмен
жолдас болма малды екен деп, әлу-ай.
Баласын Қазанаттың бақпай қойма
Жем түсіп
аяғынан қалды екен деп, әлу-ай!
Әшіркүл, Зейнеп.
Отырмын сөйлеп.
Бұл дәурен өтер-кетер
Өй-деп, бүй-деп, әлу-ай!..
Бұл әнге Дәу-Бабадан аса соққан Алатаудың кешкі самалы
қосылды. Әркім-ақ Қазанаттың кім екенін жобалап отыр. Ол
кешегі өткен Әлімбек батыр. Жағасын жауға жырттырмаған,
қанша сұрапыл соқса да басы жерге иілмеген зау бәйтерек. Бірақ
сонда аяғына жем түскен кім? Не деп отыр мына Ахат?
– Жем түскенді көрсетермін әлі мен оларға! – деп Рысқұл есік
жаққа қарады. – Құдай Дауылбайға алақанымды жайдырмай-