Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет87/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе
басыңа салмай-ақ қойсын. Күндіз көрсетемін, тамыр, атжалман 
салған  тыртықтарды.
–  Да,  хуже  не  придумаешь,  –  деді  Бронников  Тұрардың 
аудармасынан кейін – Ал, Тұрар, сен азамат екенсің. Орысшаны 
қайдан  үйреніп  жүрсің?
–  Осы  түрмеде.  Приходько  мырзаның  балаларынан, 
тұтқындардан, 
надзирательдерден.
–  Кітап оқып, жазу жаза аласың ба?
–  Аздап.  Приходько  мырзаның  Наташа  деген  қызы 
көмектеседі.  Ал  Аркаша  деген  ұлы  менімен  қас.
–  Қалай болушы еді? Сөйлегендерін есітемін той. Айталық, 
күндіз  өзіңіз  көрген  надзирательдің  сөзін  қалай  ұмытарсың...
–  А, күндізгі ме? Е, ол бейшара ғой. Сен білесің бе? Оның 
өзі  де  тұтқын.  Бірақ  надзиратель  етіп  қойған.  Егер  қызметін 
неғұрлым қатал жүргізсе, соғұрлым оның еңбегі бағаланып, жаза 
мерзімі қысқарады. Түрмеден ерте босатылады. Ал, кейбіреулері 
бостандық  алғаннан  кейін  де  өз  еріктерімен  түрме  қызметінде 
қала береді. Күндізгі екеуміздің досымыз дәл сондай сорлы. Жә, 
оны қоялық... Сенің оқуыңды қалай етсек екен? Сен көп нәрсе 
білуге тиіссің, бауырым. Сен білуге тиіссің. Ұқтың ба? Көп, көп 
білуің керек сенің!
* * *
Бұл жолы есіктің өзі емес, адамның басы сияр-симас кеспегі 
ашылды. Тұтқынға тамақ беру үшін әдейі істеп қойған.
–  Мә,  мына  атауыңды  ал!  –  деген  зекіме  дауыс  естілді.  – 
Балаң екеуіңе. Ал анау мейманға бүгін кешкі ас берілмесін деген 
бұйрық бар. Құрметті қонағың ғой, Рысқұл, мүмкін өз сыбағаңды 
берерсің  оған.  Хи-хи!
Надзиратель  қиқылдап  күліп,  сірә,  тауып  айттым-ау  деген 
болар,  өз  сөзіне  мәз  болып  кете  барды.  Жұдырықтай  қара  нан 
мен бір ожау сылдыр сорпа екен. Наны желім сияқты, сірә, қара 
бидайдың  ұнына  бұршақ,  арпа  ұнын  араластырған-ау,  әйтеуір 
құдай  кесір  қылмасын,  сүйкімсіз-ақ.  Ішіне  күшәла  орап  итке 
тастайтын  қамыр  сияқты.


176
Қызыл жебе 
–  Кел, тамыр, – деді Рысқұл қараңғыда түртінектеп, котелокты 
ортаға  қойып.  Былжыр  қара  нанды  үшке  бөліп,  алдымен 
Бронниковке  ұсынды.
–  Жоқ, рақмет, – деп Бронников бас тартты.
Рысқұл  оның  алақанын  зорлағандай  мытып  ашып,  нанды 
ұстата  салды.
–  Мә,  Тұрар,  –  деді  қараңғыда  баласының  қолын  сипалап 
іздеп.
–  Мен  жемеймін,  көке,  әлгінде  мырзаның  кухнясында 
тамақтанғанмын.  Аспазшысы  жақсы  кісі.  Өзің  жеші,  көке.
–  Сен сыпайылықты неғыласың. Жұтқан – жұтамас, мә, жеп 
ал, қарнын ашады, – деп әкесі жік-жапар болды.
Тұрардың тоқ екені рас еді. Наташа екеуі бір сағаттай отырып, 
әліппені ежелеген соң, мырзаның қызы оны ас үйге ертіп барып, 
тамақ  бергізген.  Приходьконың  басқа  қызметкерлері  өсек-аяң, 
құқаң-сұқаңмен  шаруасы  жоқ,  тіршілігіне  мығым  баланы  аяп, 
жақсы көріп кеткен. Бары болса бөлісіп, жандары қалмайтын.
–  Рақмет сендерге, – деді Бронников біртүрлі тебіренгендей, 
толқынды үнмен. – Дәм-тұз үшін, қонақжайлылық үшін рақмет. 
Әлгі  ақымақ  та  маған  әдейі  тамақ  бермей,  сендер  менен  асын 
қызғансын  деп,  әдейі  сасық  саясат  істеп  отыр.  Олардың  арам 
ойын  ойрандағандарың  үшін  рақмет.
Қараңғыда  сипалап,  баланы  тауып  алды.  Басын  сипалады. 
Бронниковтың  қимылын  байқап,  Рысқұл  да  қолымен  баласын 
іздеді.  Тұрардың  басын  сипалай  беріп,  Бронниковтың  қолына 
қолы  тиді.  Бронников  көкпаршының  еменнің  безіндей  қатты 
қолын қысып-қысып қойды. Мұнысы өз ризалығын, дос пейілін 
танытқаны  еді.
–  Шашы  өсіп  кетіпті,  –  деді  Рысқұл  баласының  басын 
алақанымен  аймалап.  –  Ұстара  жоқ.  Ұдайы  өзім  алып  беруші 
едім.  Енді  ұстара  жоқ.  Түрмеде  ұстара  ұстатпайды.
Тұрар әкесінің алатынын есіне түсіріп, бойы еріксіз тітіркенді. 
Рысқұл  Тұрардың  шашын  сабындап  жібітпей-ақ,  құрғақтай 
қырар еді. Баланың басын жүрелеп отырып екі тізесінің арасына 
қысып алатын. Бала:
–  Көке, ауырттың ғой, жібітейінші, – десе:


177


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет