Шерхан Мұртаза Қызыл жебе бірінші кітап алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет14/125
Дата07.01.2022
өлшемі1,34 Mb.
#20913
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   125
Байланысты:
2 5364181919527341766

Қызыл жебе 
Нәресте  естіп  тұр-ау,  шешеден  жетім  баланың  жүрегіне  дақ 
түседі-ау деген не ойына кіріп-шықпайды. Астын-үстін сапырып 
тұр. Жанындағы шабарман:
–  «Әй,  ауылнай,  қойсаңшы.  Бала  тыңдап  тұр  ғой»,  –  дейін 
деп  еді,  әкіреңбай  немеден  қорықты.  Бір  ерегіссе,  қоқыраңдап 
қоймайтын ұр да жықтың өзі. Болыстың полицейі сияқты, үстінде 
формасы, мықынында наганы жоқ, әйтпесе нағыз полицейдің өзі. 
Соларға  еліктейді.
Ізбайша  жортпаш  Түйметайды  қолынан  жетектеп  ауылдас 
отырған  Ахат  қарияның  үйіне  кетіп  еді.  Ахаттың  кемпірі  аз 
ауыл  Тау-Шілмембеттің  қатын-қалашын  асарға  шақырып  киіз 
бастырып  жатқан.  Рысқұл  кепесінің  алдында  болыс  бастаған 
бір  топ  аттылының  тұрғанын  бүкіл  ауыл  көріп  отыр.  Бәрі  де 
үйлерінің  іргесінен  баспалап  қарайды. Босқын  болып,  үрейден 
үркек тартқан ауыл «Бұл қалай?»  деп үрпиісіп қалған. Ешкінің 
қылшығынан  бұзауға  бұйда  есіп  отырған  жалбыр  қас  Ахат  та, 
киіз пісіріп, білектерін сыбанған қатындар да, олардың тасасына 
тығылған балалар да әлдебір сұмдықты күтіп, демдерін іштерінен 
алып,  қаққан  қазықтай  состиып  тұрысып  қалып  еді.
Шілденің  аптабында  күзгі  желтоқсанның  қара  суығы 
қалтыратқан жүдеу ағаш басындағы селкеу жапырақтай аз ауыл 
болыстың  зәуде  нөкерлетіп  келуінен  әрі-сәрі.
«Салық  жинап  жүр  ме?»  –  деді  Ахат  амалы  таусылып.  – 
«Әлденеден  жазықты  болып  қалдық  па?»
Ахат  –  Тау-Шілмембеттің  ақсақалы,  ақылгөйі.  Түу 
Түлкібастан  ауа  көшкелі,  одан  кеткен  қадірлі  қариясы.  Қу 
кедейліктің  бұғалығынан  қанша  бұлқынып  құтыла  алмай 
қойса да, еңсесі түспес, есірік те емес, шап-шақ қана, аршыған 
жұмыртқадай әдемі шал. Шаруасы шінжәу болса да, мұнтаздай 
таза киініп, аппақ сақалын дөңгелентіп күнде шырпып жүретін 
тақуа тақылеттес адам. Шоң мұрын. Қасы жалбырап көзіне түсіп 
тұрады.  Қысы-жазы  қырау  басқан  тәрізді.  Оны  жұрт  нышанға 
жорып,  Ахатты  өздерінше  әулиедей  көреді.  Тәңіріден  басқаға 
табынбай, басын тауға да, тасқа да ұрып жүрген Рысқұлдың өзі 
Ахаттың  айтқанына  тақ  тұрады.  Ахат  та  батыр  інісінің  жанын 
ұғып,  бетін  жөнсіз  қақпайлай  бермес  еді.


29
Қызыл жебе
Ахаттың арманы – ебі келсе, елге қайту. Күзді күнгі жел айдаған 
қаңбақтай жиырма үй Шілмембет Ақсу-Жабағылының аузынан 
шығып, домалап жүріп-жүріп, осы Талғардың бауырындағы көп 
сайлардың  бірінде  тығылып  қалды.  Жергілікті  халық  бұларды 
Тау-Шілмембет деп кетті.
Бұдан  отыз-қырық  жыл  бұрын  да  сол  Түлкібас,  Ақсу-
Жабағылыдан  бір  ауыл  қазақ  Қоқан  хандығының  қорлығына 
шыдай алмай, мына Алматы маңына келіп, қоныс тепкен. Оларды 
Дала-Шілмембет деседі. Олар тауда емес, ойда тұрады. Әу баста 
Ахат, Рысқұлдар сол бұрынғы босқын туыстарын паналап келіп 
еді. Бірақ, кірменің аты – кірме, Дала-Шілмембет кейін келген 
қандастарына  құшақ  жая  алған  жоқ.  Шығыс-Талғар  болысы 
Рысқұл тобын Дала-Шілмембетке қоспай, таудың бір қуысына – 
Бесағаш  деген  жерге  орын  тепкізді.
Егін салып, жер еміп өскендер үшін Бесағаш қолайлы да емес 
еді. Су шығарып, тары егетін тақиядай да жазығы жоқ, есектің 
арқасындай  аз  ғана  көлем.  Азын-аулақ  мал  ұстап  қана  күн 
көрерлік.
Қоңыр торпақты құйрығынан ұстап бағып, қалт-құлт етіп күн 
кешкен Тау-Шілмембет ежелгі мекеніне оралғысы келеді. Туған 
жерді,  қара  бесікті  сағынады.  Ұшып  жетер  құс  емес,  қанатсыз 
халық. Оның үстіне Дауылбайдың қаһары әлі ызғарлы. Жиырма 
үй Сәліктің бүлігін көшіре алмайды. Дауылбай да ажалды жан. 
Дүниеден ол көшкенде не өзгереді? Орнына келген басқа болыс 
қалай қарар? Беймәлім.
Бүкіл  дүние-әлем  тұйықталып,  Талғардың  ақбас  шыңы  мен 
кейде  бұлтты,  кейде  ашық  аспаннан  басқа  бұл  Бесағашыңнан 
ештеңе  көрінбейді.  Дүниеде  не  болып  жатқаны  белгісіз.  Орыс 
патшасы мен Жапон соғысып жатыр деген сөз шығады. Ол не 
соғыс, кімге не жетпей қалған – ол жағы қараңғы.
Осындай  бір  оқшау  қалған,  «қаңғырған  кірме»  атанған  аз 
ауылға болыстың дәл өзі тапа-тал түсте келіп, Рысқұлмен оңаша 
сөйлесіп  тұрғанында  не  сыр  бар?
Ауыл аң-таң. Ахат аңырып қалған. Көсем қарттың өзі қайран 
болып отырғанына қарап, басқалар да үміт пен үрей аралас бей-
жай хал кешулі.


30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет