Қызыл жебе
өзі әлденеге дүрсілдей бастады. Танауы қусырылып, қараптан-
қарап, қатты-қатты дем алды.
– Кө-ө-ке-е-е! – деп бұ жолы ұзақ айқайлады. Әшейінде әдемі
қоңыр дауысы қазір бұзылып тарғыл-тарғыл барылдаңқырап
шықты. Құлақ тосты. Шілдеқоңыз бір сәтке тына қалып, қайтадан
шырылына басты. Рысқұлдың дауысынан аспандағы асқабақтай
ай селк еткендей болды. Сөйтсе, өз даусынан Рысқұлдың өзі
селк еткен екен. Дәу-Бабаның жыныс тоғайлы түкпірінен байғыз
сұңқылдады. Рысқұлдың тұла бойы мұздап сала берді. Балуан
тұлғасы қара жерден тұғыр таппай, иесіне де ырық бермей,
безгек тиген кісідей селкілдеңкіреп кетті. Иә ашу қысқанын, иә
қорыққанын өзі де ажырата алмас хал.
Бір сұмдықтың болғаны хақ. Әйтпесе ол кеткелі ет пісірім
мезгіл өтті. Алыстан иттің үргені естілді. Жігіт құлақ салып еді.
Дауылбай ауылы сияқты көрінді.
– Дауылбай! – деді ол дауыстап.
Енді ол арық бойлап, жоғары қарай өзінің тұра жүгіргенін
де сезбей қалды. Түбіртекке сүрініп кетіп, ет беттеп жығылып
барып, бойын әрең түзеді. Ол өзінің жанұшырып жүгіріп келе
жатқанын сонда білді. Отырып тұрып, енді едәуір көтеріліп,
төбеден төңкеріліп тұрған ай Рысқұлмен қоса жүгіре жөнелгендей
шошаң-шошаң етті. Дәу-Бабаның жотасы бір жоғары, бір төмен
ыршып түсіп, Рысқұлдың көзінің алдындағының бәрі жанталас
қозғалыста еді. Түймебас түйіртпек тікен пісіп, қатайып қалған.
Ащы қызыл тікен балтырын тырналап, қанын ағызды. Бірақ
Рысқұл мұны сезген жоқ. Ағасының бір бәлеге жолыққаны анық.
Соған жетпей, жан ауруына көңіл бөлер емес. Атадан қалған
үйелмелі-сүйелмелі үшеу еді. Үшеуі бірінің етегінен бірі ұстап,
енді-енді қанаттары қатайып, ел қатарына қосылып жатқанда
бәле-жалаға ұрынбай, тек жүргенге не жетсін?! Бәлеге ұрынайын
деп кім ойлайды дейсің?! Заман соқтықтырады-ау, заман, заман.
Өзің тыныш жүрсең де, өзге келіп тиіседі. Сойылын суға салып
отыратын сотқарлар көп. Шамшыл болмайын десең де шайтан
түртіп, шалғайдан алып, шатаққа шақырады. Әнеукүні де бір
қасық суға бола Дауылбай ауылымен керілдесіп қалғанда, кедей
Сәліктің бас көтерері осы Рысқұл боп қой қаптағысы қозып,
143
Қызыл жебе
қаны бір қайнап еді, ағасы «қой-қой» деп, арандаудан әрең алып
қалған.
Ағасы заты момын адам. Бердіқұлға қарап, бабасы Әлімбек
батыр болған екен дегенге ешкім нанбас. Заты жуас. Әлдеқайда
сойқан іздеген содырлар жолықса, оларға қарсы тұрар қауқары
да шамалы. Азға қанағатшыл, кембағалдыққа мойын ұсынған,
тақасуға жоқ, құдай деп жүрген бір адам. Анасы марқұм қайтарда:
– Бердіжан-ау, шиеттей үш құлынымның ес білері, бас иесі
сен едің, алысқанмен алысып, жұлысқанмен жұлысуға жарар ма
екенсің, құлыным. Мына заман зордікі, – деп еді.
Байғұс ана баласының сырын білгеннен де, көрінгеннің көз
түрткісі болып, қорланып кете ме деп қорқар еді. Бірақ Бердіқұл
қанша момын болғанмен, әсте жалқау емес-ті. Шаруаға дегенде
өлермен, шаршау білмей, ертеден қара кешке дейін мыңқ етпей
жер жыртып, тұқым сеуіп, топырақ малалап бір тынбас.
Сол табан ақы, маңдай тері арқасында қара шаңырақты ұстап
қалды да, ата түтіні өшпесін деп, інілерінің кір-қоңын басын
жамап-жасқайтын өзіндей жуас, қара табаннан шыққан кедей
Сиқымның қызы Қатшагүлге үйленіп еді. Оған да небары жылға
толар-толмас уақыт өтті.
Рысқұл кетпенін сайыскерлерше алдына кезене ұстап, арық
бойлай аңыратып келе жатып, әлсін-әлі:
– Көке! Көке! – деп айғайлай берді.
Тек алыстан иттер қаңқылдады. Тағы да байғыз шақырды.
Осы келе жатқан бетінде Рысқұлдың алдында қанша адам
болса да төтеп бере алмастай бір дауылды екпін, адамның
мүмкіндігінен тысқары бір дүлей күш бойын кернеп келеді.
Қазір де солай. Кетпеннің жалпақ жүзі айдың жылусыз
сәулесіне шағылысып қояды. Рысқұл өкпесі қабынып жүрегі
тарсылдап алқына жүгіріп келе жатып, бір мезгілде алдында
жарқырап жайылып жатқан суды көрді. Көлкіген судың түбінде
аспандағы айдың суреті дірілдеп тұр екен. Оның бір жағынан
қарауытып суды буған бел тоған көрінді.
«Е, – деді Рысқұл. – Жаңағы судың құрып қалғаны орта жолдан
мына мықтылар тарс байлап алған екен ғой. Бердіқұл қайда?!»
144
Достарыңызбен бөлісу: |