Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы Тұрар бейнесі



бет3/4
Дата02.05.2023
өлшемі20,94 Kb.
#88856
1   2   3   4
Байланысты:
Қызыл жебк романы

СОҢҒЫ ТҮЙІН
АВТОРДЫҢ РЫСҚҰЛОВПЕН ҚОШТАСУЫ
Қош, Тұрар, бауырым, көкем менің! Мен сізге дәл қазір алпыстан жаңа асқан жасымның жартысын арнадым. Отыз жыл бойы сізбенен қол ұстасып, бірге жүріп, бірге тұрдым. Отыз жыл бойы жан дүниемді, ой-санамды билеп, ұзақ сапарға жол бастадыңыз. Ол аса қиын жол-еді. Біреулер айтты:бұл жолға бекер түстің, жете алмайсың деді.
Біреулер айтты: қолың көтере алмайтын шоқпарды беліңе бекер байлайсың деді.
Біреулер айтты: шеті жоқ, шегі жоқ мұхитқа түсіп кеттің - ау, байғұс, батып кетпесең жарар еді деді.
Олардың айтқаны рас еді. Мен көп малтығып, көп тұншықтым. Жағалауға жете алмай, батып кетуім әбден ықтимал еді. Бірақ, Тұрар көке, өзіңіз алып шықтыңыз. Сіздің жұлқар рухыңыз алып шықты.Бұл кітап сіздің зәулім тұлғаңызға лайық деп айта алмаймын. Қолымнан келгені осы болды, көке. Құдай шақтап берген күш - қуаттан, шағын таланттан аса алмадым...Асылық айтып, Құдайға күнәкар болмайын. Құдайдың мұнысына да мың да бір тәуба. Маған осынша ғұмыр беріп, жарық сәуле көрсетіп, қолыма қалам ұстатқанына шүкір. Өлтіре саламын десе, Құдайға ештеңе емес.
Менің марқұм анам Айша ертеректе «Қызыл Жебенің» бірінші кітабы шыққанда:
– Сен Рысқұлов туралы кітап жазды дейді ғой, - деді.
– Иә, - дедім мен.
– Сенің әкең Мұртазаны «Рысқұлшына» («Рысқұловщина» дегені) деп ұстап әкетіп еді, сол ма?
– Сол.
Айша кимешегінің астынан қолын шығарып, кіртиіп жасаураған көзін сүртіп, мыс сақиналарын сипалап отырып:
– Одан да өз әкеңді жазбайсың ба, - деді жай ғана.
Көрдіңіз бе, қалай? Ол да өзінше Әзиза сияқты. Сібірдің бір түкпірінде, баяғыда сүйегі қурап қалған Мұртазасын өле-өлгенше сағынып өтті.
Сіз туралы «хамсаны» мен сол жазықсыз жапа шеккен әкемнің аруағына да бағыштаймын, Тұрар көке. «Хамса» жолы жеңіл болды дей алмаймын. Жазу қиын. Жазғаныңды басып шығару одан да қиын. Журналға жарияланып жатқан жерінен тұтқындалып, жарық көрмей қалған кезі де болды. Өлген бураның басынан тірі атандар жаман үркіп, осқырынып, оқалақтап, тайраңдады.
Рысқұлов - пантюркист! - десті.
– Рысқұлов туралы роман жазып жүрген автор - неопантюркист! - деді.Мен кек сақтамадым. Оларды Құдай кешсін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет