Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет20/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40
Байланысты:
терминология книга

ғылыми анықтама
беру. Бұл негізінен терминдерді 
түгендеп, сала ұғымдарын іштей жіктеп алғаннан кейін атқары-
латын жұмыс. Терминологияны біріздендірумен айналысушылар 
ғылыми ұғым мен тілдік таңба терминнің анықтамалары бірдей 
болмайтынын, оларға қойылатын талаптар да бөлек екенін білуге 
тиіс. Ғылыми ұғым анықтамасында оның мазмұны толық ашылып, 
ұғым белгілері нақты көрсетіледі. Сол ұғым белгілері мен аталған 
ұғымның сипатталып отырған ұғымдар жүйесіне қатысы да анық 
сипатталады. Бір сөзбен айтқанда ұғым анықтамасында ұғым қыры 
толық ашылып, қажет жағдайда бір-бірімен жалғасып бірнеше 
анықтама беріледі. Ал терминнің анықтамасында оның сол термин-
жүйедегі оның орнын айқындап тұрған негізгі, басты белгілері ғана 
қамтылады. Мәселенің бұл қырын түсіндірмелі, энциклопедиялық, 
терминологиялық сөздік жасаушылар да ескеруі қажет. Өйткені 
терминологияны қалыптау, стандарттау осы сөздіктерге негізделіп 
жасалады. Термин анықтамаларының бірнеше түрі бар. Ол жөнін-


40
де осы мәселені арнайы зерттеген белгілі терминтанушы ғалым
С.Д. Шеловтың еңбектерінен толығырақ білуге болады. 
Жалпыхалықтық тілде болатын көпмағыналылық, сино-
нимділік, омонимдердің қолданылуы арнаулы сала тілінде, терми-
нологияда да кездеседі. Бұлардан арылу терминге, терминжүйе ге 
қойылатын негізгі талаптар қатарына кіреді. 
Терминологияны біріздендіруде, соның ішінде стандарттауда 
ең алдымен қойылатын басты талаптың бірі – 
терминнің бір-
мағыналылығы.
Терминнің бірмағыналылығы 
(однозначность 
термина) 
– терминнің бір ғана ұғымның атауы болып, бір ғана 
мағынаны білдіруі. Көптеген терминтанушы ғалымдар термин-
нің бірмағыналылығы белгілі бір арнаулы сала шеңберінде ғана 
сақталуы мүмкін деген тұжырымға тоқтайды. Терминдерді біріз-
дендіру барысында көбінесе осы тұжырым басшылыққа алынып 
жатады. Осыған қатысты зерттеушілер термин бірмағыналығын 
іштей бірнеше түрге бөледі. Олар: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет