Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет23/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
Байланысты:
терминология книга

ТЕРМИНГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Терминге қойылатын талаптар
дегеніміз – қазіргі заманғы 
термин жауап беруге тиісті негізгі шарттар.
Терминге қойылатын негізгі талаптар мыналар: 
1. Терминнің бірмағыналылығы
(однозначность термина). 
Терминнің негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағынаны 
білдіруі, синонимдерінің болмауы. «Бір таңбаланушыға – бір таң-
ба, бір таңбаға – бір таңбаланушы» сәйкес келуі керек деген қағи-
даттан туындаған бұл талапты орындауға салалық мамандардың 
қай-қайсысы да мүдделі. 
Кейде бұл талаптың да орындалмай қалып жататындығын 
кездестіруге болады. Терминнің бірмағыналығы абсолютті және 
салыстырмалы болуы мүмкін (қараңыз → термин мағынасы). 
Бұл талап негізінен белгілі бір арнаулы сала терминологиясына 
қатыс ты қойылады. 
2. Терминнің ықшамдылығы
(краткость термина). 
Бірне-
ше сөздің тіркесуінен тұратын көп сыңарлы терминнің ұғым ата-
уы ретінде, атау сөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді. 
Атау сөздердің қысқа да нұсқа болғаны жақсы-ақ. Тіл үнемділікті 
ұнатады. Тіліміздегі көптеген көп құранды тіркестердің лексика-
лануы, біріккен, кіріккен сөздердің пайда болуы, күрделі атаулар-
дың ықшамдалуы – осы үнем заңының талаптары. Алайда терми-
нологияда бұл талап үнемі орындала бермейді. Терминологиялық 


44
тіркестер, терминдер жүйесінде көптеп кездеседі. Терминнің көп 
құрамдылығы оның кемшілігі емес, қайта ондай атаулардың ұғым 
мазмұнын дәл беру тұрғысынан артықшылықтары бар деп санай-
тын ғалымдар да бар. Бұл тұрғыдан келгенде «Термин мағынасы-
ның дәлдігі оның қысқалығынан маңызды. Сондықтан да термин-
нің көп сыңарлы болуын оның кемшілігі деп есептеуге болмайды. 
Егер қандай да бір ұғым бір-бірімен өзара жақсы үндескен сөздер-
ден тұратын тіркеспен аталса, онда ол терминнің жүйелілігін және 
сол ұғымның өзге ұғымдармен байланысын көрсетеді.» Терминнің 
қысқалығын: а) лексикалық ықшамдылық ә) тұлғалық ықшам-
дылық деп іштей екіге жіктеп көрсетушілер де бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет