45
талапты терминге сөз тудыруға (деривациялық) қабілеттілігі деп
те атайды. Ықшам жасалған, қысқа терминнен туынды термин
жасау мүмкіндігі қашанда мол.
6. Терминде эмоционалдықтың болмауы
(отсутствие
эмоциянальности).
Жалпы ғылым тілі бейнелілікті, образ-
дылықты емес, әр ұғымды өз атымен атауды қажет ететін дәлдік-
ті, нақтылықты қалайды. Сол себептен де ғылым тілінің негізін
құрайтын терминдердің эмоционалдық тұрғыдан бейтараптық
танытып, оларға экспрессияның тән болмауы талап етіледі.
Ескерту: Терминге эмоционалдылық пен экспрессиялық жат емес
деп санайтын тілші-терминолог ғалымдар да бар. Солардың бірі
В.Н. Прохорова «Терминнің эмоционалдылығы туралы» деген
мақаласында лексика-семантикалық жолмен жасалған термин-
дердің метафорлылығы мен метонимиялылығы оның эмоцио-
налғын білдіреді... Сондай-ақ егер термин белсенді қолданыстағы
эмоционалды сөздерден жасалса, онда термин де сол эмоционал-
дық бояуды сақтайды – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: