47
терминдерімен алмастыру арқылы жүзеге асырылатын терминге
қойылатын талаптардың бірі. Бірақ
терминтанушылардың бар-
лығы бірдей бұл талапты міндетті түрде орындалуға тиісті басты
талаптар қатарына қоса бермейді.
Терминнің халықаралықтығы
(интернациональность тер-
мина)
– бірнеше ұлттық тілдердегі (кемінде үш тілде) тұлғалануы
жақын немесе бірдей және мазмұндары сәйкес келетін термин-
дердің болуы. Терминге қойылатын
бұл талапты ұсынушылар
оның себебін ғылыми зерттеушілердің
оның халықаралықтан-
дыру үрдісінің жанданып, мамандардың халықаралық байланы-
сын жасауға деген сұранысының артуына орай туындап отыр деп
түсіндіреді. Екінші қырынан қарағанда, терминологияны халықа-
ралықтандыруға қарсы –
деинтернационализация,
яғни терми-
нологиялық лексиканың ұлттық сипатын арттыру үрдісі де бар.
Әлемнің бірқатар елдері осы бағытты ұстанады. Терминдерді өз
тілінде жасауға басымдық береді. Сондықтан да бұл талапты да
терминге қойылатын негізгі талаптар
қатарына қосудың негізі
берік емес.
Терминологиялық
жұмыстардың негізгі, түпкі мақсаты –
жүйе ге түскен, жетілдірілген терминжүйе қалыптастыру екендігі
белгілі. Сол терминжүйе белгілі бір арнаулы саланың ұғымдық
жүйе сін тілдік тұрғыдан да реттеп, жүйеге түсіріп тұрған термин-
дер (сөздер) жиынтығы.
Терминжүйе құрастырылып, қалыптанғаннан кейін, ондай са-
ланың терминологиясы сөздік түрінде рәсімделіп,
мамандарға
ұсынылады. Бұл орайда қазіргі терминография мүмкіндіктері
мол. Сала терминжүйесін түрлі типтегі сөздіктер түрінде қол-
данысқа ұсынуға болады. Мәселен,
Достарыңызбен бөлісу: