53
Бұл морфеманың көмегімен жасалған терминдер осы мысал-
дардан көрініп тұрғанындай, негізінен орыс тіліндегі
-тель
суф-
фиксімен жасалған қосымшаларға сәйкес келеді. Біріншіден, мұн-
да бірізділік бар. Екіншіден, тіларалық сәйкестік сақталған. Орыс
тіліндегі құрал-саймандар
мен жабдықтардың, механизмдердің
атауын жасауда жиі қолданылатын суффикс арқылы жасалған
терминдер біздің тілімізде дәл сондай мағына беретін жұрнақ
арқылы туындаған. Терминдерді тіларалық біріздендіруде осын-
дай сәйкестіктердің маңызы ерекше. Үшіншіден, бұл көмекші
морфема арқылы жасалған
терминдердің ықшамдылығымен,
қолдануға қолайлылығымен де ерекшеленетіндігін айту керек.
Біздіңше, бұл терминжасам үлгісін тек энергетика саласында
ғана емес жалпы техника, механика, машинажасау, сәулет және
құрылыс сияқты өзге де көптеген салалардағы заттық, нақты
ұғымдарды атауда пайдалануға болады. Тек қазіргі терминжа-
сам тәжірибесінде орын алып жүргендей белгілі бір жұрнақтарға
салмақ салып, барлық арнаулы салалардың
терминдерін жасау
кезінде соларды ғана жаппай жалғай беруге жол бермеу жағын да
ойдан шығармаған жөн. Ұлт тіліндегі термин шығармашылығы-
ның жандана бастауына байланысты бұрын бірен-саран термин-
дерді жасауға ғана қатысып, аса өнімділік таныта қоймаған жұр-
нақтарды пайдалану арқылы жаңа терминдерді жасау үрдісі де
байқалады. Оған Ахаң ізімен жасалған мына төмендегі инфор-
матика және есептеуіш техника терминдерін мысалға келтіруге
болады.
Талдауыш – анализатор, жабдықтауыш – поставщик,
жүктеуіш – загрузчик, қосындылауыш – сумматор, құжатта-
уыш – документатор, жинақтауыш – накопитель, шоғырлауыш –
концентратор, шектеуіш – ограничитель, өңдеуіш – обработчик,
модульдеуіш – модулятор, маршруттауыш – маршрутизатор,
құрылмалауыш – конструктор, жөндеуіш – отладчик, жоспарла-
уыш – планировщик, сипаттауыш – описатель, вычислительная,
вычислительный (-ная) – есептеуіш, кодтауыш – кодировщик
т.б.
Берілген мысалдардан көріп
отырғанымыздай информати-
ка және есептеуіш техника терминологиясында қазақ тіліндегі