56
мин мәртебесі де айқын емес. Ғалымдардың бір тобы «мұндай тер-
миндер бар, олардың қорын молайту маңызды» десе, екінші тобы
«халықаралық термин деген ерекше мәртебелі термин жоқ, тер-
миндердің басым көпшілігі ұлт тілдерінде жасалуы қажет» дейді.
Терминологияны біріздендіруде қай бағытты ұстану керек
екендігін айқындап алудың маңызы айрықша. Әзірге терминқор-
ды дамытудың белгіленген қағидаттардың болмай отыруына
байланысты біріздендірумен айналысушы, терминологиялық жұ-
мыстарды ұйымдастырушы мамандардың бұл мәселеге қатысты
ғалымдар пікірі мен дәлелдерін білгені жөн.
Сонымен қазіргі қазақ терминологиясында арнайы назар ауда-
руды қажет ететін мәселенің бірі – тілімізге өзге тілдерден орыс
тілі арқылы еніп, «халықаралық терминдер» деген атқа ие болып
жүрген жүздеген атаулар. Мұндай атаулар көбінесе Еуропа мен
ТМД елдерінің бірқатарында қолданылады. Бұл санатқа жата-
тын атауларды аудару-аудармау, қабылдау, жазу туралы тілші-ға-
лымдар мен салалық мамандардың пікірлері сан қилы. Бізде бұл
мәселе соңғы жылдары мамандар назарына жиірек іліге баста-
ды. Дегенмен, жан-жақты зерттелген, ғылыми тұрғыдан толық
шешімін тапқан мәселелердің қатарына қосуға әлі ертерек. Нақты-
лайтын тұстары баршылық. Жалпы шет тілдерінен қабылданған
терминдерге деген көзқарастың терминология дамуының әр ке-
зеңінде әртүрлі болғандығы байқалады. Оны терминология да-
муының әр кезеңінде осы терминдердің қалай аталғандығынан да
көруге болады. Жиырмасыншы жылдың бас кезіндегі Ахмет Бай-
тұрсынұлы бастаған қазақ оқығандары өзге тілден қабылданған
сөздерді
Достарыңызбен бөлісу: