«жат сөздер», «кірме сөздер», «бұратана сөздер»,
«бөг де сөздер», «қотыр сөздер», «бұралқы сөздер»
деп атап, бұл
сөздердің тілімізге көптеп кіруін тілімізді шұбарлау ретінде қа-
былдаса, 30-жылдардан кейін бұл атауларға «интернационалдық
терминдер», «халықаралық терминдер» деген ат беріп, мұндай
атаулардың көптеген халықтардың тілдеріне ортақтығы, ғылым-
білім саласындағы қарым-қатынасты жеңілдететіндігі баса айты-
ла бастады. Өзге тілдерден енген сөздерді төл сөздеріміздей көр-
57
мей, оларды
жат, кірме, бөгде, қотыр, бұралқы, бұратана
деген
анықтауыштармен беру тіл тұтынушыларының, зиялылардың бұл
сөздерге деген сол кезеңдегі көзқарасын білдіреді. Бертінде ондай
сөздерді белгілі бір халық тілінің шеңберімен ғана шектелмей-
тін, бірнеше тілге қызмет ететін әмбебап сөздер ретінде оларға
«халықаралық» деген айрықша статус беріп тілімізге көптеп қа-
былдаудың прогрессивтік жағы атап айтылды. Қоғам дамуының,
терминология қалыптасуының әр кезеңіндегі шет тілдерінен ен-
ген сөздердің түрліше аталуы бір қарағанда соншалықты назар
аудара қоятындай мәселе сияқты көрінбеуі де мүмкін. Ал шын
мәнінде бұған елеусіз қалдыра салатын ұсақ-түйек нәрсе деп қа-
рауға да болмайды. Өйткені дәл сол атаулар арқылы ұлт зиялы-
ларының, ғылыми жұртшылықтың, көпшілік қауымның кірме
сөздерге берген бағасын көруге болады. Өзге тілден енген тер-
миндердің мұндай атаулары тек атауыштық қана емес, сонымен
бірге бағалауыштық қызмет те атқарып тұр. Бұл тек лингвисти-
калық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік, психолингвистикалық
тұрғыдан да қарастыруды, арнайы мән беруді қажет ететін, тіл
үшін маңызды мәселе. Мұндай нәрсеге қоғамдық сананың экс-
тралингвистикалық факторлардың ықпалымен немесе табиғи
жолмен өзгергендігін, болмаса мәжбүрлеу жолымен өзгертілген-
дігін анықтауға негіз болатын тілдік-тарихи дерек ретінде қарауға
да болады. А.Байтұрсынұлы, Н.Төреқұлұлы, Х.Досмұхамедұлы
сияқты ұлт зиялылары бастаған қазақ қауымы өзге тілден енген
термин сөздерді «жат сөздер» десе, неліктен олар кейін «интерна-
ционализмдер», «халықаралық терминдер» деп аталды?
Бізде сонау отызыншы жылдардан бастап күні кешеге дейін
терминдерді өзге тілдерден өзгеріссіз қабылдауды прогресшіл-
діктің, интернационалист болудың белгісі ретінде қабылдау, со-
лай насихаттау орын алып келді. Тек 90-жылдардан бермен қарай
ғана Ә.Қайдар, Б.Қалиұлы, Ә.Жүнісбек сынды тілші-ғалымдар
мен салалық мамандар, жалпы зиялы қауымның жекелеген өкіл-
дері өзгеше пікірлер айта бастады. Мұны да ел өмірінде болған
өзгерістердің қоғамдық санаға әсері, санадағы сілкіністердің
58
көрінісі деп тануға болады. Дегенмен, кешегі кеңестік білім беру
жүйесі миллиондардың санасына халықаралық терминдер туралы
біржақты түсінік қалыптастырғаны анық. Сондықтан да бүгінгі
таңда ондай атауларды орынды-орынсыз қорғаштап, бұрынғыша
өзге тілдерден дайын терминдерді лек-легімен қабылдай беруге
бейілділердің аз болмауы да табиғи нәрсе. Оған таңданудың қа-
жеті жоқ. Біздің қазіргі міндетіміз – кешегіміздің кемшілігі мен
жетістіктерін сараптай отырып, бұл мәселеде алдағы уақытта
ұстанатын ғылыми негізделген байыпты бағытымызды белгілеу.
Әрине, бұл тұста бізге кешегідей терминологиямызды шектен
тыс халықаралықтандырамыз, советтік терминқор жасаймыз
деп, біржақтылыққа ұрынғанымыз сияқты, тап-таза ұлттық тер-
минология қалыптастырамыз, тілімізді тазалаймыз деп, шет тіл-
дері сөздерінің бәрін жау көретін екінші бір шеткерілікке, бір-
жақтылыққа бой алдырып алмау жағын да ұмытпауымыз керек.
Өзге тілдерден сөз қабылдамай, сөз алмасу, термин алмасу про-
цесіне мүлде тосқауыл қойып тастау мүмкін де, қажет те емес.
Тілдер арасындағы өзара сөз алмасу қашан да болған, бола да бе-
реді. Шет тілдері терминқор қалыптастырудың сыртқы көзі ретін-
де орнымен пайдаланылса дұрыс, ал ұлт тіліндегі термин шығар-
машылығын шектеп, өзге тілдерден термин қабылдауға жаппай
жол беріп қарап отыру – шарасыздық. Тілдің бағын байлайтын,
мүмкіндігін шектейтін ондай әрекетсіздіктің жалғаса беруіне
немқұрайды қарауға болмайды. Кеңестік кезеңде терминология-
ны халықаралықтандыруға баса назар аударылғанына қарамастан,
сол 70-80-жылдарда да идеология мен жалпы ағымның ыңға-
йында кете бермей, өзіндік пікірлерін айта білген, құнды тұжы-
рымдар жасаған ғалымдардың да болғанын айту керек. Мәселен,
В.А.Гречконың терминнің қандай болуы қажеттігі жөніндегі
мақаласындағы мына тұжырымына назар аударып көрелік. Ға-
лым: «Геология и минералогия, например, располагают многими
тысячами заимствованных терминов. И что же? Безоглядное за-
имствование иноязычных слов обрекло все грядущие поколения
на изучение геологии как науки и как какого-то малознакомого
59
языка. Это, конечно, создает дополнительные трудности в освое-
нии науки. Выдержанные на национальной русской основе понятия
и концепции этих наук усваивались бы легче.» [Гречко В.А. Каким
должен быть термин?// Актуальные проблемы лексикологии и
словообразования. –Новосибирск, 1976. С.102.], – деп жазды.
Ғалымның бұл пікірі өте орынды айтылған. Бізде ғылымды
игеру сол ғылым тілінің негізгі кілті (терминдерді) жұмбақ атау-
ларды жаттаудан, жадыңа тоқудан, алдымен сол атаулардың мәнін
ашып, не мағына беретіндігін біліп алудан басталатыны белгілі.
«Бастауыш» деген терминнің сөйлемнің басында тұратын бас
мүше екендігін, ал анықтауыштың анықтайтын сөздің алдынан
келетін сөйлем мүшесі екенін, ана тілінде тілі шыққан кез келген
оқушының алғаш естігенде-ақ тұлғасына қарап тұспалдайтынын,
ал кейін оның сөйлемдегі қызметі мен анықтамасын білген соң
ешқашан ұмытпайтынын дәлелдеп жату артық. Себебі «бастау»,
«анықтау» сөздерінің мағынасын тіл ғылымын әлі оқымағанына
қарамастан, қазақша тілі шыққан әр бала біледі. Термин мағына-
сының ұғынықтылығы (прозрачность термина) мен тұлғасының
таныстығы ғылым-білімді игеру кезінде ғана емес, оның ұзақ
уақыт есте сақталуына, оңайлықпен ұмытылмауына да себеп бо-
лады. Сонымен қатар шет тілдерінің терминдерін ұзақ жылдар
бойы біз өз тілімізге орыс тіліндегі қалпында өзгертпей қабылдап
келеміз. Ондай терминдердің әдеби тілдің жалпы лексикасынан
айрықша оқшауланып, тілге кірікпей, тұлғалық, дыбыстық өз-
гешелігін көрсетіп, бөлектеніп тұратындығы байқалады. Алаш
зиялылары олардың осындай жаттығын жасырмай, өзгешеленіп
тұратын қасиетін байқағандықтан да кезінде «жат сөздер» деп
атаған болар. Бұл тұрғыда сол 80-жылдарда-ақ латыштардың кір-
ме атауларды өз тіліне қабылдау қағидаттарын дұрыс белгілегені
назар аудартады. Кезінде А.А. Реформатский де «өз тіліміздің
сөздерінің арасында халықаралық терминдер жатжұрттық болып
тұрмауы үшін, кірген тілінің тиісті қосымшаларын қабылдап,
септеліп т.б. өзгерістерге ұшырауы керектігін» [А.А.Реформат-
ский. Мысли о терминологии//Современные проблемы русской
60
терминологии. М.,1986. С.172.] атап көрсетсе, В.П.Скуиня да өз
мақаласында былай деп жазады: «Чтобы заимствования лучше
включились в общую систему заимствующего языка, при заим-
ствовании иноязычных терминов следует соблюдать требования
фонетико-морфологического принципа. Фонетический аспект
этого принципа предусматривает благозвучность заимствования
и соответствие его фонетическим нормам заимствующего (сис-
тема звуков и букв, законы звуко- и буквосочетаемости и т.д.)
морфологический аспект предусматривает соблюдение правил
морфологической структуры и грамматикализации слов в заим-
ствущем языке» [Скуиня В.П. Принципы заимствования иноя-
зычных терминов в латышской научной терминологии//Пробле-
мы разработки и упорядочения терминологии в академиях наук
союзных республик. М.,1983. с.253.].
Сонау ХХ ғасырдың басында-ақ алаш зиялылары жасап, ресми
бекіткен терминология қағидаттары бойынша кірме сөздер біздің
тілдің заңдылықтарына бағынып, бейімделіп алынуға тиіс бола-
тын. 30-жылдарда мұндай қағидаттар қатты сынға алып, «кірме
сөздерді қорламай дәл орыс тіліндегі қалпында жазу керек» деген
тұжырым жасалды. Содан кейін өзге тілдерден термин қабылдау-
да сол тұжырымы басшылыққа алынды. Соңғы жылдары бірқа-
тар тілші-ғалымдар тарапынан бұл мәселе қайта көтеріліп, ор-
фографиялық ережелерге тиісті өзгерістер енгізу жөнінде нақты
ұсыныстар айтылғанмен, дәстүрге айнала бастаған қағидаттар
әлі басшылыққа алынып келеді. Жекелеген атаулар мен термин
сөздерді (
Достарыңызбен бөлісу: |