ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУ БАРЫСЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР Сала ұғымдарын түгендеу, одан кейін оларды іріктеу, іштей
жіктеу немесе топтастыру (классификация), анықтама беру,
жүйе леу, нормалау, қалыптау, стандарттау, үйлестіру жұмыстары
рет-ретімен жүргізіледі. Терминологияны біріздендірудің соңғы
кезеңінде терминжүйені қалыптап (кодтап), нормативтік сөздік
жасалады. Кейбір ғалымдардың қалыптау (кодификация) мен
нормалау терминдерін синоним атау ретінде қарастыруына бұл
жұмыстардың осылай бір-бірімен тығыз байланыста атқарылуы
себеп болса керек. Осы қалыпталған терминдер терминология-
лық стандарттарға енгізіледі.
Терминологияны реттеу теориясының метатілінде қолданы-
латын негізгі терминдер иерархиясы сызба түрінде көрсетіл-
ді. Бұл метатілде терминологиялық жұмыс түрлерінің атаулары
ретінде қолданылып жүрген бұлардан өзге де бірқатар термин-
дер бар. Олардың ішінде жекелеген ғалымдар мен сала маман-
дарының қолданысындағы авторлық терминдер де
(логизация, универсализация, регламентация, симплификация, спецификация, типизация, координация, международная интеграция) де, си-
ноним терминдер де бар. Олардың бәрін жарыстыра жұмсаған-
нан метатілдің ұтары шамалы. Ал сызбадағы көрсетілген басты
ұғымдардан таралған түрлік ұғымдардың атауларын осы негізгі
ұғымдардың ішкі құрылымын, мәнін тереңірек аша түсу үшін
қолдану орынды. Мәселен,
термин таңдау, терминологияны құрастыру, терминологиялық сараптама, терминологиялық ау- дарма, терминологиялық редакциялау, терминологияны талдау, терминологиялық мониторинг және басқа да бір топ терминдерді
осы қатарға қосуға болады. Төменде сондай терминологиялық
жұмыс атаулары да анықтамасымен қоса беріліп отыр:
Терминдерді түгендеу (инвентаризация терминов) – белгілі
30
бір саланың, пәннің барлық немесе оның бір тармағының термин-
дерін жинау және сипаттау. Терминологиялық жұмыстар осы тү-
гендеуден басталады.