32
апаратын жағдайда терминге қойылатын талаптарды қанағаттан-
дыратын, мейлінше дұрыс жасалған терминдерді қолдануға ұсы-
ну. Оның нәтижесі ұсынылған терминдер жинағы ретінде жария-
ланады. Қазақстанда терминологияны қалыптандыру жұмыстары
негізінен ұсыныс түрінде жүзеге асады. Салалық мамандар мен
тілшілердің сараптамасынан өткізілген терминдер Қазақстан Рес-
публикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминология комис-
сиясы арқылы бекітіліп, көпшілікке ұсынылады. Олар бекітілген
терминдер жинағы ретінде жарияланып жүр. Бірақ олардың мүл-
тіксіз қолданылуы стандарт сияқты қатаң талап етілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: