35
сәйкес терминологияны біріздендіру мазмұндық, логикалық және
лингвис тикалық үш деңгейде жүргізіледі. Жалпы терминологияны
біріздендіру негізі осы үш деңгейде бірдей жүргізілуіне қарамастан
әр арнаулы саланың терминологиясын біріздендірудің кейбір өзін-
дік ерекшеліктері болады. Бұл – сол салалық терминологияның та-
биғатына, ұғымдар жүйесі мен терминжүйенің айырмашылықта-
рына байланысты туындайтын ерекшеліктер. Тұтастай алғанда
терминологияны біріздендірудің тәртібі барлық салаға ортақ.
А.А. Реформатский салалық терминологияны біріздендіру
мына мәселелерден тұрады дейді. Олар: 1. біртұтас салалық тер-
минологияны жоспарлы түрде жасау жұмысы ретінде қолданыс-
тағы терминологияны әлеуметтік-саяси, өндірістік және линг-
вистикалық өлшемшарттар тұрғысынан тексеру; 2) стандарттау
арқылы терминдерді іріктеп алу мен синонимдерді біріздендіру;
3) омонимдерді арнайыландыру (спецификация); 4) терминоло-
гияның анықталған бос кеңістіктерін толықтыру.
Өткен ғасырдың 30-жылдары ертеректе айтылған пікір болса да,
ғалым көрсеткен мәселелердің бірқатары әлі де өзекті. Терминта-
ну ғылымының одан бері бір ғасырға жуық дамуына байланысты
алдыңғы тәжірибелерді ескере отырып, кейінгі кезеңдерде жүр-
гізілген терминологиялық жұмыстарды әр қырынан қарастыр ған
зерттеулерге жүгінген де орынды. Бұл тұрғыдан келгенде қазіргі
терминтанушы ғалымдардың көпшілігі терминологияны бірізден-
діруді алдымен сала ұғымдарын реттеп, олардың ұғымдар жүйе-
сіндегі орындарын анықтап алудан бастауды ұсынады.
Ұғымдар жүйесі қалай түзіледі?
Достарыңызбен бөлісу: