41
майтындығы толық дәлелденбеген. Керісінше,
кәсіби лексика-
ның бұл мәселесін әлі де тереңірек зерттеу қажет деп ойлайтын-
дар қатары қалың. Терминологиядағы бұл құбылысты зерттеген
Г.Ф. Курышко (Явление синонимии в профессиональной лексике)
мамандар мен оған арнайы тоқталған ғалымдар аз емес. Сонымен
терминдердің синонимінің болуы ғылым тіліне, терминологияға
тән емес, жат құбылыс деп саналғанымен,
синоним терминдер
сала тілінде ұшырасып жатады. Сала терминдерінің арасында си-
нонимдердің ұшырасуы терминологияның кемшіліктерінің қата-
рына кіреді. Сондықтан арнаулы салалардағы осы синоним-тер-
миндерден арылу терминологияны біріздендіру жұмысының
міндеттерінің бірі деп танылады.
Терминологияны біріздендіру
кезінде синоним терминдер арасынан терминге қойылатын та-
лаптарға сай деп танылған бір термин іріктелініп алынады. Мұн-
дай таңдау кезінде тіл маманы, терминтанушы ол терминнің ұғым
мазмұнын дәл беруімен қатар оның
тіл нормаларына сай болу
жағын да сөзсіз есепке алады. Терминнің ықшамдылығы, жағым-
ды дыбысталуы,
анықтамасының айқын, мағынасының дәл бо-
луының талап етілуі соны көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: