Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері


Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес



Pdf көрінісі
бет24/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40
Байланысты:
терминология книга

3. Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес 
келуі 
(соответствие словообразовательным законам языка). 
Терминдер де негізінен жалпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты 
ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы туындайды. 
Салалық терминдердің көпшілігі әр сала ғалымдарының, прак-
тик мамандарының қаламынан туындайды. Салалық маман-
дардың барлығы бірдей ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін, тілдік 
заңдылықтарды, дыбыстардың тіркесімі мен қосымшалардың 
жұмсалу ерекшелігін, сөздердің тіркесу қабілетін жетік біледі деп 
айту қиын. Оның үстіне ұтымды атау жасау үлкен талғампаздық 
пен шығармашылық қабілетті қажет ететін күрделі жұмыс. Сон-
дықтан да терминологияда сөзжасам заңдылықтарын қанағаттан-
дыра бермейтін термин-сөздер ұшырасып қалып жатады. 
4. Тілдік нормаға сәйкес келуі
(соотвествие нормам языка) 
– кәсіби жаргондардың, фонетикалық және грамматикалық нор-
мадан ауытқулардың болмауы. 
5. Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы
(дерива-
ционная способность термина).
Бұл талап терминнің ықшам бо-
луы қажет деген талаппен үндеседі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер 
қатарына кіретіндіктен, неғұрлым қысқа, ықшам атауларға сөз 
тудырушы жұрнақтарды үсті-үстіне жалғау арқылы бір түбірден 
немесе негізден бірнеше туынды сөз, жаңа атау жасауға болады. 
Ал көп құрамды атаулар бұл талапқа жауап бере бермейді. Бұл 


45
талапты терминге сөз тудыруға (деривациялық) қабілеттілігі деп 
те атайды. Ықшам жасалған, қысқа терминнен туынды термин 
жасау мүмкіндігі қашанда мол. 
6. Терминде эмоционалдықтың болмауы
(отсутствие 
эмоциянальности). 
Жалпы ғылым тілі бейнелілікті, образ-
дылықты емес, әр ұғымды өз атымен атауды қажет ететін дәлдік-
ті, нақтылықты қалайды. Сол себептен де ғылым тілінің негізін 
құрайтын терминдердің эмоционалдық тұрғыдан бейтараптық 
танытып, оларға экспрессияның тән болмауы талап етіледі. 
Ескерту: Терминге эмоционалдылық пен экспрессиялық жат емес 
деп санайтын тілші-терминолог ғалымдар да бар. Солардың бірі
В.Н. Прохорова «Терминнің эмоционалдылығы туралы» деген 
мақаласында лексика-семантикалық жолмен жасалған термин-
дердің метафорлылығы мен метонимиялылығы оның эмоцио-
налғын білдіреді... Сондай-ақ егер термин белсенді қолданыстағы 
эмоционалды сөздерден жасалса, онда термин де сол эмоционал-
дық бояуды сақтайды – дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет