Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет28/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
терминология книга

Сөйлемнің тұрлаулы 
мүшелері
Сөйлемнің тұрлаусыз 
мүшелері
Бастауыш
Баяндауыш
Анықтауыш
Толықтауыш
Толықтауыш
2-үлгі
СЫН ЕСІМ
Сапалық сын есім
Қатыстық сын есім
Салыстырмалы шырай
Күшейтпелі шырай


50
САН ЕСІМ
Есептік 
сан есім
Реттік 
сан есім
Жинақтық 
сан есім
Топтық 
сан есім
Болжалдық 
сан есім
Бөлшектік 
сан есім
ЕСІМДІК
Жіктеу 
есімдіктері
Сілтеу 
есімдіктері
Сұрау 
есімдіктері
Өздік 
есімдіктер
Белгісіздік 
есімдіктері
Болымсыздық 
есімдіктері
Біріздендіруде терминнің ұлттық үлгілерін 
қалыптастыру не үшін қажет?
ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ БІРІЗДЕНДІРУДЕ ҰЛТТЫҚ 
ТЕРМИНҮЛГІЛЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МӘСЕЛЕСІ
Терминтану ғылымында терминүлгі 
(терминомодель) 
деген 
термин бар. Ол сала терминдерінің белгілі бір қалыптасқан сөз-
жасамдық үлгісі бойынша біртектес болып жасалуына негіз бо-
лып отырған үлгіні (моделді) білдіреді. Терминологиясы жақсы 
жүйеленген кейбір тілдерде көптеген арнаулы салалардың өзіне 
тән терминүлгілері бар. Ғалымдар мұны жақсы жүйеленгенді-
гінің көрінісі деп те атайды. Терминологиямызды реттеу, біріз-
дендіру кезінде бұл мәселені де ескерусіз қалдырмаған дұрыс. 


51
Тілімізде бар байырғы сөздеріміздің есебінен терминқорымыз-
ды толықтыру кезінде немесе кез келген арнаулы саланың жаңа 
терминдерін жасау барысында белгілі бір үлгіні сақтаудың тер-
минология үшін маңызы зор. Бұл ең алдымен терминологиядағы 
жүйелілікті бұзбау үшін қажет. Ал терминологиядағы жүйелілікті 
кейбір терминолог ғалымдар терминологияның басты қағидаты 
деп санайды. Осы уақытқа дейін бізде көбінесе шетелдік, оның 
ішінде, латын, грек тілдерінен енген терминдік элементтерді пай-
далана отырып термин жасасақ, терминологиядағы жүйелілік 
сақталады деген пікірге иек артып келдік. Ал ұлт тіліндегі тер-
мин шығармашылығын дамытып, өз тіліміздің ішкі мүмкіндігін 
пайдалана отырып та ұлттық терминқорымызды жүйелі қалып-
тастыруға болатындығын ғылыми негіздеп, терминологияның 
практикалық жұмыстарын сол бағытта жүргізуге көп көңіл бөлін-
беді. Cалалық терминологиялары жүйеленген бірқатар тілдерде 
әр саланың өзіндік ерекшелігін, ұғымдар жүйесінің өзара байла-
нысын дәл таңбалай отырып жасалған терминқорлары бар. Олар 
мұндай жүйеленген терминқор қалыптастыру үшін негізінен өз 
тілдерінің немесе қажеттілігіне қарай өзге тілдердің қосымшала-
рын, терминдік элементтерді пайдаланады. Біздің кеңестік кезең-
дегі терминжасам тәжірибемізде өзге тілдік элементтерді пайда-
лану, дәлірек айтқанда, өзге тілде жасалған терминдерді дайын 
қалпында қабылдау дәстүрі орныға бастаған еді. Терминқорымы-
здағы 
микро-, макро-, ультра-, гидро-, аэро-, авиа-, авто-, нео-, 
контр-, моно-, анти-, архи-, транс-, супер-, гипер- 
сияқты грек, 
латын негізді терминдік элементтер соның көрінісі. 
Кейінгі ширек ғасыр көлемінде ұлт тілінде термин жасау ісі де 
біршама жандана бастауына байланысты терминжасамның ұлт-
тық үлгілерін (модельдерін) қалыптастыруға деген ұмтылыс та 
айқын аңғарылып отыр. Тіліміздегі кейбір қосымшалардың арнау-
лы салалардың терминдерін жасау барысында өнімді пайдаланы-
ла бастағандығын көруге болады. Бір айта кететін нәрсе – қазір-
гі термин шығармашылығының өткен ғасыр басындағы термин 
жасау тәжірибесіне табан тіреп отырғандығы. А.Байтұрсынұлы 


52
бастаған қазақ зиялыларының термин жасау үлгісімен туындап 
жатқан көптеген жаңа терминдер соның дәлелі бола алады. Мұны 
үзіліп қалған ұлттық терминжасам дәстүрінің араға 60-70 жыл 
салып барып қайта жалғасын табуы деуге де болады.
Жүйеленген салалық терминологияны қалыптастыруда сол 
саланың терминдерін белгілі бір сөз тудырушы морфемаларды 
немесе терминдік элементтерді пайдалана отырып жасау тәжіри-
бесі бар. Бізде де кейбір арнаулы сала терминдерін жасауда соңғы 
жылдары біршама өнімді жұмсалып жүрген жұрнақтардың бар 
екенін аңғаруға болады. Мәселен, ісжүргізу саласында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет