Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет33/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40
Байланысты:
терминология книга

Funk-, Rundfunk
және 
Fernsehen
түрінде ұлт тілінің 
негізінде жасалуы мен осы терминдерден көптеген туынды тер-
миндердің 
(Funkanlage – «радиоустановка», Funkspruch – «ра-
диограмма», Fernsehsendung – «телепередача», Fernsehapparat 
– «телевизор»)
өрбуі терминнің халықаралықтығының шарт-
тылығын көрсетсе керек. Чехословакияда 30- жылдардан бастап 
неміс және латын-грек терминдерінің орнын алмастыратын тер-
миндер жасап, терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыруға 
берілді. Ал Франция мен Канаданың французтілді аймақтарында 
ғылым мен техниканың барлық саласындағы ағылшын тілінен 
алынған терминдерді француз сөздерімен алмастырып, ғылыми 
терминологияны француз тілі негізінде қалыптастыру бағытын 
ұстанып отыр. Бұл жұмыс оларда мемлекеттік маңызы бар іс деп 
саналады. Соңғы жылдары Францияда да ұлт тілінің тазалығын 
сақтау мәселесіне айрықша мән беріліп, әсіресе, ағылшын тілінің 
әсерінен арылу жолында белсенді жұмыстар жүргізілуде. Түркі 
тілдес халықтардың арасында мұндай жұмыс тек түрік тілінде 
жүргізілді деуге болады. 1932 жылы Ататүріктің тікелей арала-
суымен «Түрік тілі» қоғамының өткізген бірінші құрылтайында 
бірнеше қаулылар қабылданды. Онда халық тілінің байлығын жи-


67
настыру туралы шешім қабылданды: 1) Халық тіліндегі және ескі 
кітаптардағы түрік тілінің байлықтарын жинастырып оны жа-
рыққа шығару; 2) Түрікше жаңа сөз жасау жолдарын іздестіріп, 
түрік түбірлері негізінде сөз тудыру; 3) Түріктің жазу тілінде өте 
көп қолданылып жүрген шет тілдерінен кірген сөздердің орны-
на таза түрік сөздерін алып, оларды жарыққа шығару және қа-
лыптастыру. Жалпы түркі халықтарының ортақ терминология-
лық қор құра алмауына, терминжасам тәжірибелерін бөлісуге 
мүмкіндіктің берілмеуіне қоғамның саяси жүйесі кедергі болып 
келді. Тәуелсіз түркітілді мемлекеттердің құрылуына байланыс-
ты бұл мәселе көтеріліп жатқанымен түрлі себептерге байла-
нысты әзірше нақты жұмыстар қолға алына қойған жоқ. Біздің 
«аударуға болмайды» деп жүрген халықаралық терминдерімізді 
моңғол тілінің игеруі де айрықша назар аудартады. Олар: 
микро-, 
авиа, аэро-, анти-, контр-, транс-, моно-, гидро-, нео-, граф-, 
грамма-, гипер-, супер-, ультра-, архи-
сияқты грек, латын тер-
миноэлементтерімен келетін халықаралық терминдерді ұлт тілі 
негізінде игеріп отыр. Мәселен, 
хэт даралат «гипертония», хэт 
ихэсгэл «гипербола»; бичил харуур «микроскоп», бичил гадаргуу 
«микрорельеф»; улэмж урцэг «макроспоры», улэмж бутэц «ма-
кроструктура»; нисэх зам «авиатрасса», нисэх шугам «авиали-
ния», агаар судлал «аэрология»; агараарын эмчйлгээ «аэротера-
пия», ганц сэдэвт «монография», ганц утгат «моносемия»;шинэ 
иг хэллэг «неологизм», шин сийвэн «неоплазма»
т.б. [Пюрбеев Г.Ц. 
Современная монгольская терминология. –М., 984. – C.103-106.]
Әртүрлі тілдердің термин жасауда ұстанған бағыттары, тер-
минжасам тәжірибелері оларда біздегідей «халықаралық тер-
миндер» деп аталатын аударуға, ұлт тілінің ерекшелігіне сәйкес 
өзгертіп жазуға болмайтын айрықша мәртебесі бар «киелі» сөз-
дер тобының қалыптасқанын көрсетпейді. Алайда ұлт тілдерінде 
халықаралық терминдердің орнын алмастыра алатын терминдер 
жасаумен бірге халықаралық терминологиялық қор құруға деген 
ұмтылыстың да бар екенін айтпасқа болмайды. Әзірге дүниежүзі 
халықтарының барлығына ортақ ресми мойындалған терминдер 


68
қоры қалыптаса қойған жоқ. Тек бірнеше тілде сол тілдердің фо-
номорфологиялық заңдылықтарына сәйкес түрлі деңгейде өз-
геріске ұшырау арқылы қолданылып жүрген терминдер тобы – 
«халықаралық терминдер» деп аталынып жүр. Бұл қатарға әсіресе 
грек, латын терминдік элементтерімен келетін терминдер көбірек 
кіреді. Өйткені терминтанушы ғалымдар дұрыс көрсетіп жүр-
геніндей, ондай терминдік элементтердің қазіргі ұлт тілдерінің 
ешқайсысына қатыссыздығы, бірнеше тілге ортақтығы, ұғымдар 
жүйесін бірізділікпен беруге бейімділігі сияқты артықшылықта-
рының бар екендігі pac. Қазақ терминологиялық лексикасының 
елеулі бөлігін осындай терминдер құрайтыны белгілі. Ондай тер-
миндерді «аударуға болмайды», «ондай терминдермен таңбала-
натын ұғымдарды біздің өз сөздеріміз бере алмайды» немесе «ха-
лықаралық терминдерсіз ғылымымыз дамымайды, өркениеттен 
шеттеп қаламыз» деген пікірлердің біржақтылығы сияқты «бір-
де-бір шет тілінің сөзін қалдырмай тап-таза ұлттық терминология 
жасаймыз» деген пікірді де терең зерттеу барысында қол жеткен 
түбегейлі ғылыми тұжырым деп тану қиын. Сондықтан да ха-
лықаралық терминдер мәселесін арнайы зерттеп, оларды қабыл-
дау, аудару және жазу тәртібін белгілеу қазақ терминологиясының 
даму бағытын айқындау үшін өте қажет. Осы тұста «Сөздің ха-
лықаралық терминдер қатарына енуі немен байланысты?», «Қа-
зақтың төл сөздері қандай жағдайда халықаралық қолданысқа 
түсуі мүмкін?» – деген сұрақтардың туындауы заңды.
Түркі халықтарының үстемдігі орнап тұрған замандарда біздің 
сөздеріміз де өзге тілдерге жүздеп, мыңдап енгені тарихтан бел-
гілі. Мәселен, Е.Н.Шипова 1976 жылы жарық көрген «Словарь 
тюркизмов в русском языке» деп аталатын сөздігінде бір ғана 
орыс тілінде екі мыңдай түрік сөзі қолданылып жүргенін көрсе-
теді. Кейіннен тарих аренасындағы иеленген орнымызға қарай 
біздің тіліміздің ықпалы да әлсіреді. Ал КСРО құрамында болған 
70 жылда термин шығармашылығын дамытудан гөрі дайын тер-
миндерді қабылдау дәстүрге айналды. Терминологияны халықа-
ралықтандыру бағытын ұстанып келгендіктен, терминқорымыз-


69
дың басым бөлігі орыс тіліндегі қалпын сақтап қабылданған кірме 
терминдерден тұратын болды. Терминтануда осы терминқорды 
халықаралықтандыруға қарсы «деинтернационализация» деген 
процестің бар екендігін жоғарыда айттық. Бұл – бұрын тарихи, 
саяси-экономикалық немесе басқа да жағдайларға байланысты 
өзге тілдерден дайын терминдерді шектен тыс көп қабылдап кел-
ген халықтардың сол кірме терминдердің орнын өз тілдерінің 
сөздерімен жаппай алмастыру процесі. Мұндай процесс әдетте 
қабылдаушы тілдердің иесі болып табылатын халықтың ғылым-
білімі, экономикасы дамып, ұлттық мемлекеттің негізі нығая 
бастаған уақытта қылаң береді. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі ке-
зеңде бізде де бұл құбылыс көрініс бере бастады. Ұлттық мем-
лекетіміздің сипаты мен тіліміздің қоғам өмірінде алып отырған 
орнына, яғни елдегі тілдік ахуалға сәйкес деинтернационализа-
ция процесі бізде өте әлсіз, мардымсыз түрде жүріп жатқаны бай-
қалады. Терминолог ғалым В.А.Татаринов бұл жөнінде: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет