Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері


«Деин- тернационализация терминологии – это понятийный рост на



Pdf көрінісі
бет34/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40
Байланысты:
терминология книга

«Деин-
тернационализация терминологии – это понятийный рост на 
национальной почве.
(қою әріппен ерекшелеген біз – Ш.Қ.) Ин-
тернациональная терминология не бывает наднациональной, с ее 
помощью можно проследить особенности технологической кон-
куренции между культурами и сделать выводы о жизнестойкости 
той или иной национальной культуры». [Татаринов В.А. Теория 
терминоведения. Том 1.С. 226-227.].
Ғалым пікіріне сүйенсек, біз ұғымдарды ұлт тілінде атау арқылы 
ұғымдар жүйесін өз тілімізде игере бастаған болып шығамыз. 
Алайда әлеуметтік лингвистикалық факторларға сәйкес бұл про-
цестің жандануына қарсылық та бар. Ұлт тіліндегі термин шығар-
машылығы жандана бастаса оны пуризмге жол беріп жатырмыз 
деп дабырайта көрсетуге құмар немесе объективтік, субъектив тік 
түрлі себептерге байланысты соған мүдделі адамдар да жоқ емес. 
Түптеп келгенде, осының өзі ұлттық негізі берік қалыптасқан елге 
тән нәрсе емес. Кез келген ұлттық мемлекет өз тілінің кең тара-
луын көздейді, мүмкіндігінің жеткенінше сол бағытта мақсатты 
жұмыс жүргізеді. Олар терминологияда деинтернационализация 


70
процесінің өз тілдерінің ішінде жүзеге асып, халықаралықтандыру 
процесінің өздері тарапынан өзге тілдерге қатысты жүргізілгенін 
қалайды. Оны терминологияны халықаралықтандыру ғылым қа-
жеттілігі деп сөз жүзінде өзгелерге қатысты ғана айтқанымен, өз-
дері керісінше бағыт ұстанып отыр ған көптеген дамыған ұлттық 
мемлекеттердің әрекетінен көруге болады. Айталық, француздар 
неге ағылшын сөздерін тіліне қабылдаудан қашады? Біз нелік-
тен көршісі әрі туыстығы жағынан бізден гөрі әлдеқайда жақын 
француз тілі іргесін аулақ салып отырған сол ағылшын сөздерін 
қабылдауға тиіспіз? Ұлттық мемлекетіміздің іргесі бекіп, оның 
экономикасы мен ғылым-білімі өркендеп, тіліміз өз еліміздегі және 
халықаралық дәрежедегі қолданысын орнықтырған кезде біздің 
сөздеріміз де өзге тілдерге енетіндігіне күмән келтірмеуге болады. 
Бірақ мұның бәрі оп-оңай, өздігінен бола салатын нәрселер емес. 
Отандық ғылым мен технологияның дамуымен, ел экономикасы-
ның өркендеуімен байланысты шешімін табатын мәселелер. Әр 
ұлт өз тілінің өркендеуін, кең таралуын көздейді. Сол ұлттық тіл 
мемлекеттік тіл болып саналатын ел тіл саясатын өз жұртының тіл-
дік мүддесін, оның бүгіні мен болашағын жан-жақты ойластыра 
отырып белгілейді. Белгілеп қана қоймайды, мемлекет сол өзі бел-
гілеген бағытта мақсатты түрде жұмыс жүргізеді.
Терминологияны біріздендіру мен стандарттау кезінде тер-
минқорымызға ертеректе еніп «халықаралық терминдер» деп 
аталып келген терминдердің кейінгі жылдары қолданысқа енген 
ұлттық баламаларын қалыптау мен жаңаларын тілге қабылдау 
мәселесін де шешуге тура келеді. Мәселен, 90-жылдарға дейін 
аударуға болмайды делініп келген көптеген кірме атаулар 
әуе-
жай, жеделхат, бағдарлама, бейнетаспа, қаржы, қаржыгер, 
заңгер, елтаңба
түрінде аударылып, тілде кеңінен қолданылып 
жүр. Кірме атаулардың бәрін «халықаралық термин» деп танып, 
оларды орыс тілі арқылы толассыз қабылдауды жалғастыра беру 
ұлт тілінің нығайғандығын емес, үстем тілдің шылауына шыға 
алмаудың белгісі. Қазір бұл мәселе жаңа әліпби мен емле ереже-
лерін жасаумен байланысты қарастырылып жатыр. Тілдің дыбыс-


71
тық жүйесін дәл бейнелейтін әліпби мен тіл табиғатына сай емле 
ережелері жасалса, өзге тілдерден енген терминдерді дұрыс жазу 
және оларды тілге бейімдеп қабылдау мәселесі де қоса шешіледі.
Терминологияны стандарттау қашан және қалай 
жүзеге асуға тиіс?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет