Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері



Pdf көрінісі
бет35/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
терминология книга

СТАНДАРТТАУ – ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ 
БІРІЗДЕНДІРУДІҢ КЕЙІНГІ САТЫСЫ
Біз терминологияны стандарттау – біріздендірудің жалғасы, ке-
лесі сатысы немесе біріздендірудің әдісі деп қарайтын ғалымдар 
пікіріне қосыламыз. Бұл орайда: «Біріздендірілген терминология 
стандарттау нысаны бола алады» 
(В.П. Даниленко, Л.И. Сквор-
цов)
деген ғалымдар тұжырым орынды айтылған. Терминология 
біріздендірілген, жүйеленген жағдайда ғана оны стандарттауға 
болады. Бұдан да біріздендірудің қаншалықты маңызды екенін 
әрі терминологиялық жұмыстардың өзара өте тығыз байланысты, 
бір-біріне жалғасты, тәуелді екенін көруге болады. 
Терминологияны стандарттау сала ұғымдарын нақтылап, олар-
ды орнымен пайдаланып, мағынасын дәл түсінуді қамтамасыз 
ететін өте жауапты да қажетті терминологиялық жұмыс тардың 
бірі. Терминологияны стандарттау әр ұғым үшін бір ғана сөзді 
таңдап алып, оларды арнаулы құжаттарда бекіту (Г.В. Степа нов). 
Ғалымдар әсіресе, ғылым саласында терминдерді шектен тыс қа-
таң нормаларды сақтауға мәжбүрлеп стандарттау ғылыми ой-са-
наның дамуын тежеп, оған кедергі келтіруі мүмкін деп санайды. 
Сондықтан терминологияны қалыптау (кодифи кациялау) арқылы 
міндеттеудің екі сатысы белгіленген. Біріншісі, егер ғылым са-
ласындағы қатаң нормалау ғылыми ойдың дамуына кедергі кел-
тіретін болса, онда терминге қойылатын талаптарға барынша сай 
келетін терминдердің жинағын шығару. Екіншісі – ұғымды дәл 
беретін бірмағыналы терминді пайдалану сөзсіз қажет болатын 


72
болса (негізінен өндіріс саласында), онда терминдерді қалып-
тандыру мемлекеттік немесе салалық стандарттар арқылы жү-
зеге асырылады. Терминология лық стандарт – терминдер мен 
олардың анықтамаларын сол ұсынылған қалпында қолдануды 
міндеттейтін құқықтық құжат, яғни, терминологияны бірізден-
діруде оларды қа лыптау арқылы ұсынылған терминдердің сөздігі 
(жина ғы), одан кейін терминологиялық стандарт жарияланады.
А.В. Суперан ская, Н.В. Подольская, Н.В. Васильева сияқты бел-
гілі ғалымдардың «қалыптау» мен «стандарттау» терминдерін 
сино ним атаулар ретінде қарауына да бұл жұмыстардың бір-бірі-
мен тығыз байланыста жасалатындығы себеп болса керек. Қалып-
тау әдетте абстракті ұғымдары көбірек кездесетін ғылым салала-
рында, кейін гісі заттық, нақты ұғымдары басым өндіріс, басқару, 
ішкі және сыртқы сауда сияқты салаларда жиі қолданылады.
Терминологияның стандартталғандығы ақпараттандыру үде-
ріс терін автоматтандырудың негізгі шарты деп саналады. Бұл 
тұрғыдан қарағанда да қазіргі технология мен ақпараттандыру 
ғасырында терминологияны стандарттаудың маңызы зор. Ғылым 
мен техниканың түрлі салаларының терминжүйесімен бірге, тіл-
дің қоғам өміріндегі қолданысын қамтамасыз етуде, алуан түрлі 
ісқағаздарын жүргізуде нормативтік құқықтық терминологияны 
стандарттау да өте маңызды.
Терминологияны стандарттау көптеген тілдерде қарқынды 
түрде жүзеге асырылды. Өткен ғасырдың 90-жылдарына қарай 
әлемде 15 мың стандарт болса, соның 200-ін Халықаралық стан-
дарттау ұйымы ISO, тағы соншасын СЭВ бекіткен екен. Осы де-
ректің өзі көптеген елдерде терминологияны стандарттауға ерек-
ше мән беріліп отырғанын көрсетеді. 
Ғылыми-техникалық терминологияны стандарттаудың негізгі 
міндеттері: 
• Терминдер мен олардың анықтамаларының стандартында 
ғылым мен техникалық дамудың қазіргі ғылыми білімді тіркеуі; 
• ғылыми-техникалық терминологияның ұлттық және халық-
аралық деңгейлерін үйлестіру; 


73
• ақпараттық жүйелерде қолданылатын лексикалық бірліктердің 
өзара байланыста әрі келісіле отырып дамуын қамтамасыз ету;
• құжаттар мен әдебиеттердегі терминдердің кемшіліктерін 
анықтап, оларды түзету.
Терминологияны стандарттаудың негізгі кезеңдері:
1. Барлық атаулардың, соның ішінде терминдердің де мәтіндер 
мен сөйлеу тіліндегі түрлі қолданыстарын, жаргондық, кәсіби-
диалек тілік синонимдерін толық жүйелеу. Осы кезеңде термино-
логиялық сөздіктердің барлық түрлері дайындалуы керек. 
2. Соның негізінде шынайы қолданыстағы терминологияға 
баға беріліп әрі біріздендірілетін терминжүйенің нақты логика-
лық-ұғымдық үлгісін жасау. 
3. Терминологияның өзін стандарттау. Терминологияның ло-
гика-грамматикалық ұйымдастырылуын, сөзжасамдық қабілетін, 
жүйелілік пен өзге де маңызды сипаттарын талдау бүкіл термин-
дер арасынан түрлі әдебиеттер мен басылымдарда ресми қолда-
нуға ұсынатын терминдерді таңдап алуға мүмкіндік береді. 
Cтандартталған терминдердің құжаттардың барлық түрлері 
мен тиісті ғылыми-техника саласының әдебиеттерінде қолда-
нылуы міндеттеледі. 
Нормативтік терминологиялық сөздіктердің ең кең тараған 
түрі – «Сөздік-стандарт». Мұндай сөздіктің ресми мәртебесі 
болады. Онда қамтылған терминдерді белгілі бір арнаулы сала-
ның терминжүйесінде дәл сол қалпында қолдану міндеттеледі. 
Сөздік-стандартта тек терминдер ғана беріліп қоймай, сол стан-
дарт қолданылатын сала нақты көрсетіледі. Сөздік-стандарттың 
сөздік мақаласында «Термин» және «Анықтамасы» деген бөлік-
тері болады. Мысалы, мына төмендегідей үлгіде беріледі: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет