Шерубай Құрманбайұлы терминологияны біріздендірудің Ғылыми-әдістемелік негіздері


БІРІЗДЕНДІРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАРИЯЛЫЛЫҒЫ



Pdf көрінісі
бет37/40
Дата20.08.2023
өлшемі0,65 Mb.
#105417
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
Байланысты:
терминология книга

БІРІЗДЕНДІРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЖАРИЯЛЫЛЫҒЫ
Терминологияны біріздендіруде саты-саты бойынша атқа-
рылатын терминологиялық жұмыстарды кәсіби деңгейде сауат-


78
ты жүргізумен бірге осы жұмыс барысын сала мамандары мен 
көпшіліктің біліп отыруы өте маңызды. Біріздендіру жұмыстары 
нәтиже беру үшін бекітілуге, біріздендірілуге ұсынылып жатқан 
сала терминдерін талқылауға сол арнаулы сала мамандары мен 
терминдерді болашақта пайдаланатын жалпы жұртшылықтың қа-
тысып, іс барысымен танысып, оған үн қосып отыруы керек. Сон-
да ғана олардың келешекте мамандар мен жұртшылық тарапынан 
жатсынбай қабылданып, тілдік қолданысқа еніп кетуіне негіз 
қаланады. Әсіресе, салалық мамандар арасында өзі араласпаған, 
басынан атсалыспаған істі мақұлдап, бұрын естіп көрмеген, та-
ныс болмаған жаңа терминді бірден қолданып кететіндер көп 
болмайды. Терминжасам, бүкіл термин шығармашылығы ашық, 
жария түрде жүргізілсе, оның тиімділігі жоғары болады. Ғылым 
мен кәсіби қызметтің белгілі бір саласында қызмет етіп жүрген 
мамандардың пайда болған әр жаңа терминмен уақытында таны-
сып, оған қатысты жеке пікірін білдіріп, әріптестердің өз ішінде 
қызу талқылап, талдап отыруы термин сапасының артуымен қа-
тар оның қолданысқа еніп, өміршеңдік танытуының да алғышар-
ты бола алады. Бізде осыған көп мән беріле бермейді. Терминоло-
гиялық жұмыстарды ұйымдастырушылар мәселенің бұл қырын 
сөзсіз ескергені жөн. Онсыз күткен нәтижеге қол жеткізу қиын. 
Терминком бекіткен терминдердің басым көпшілігінің сөздікте 
тұрғаны болмаса, қолданысқа енбей қалатындығының бір себебі 
осы екенін ашық айтуға тиіспіз. Өйткені бізде терминдерді ресми 
бекіткенге дейін сала мамандары мен жұртшылыққа кеңінен та-
ныстыру, қолданысқа ұсынылатын терминдерді тиісті мамандық 
иелерін барынша қатыстыра отырып ашық талқылау, жан-жақты 
талдау жетіспейді. Термин ресми бекіп кеткеннен кейін «Бұны 
кім ұсынған?», «Қашан бекіткен?», «Біз неге білмейміз?», «Мына 
жайт неге ескерілмеген?» деген сияқты сан түрлі сұрақтар мен 
таңданыстарды және болар іс болғаннан кейін айтылатын сын-
ескерт пелерді жиі естіп жатамыз. Бұл терминдерді жасау мен 
ұсынылған баламалардың арасынан ең ұтымды жасалғанын ашық 
талқылау арқылы іріктеп алудың болмағанын, жұмысты ұйымдас-


79
тыруда кемшіліктерге жол берілгенін айғақтайтын жағдай. Осы-
лай болмас үшін, әсіресе, тиісті сала мамандарының талқылауға 
барынша көп қатысуын қамтамасыз ету тетігін жетілдіру керек. 
Жаппай қолданысқа ұсынылып отырған әр термин мамандардың 
жан-жақты талдауынан, мұқият терминологиялық сараптамадан 
өткізілгені абзал. Сонда ғана сапалы термин, жетілдірілген тер-
минжүйе қалыптастыруға қол жетеді. 
Біріздендіру жұмысы қалай ұйымдастырылып, 
оны кімдер атқаруы тиіс?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет