Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру



бет7/8
Дата23.02.2022
өлшемі0,7 Mb.
#26160
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
stud.kz-24006

АҚШ Заңдар жинағының 18-тарауында. АҚШ-та лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлығы ұғымына Заңдар жинағының 18-тарауындағы төрт бөлімінде қарастырылған құқыққа қарсы әрекеттер жатады: 1) 11-бөлім «Парақорлық, арам табыстар, лауазымды адамдардың қызметтік жағдайын теріс пайдалану»; 2) 93-бөлім «Лауазымды тұлғалар және жалданған қызметкерлер»; 3) 41-бөлім «Күштеп алушылық және қорқыту»; 4) 29-бөлім «Сайлау және саяси қызмет». Федеральды лауазымды қылмыстарға федеральды банк жүйесіне зиян келтіре алатын банк қызметкерлерінің әрекеттері де жатады. Федеральды резервтік жүйеге жататын немесе Федеральды сақтандыру корпорациясымен, Ұлттық ауылшаруашылық несие корпорациясымен сақтандырылған кез келген банктің лауазымды тұлғалары, директорлары немесе жалданған қызметкерлері банк инспекторына несие немесе шай-пұл ұсынса, олар қылмыс жасады деп есептеледі, оларға 5000 долларға дейін айыппұл салынады немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Егер банк инспекторлары ұсынған несиені немесе шай-пұлды алатын болса, олар да дәл осылай жазаланады.  Мелекеттік қызметке тағайындау кезінде ықпалын пайдалану мақсатымен параға сатып алу лауазымдық зиян келтірудің өзгеше түрі болып табылады. Мұндай жағдайда пара алу тура мағынасында емес, сыйақы келешекте тек өз ықпалын пайдалануға сөз бергені үшін ғана беріледі немесе алынады. Бұл қылмыстың субъектісі тек жеке тұлға ғана емес, сондай-ақ фирма да, корпорация да бола алады. Келешекте лауазымға тағайындау кезінде қолдау көрсету немесе ықпал жасау үшін ақы төлеген, ұсынған немесе төлеуге сөз берген адамдар да жауапкершілікке тартылады. Федеральды заң қызметтік жағдайын теріс пайдаланушылыққа: - Мемлекеттік қызметкерлердің негізгі лауазымдық қызметтеріне сәйкес келмейтін іспен айналысуы;  - шенеуніктердің мемлекеттік қаражат, ақпаратты пайдалану және алыпсатарлық арқылы баюға бағытталған әрекеті жатады. 

  • АҚШ заң шығару құралдары арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізудегі батыл саясатымен ерекшеленеді. Халықаралық деңгейде алып қарасақ, жемқорлық мәселесіне аз назар аудармайтын басқа Еуропа елдерімен салыстырғанда, бұл елдің қылмыстық заң шығаруында  сыбайлас жемқорлыққа терең кең ұғым берілетіні мойындалады. Америкалық қылмыстық заң өзгеше құрылымымен ерекшеленеді. Ол  федеральды қылмыстық заң және бөлек штаттардың қылмыстық кодекстерінен тұрады. Және штаттар да, федеральды заң да тұтас сыбайлас жемқорлық саласындағы лауазымдық қылмыстардың бірдей түрлері үшін жауапкершілікті көздейді. Сыбайлас жемқорлыққа жататын федеральды қылмыстық-құқықтық нормалар негізгі бөлімі 

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет