Шет елдердің сыбайлас жемқорлықпен күресі Негізгі бөлім: Нидерланды елінің сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресі



Дата10.03.2023
өлшемі21,97 Kb.
#73213
Байланысты:
сыбайлас


Шет елдерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Жоспары:
Кіріспе:
1)шет елдердің сыбайлас жемқорлықпен күресі
Негізгі бөлім:
2)Нидерланды елінің сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресі
3)Франция елінің сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресі
3)Грузия елінің сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресі
Қорытынды.
Сұрақтар

  1. Халықаралық тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқанда, барлық елдерді шартты түрде қанша санатқа бөлуге болады?



  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдер?

  2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте табысты елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері?



  1. Қай елде параны алғаны, ұсынғаны, парақорлық және парақорлыққа пара беру үшін бірдей жазаланады?



  1. «лауазымдық тұлғаның жағымды әрекетін көтермелеу жүйесі – шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындауы үшін материалдық тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да жағдай жасау»-Бұл қай елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте басты принціптерінің бірі?

Қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық мәселесін әрбір мемлекетте, түрлі халықаралық ұйымда кездестіруге болады. Бірақ ол барлық жерде бірдей бола бермейді. Тарихи дәуір және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму кезеңіне қарай сыбайлас жемқорлықтың пайда болу мәселелері де әр алуан болып келеді. Кейбір шет елдердің мемлекеттік басқаруында және мемлекеттік қызметінде жемқорлықтың алдын алуға және жоюға бағытталған әкімшілік қалыптың кешендері құрылған. Бірқатар мемлекеттерде шенеуніктердің ар кодексі немесе этикалық кодекстер жиынтығы болып табылатын арнайы заңдар қабылданған. Осыған орай, шетел мемлекеттеріндегі сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жолын кесу шараларына назар аударайық.
Транспаренси Интернешнлдің мәліметтерін негізге ала отырып, сыбайлас жемқорлықтың жер жүзіне таратылу айырмашылықтарын және қазіргі әлемдегі жемқорлықтың деңгейін зерттеу мақсатында, әлем картасындағы сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратты бейнелеп көрсетуге тырысайық. Халықаралық тәжірибеде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы айтқанда, барлық елдерді шартты түрде төрт санатқа бөлуге болады: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізп отырған елдер; 2) сыбайлас жемқорлық орташа деңгейдегі елдер; 3) сыбайлас жемқорлықпен өте келелі мәселелері бар елдер; 4) сыбайлас жемқорлық айырықша байқалатын елдер. Әрі қарай осы жүйені негізге аламыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті табысты жүргізіп отырған елдерге Дания, Финляндия, Швеция, Жаңа Зеландия, Канада, Нидерланды, Норвегия, Швейцария, Австралия, Сингапур, Люксенбург, Ирландия, Германия, Ұлыбритания, Израиль, АҚШ, Австрия, Исландия, Жапонияны жатқызуға болады.
Жоғарыда аталған елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті ұйымдастырудың кейбір ерекшеліктері - осы елдердің үкіметі сыбайлас жемқорлықты ұлттық қауіпсіздікке төнген қауіп деп қарайды. Сондықтан сыбайлас жемқорлық сырттан төнген және ішкі қауіп ретінде қабылданып, соған байланысты онымен күрес көлемді және кешенді сипат алады.
Мысалы, Нидерландыда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес өзіне мыналарды енгізеді: 
- сыбайлас жемқорлыққа бейім тұратын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда мониторинг жүйесін енгізу және осы жерлерде қызмет ететіндерді қатаң бақылап отыру. Сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізетін тұлғаларды лауазымға тағайындау;
- сыбайлас жемқорлық әрекеттерін жазалау жүйесі – бұл мемлекеттік ұйымдарда жұмыс істеуге қатаң тиым салуды және мемлекеттік қызмет ұсынатын барлық әлеуметтік жеңілдіктерінен айыруды көздейді;
- лауазымдық тұлғаның жағымды әрекетін көтермелеу жүйесі – шенеунікке өз қызметін тиімді де адал орындауы үшін материалдық тұрғысынан да, адамгершілік тұрғысынан да жағдай жасау;
- арнайы полиция типіндегі сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі мемлекеттік қауіпсіздік жүйесі;
Францияда лауазымдық тұлғалардың қызмет бабын теріс пайдаланғаны үшін жауапкешілігін реттеу саласында 1983 жылғы 13 шілдедегі «Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтары және міндеттері туралы» Заңның және 1992 жылы қабылданып, 1994 жылы қыркүйекте күшіне енген Қылмыстық кодексінің маңызы зор. «Мемлекеттік қызметкелердің құқықтары және міндеттері туралы» Заңға сәйкес мемлекеттік шенеунікке «өзін тек қызметке арнау» міндеті жүктелген, бұл Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы бойынша мемлекеттік қызметкерлердің міндеттеріне ұқсас. Аталған заң мемлекеттік қызметкердің өзіндік абырой кодексі болып табылады. Францияда мемлекеттік қызметкерлерге тексеру және бақылау қол астындағы кәсіпорындардың әрекетіне араласуға тыйым салады. Кейде көрсетілген міндет мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін де, сол шенеуніктің артынан сақталынып қалады. Билікті жеке басы үшін пайдалану жөніндегі нормалар жүйесінде басты орынды, сөзсіз, бұқаралық лауазымдық тұлғалардың белсенді пара беру және сылбыр пара алу парақорлығы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы нормалары алады. Параны алғаны, ұсынғаны, парақорлық және парақорлыққа пара беру үшін бірдей жазаланады: 10 жылға түрмеге қамалынады және 1 млн. франк көлемінде айыппұл төлейді. Лауазымдық тұлғаларға лауазымнан босағаннан кейін 5 жылға дейін өзінің капиталымен жұмыс істеуге, жеке кәсіпорындарға кеңес беруге тиым салады.
Францияның ерекшелігі - соттардың жасаған, Төрелік сот мүшелерінің немесе соттың, не жеке адамдардың шақыруымен келген, екі жақты келістіру үшін сотпен шақырылған сарапшылардың арнаулы парақорлық құрамын бөліп көрсету. Көрсетілген әрекеттер 10 жылға түрмеге жабумен және 1 млн. франк айыппұл төлеумен айыпталады.
Шетел мемлекеттерінің практикасын танып-білу мен есепке алу сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегі қателіктер, қарама-қайшылықтарды болдырмауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стратегиясында дұрыс тәсілдерді таңдауға мүмкіндік береді. Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы үлгісі Грузияның мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәжірибесі бірегей және табысты, оның көптеген аспектілері бейімделген және осыған ұқсас проблемалар бар елдерде қолданылады.
Осыдан 10 жыл бұрын сыбайлас жемқорлық Грузияның барлық салаларына дендеген болатын. Мемлекеттік қызметтердің барлығын дерлік алу үшін пара сұрайтын – жүргізуші куәлігін алу немесе мүлік пен бизнесті тіркегенге дейін паспорт алу, үй құрылысын мен жоғары оқу орнынан түсу. Үкімет «нөлдік төзімділік» саясаты шеңберінде қабылдаған шаралар әртүрлі мемлекеттік қызметтерде бейресми төлемдер ауқымын күрт қысқартты.
Бүкіләлемдік банк сарапшылары бүгінгі күні көптеген көрсеткіштер бойынша «Грузия Еуропалық одақтың ең дамыған елдеріне біршама жақындады деп атап көрсетеді». 2014 жылы сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексіне сәйкес Грузия әлемнің тіркелген 174 мемлекеті арасында 50-орынды, ал 2004 жылы 85-орынды иеленді. Бұл кезеңде әлемде тіркелген сыбайлас жемқорлық қысқартулардың ең күштісі.
Бұрынғы Кеңестер Одағы мемлекеттерінің арасында Грузиядан тек қана Прибалтика елдері озық тұр. Мемлекеттік басқару құрылымын реформалау және Грузияда сыбайлас жемқорлық деңгейін азайтудың өзіндік шыққан жерін 2003 жыл, Раушан революциясынан кейін және билік басына жаңа үкіметтің келуін атауға болады. Стратегиялық құжаттар мен нормативтік-заңнамалық актілерді әзірлеу негізіне америкалық, италиялық, жаңа зеландиялық және британдық тәжірибе алынып, Бүкіләлемдік банк, МВФ және USAID сияқты халықаралық ұйымдардың консультанттары мен сарапшылары шақырылды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте грузин тәсілінің негізгі айырмашылығы репрессивті әдістермен қатар Грузияда профилактикалық- алдын алу шараларын қолданылады, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұсталған парақорлардың санымен емес, осындай жағдайларды болдырмауға бағдарланады.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатында қоғамда насихаттау мен білім беру, сондай-ақ әртүрлі мақсаттағы топтар, оқушылар, студенттер, БАҚ, үкіметтік емес сектор, бизнес өкілдері үшін үгіт-насихат іс-шараларын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға маңызды рөл берілетінін атап өту қажет.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім негізіне мемлекеттік қызметшілермен қатар жоғары оқу орындарының студенттеріне этикалық нормаларды оқыту жатыр. Осы мақсатта халықаралық ұйымдардың қолдауымен этика жөніндегі жаңа оқу-әдістемелік материалдар әзірленді, осы саладағы табысты өнімдердің бірі – «Этика және мемлекеттік қызметшілердің жалпы мінез-құлық ережелері» оқу құралы болып табылады.
Грузияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы тиімді тәжірибесі студенттер, оқушылар, және басқалар кіретін кең аудитория үшін оқыту семинар-тренингтерін жүргізумен түсіндіріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырып бойынша бұл тренингтерді практиктер, яғни сыбайлас жемқорлыққа қарсы ісқимыл саласындағы заң шығару және үйлестіру қызметімен тікелей айналысатын адамдар жүргізеді, сонымен қатар шетелдік беделді сарапшылар шақырылады.
Грузияда жүргізілген реформаның негізгі нәтижелері
1) Барлық мемлекеттік қызметтер үшін «бір терезе қағидатын» жасау. Яғни кез келген құжатты алу, некеге отыру және бұзу, фирманы ашу барлығын бір жерде – Әділет үйінде жүргізуге болады. Осындай мекемелерде 300-ге жуық әртүрлі қызмет бір жерге шоғырланады, азаматтар басқа мемлекеттік құрылымдардың табалдырығын тоздырмайды. Әділет үйінде 15 минут ішінде баланың туу туралы куәлігінен бастап шетелдіктер үшін визаны, тұрғылықты тұруға рұқсат немесе жерді пайдалануға актіні алуға болады. Тек алдын ала Әділет министрлігінің сайтында жазылса болғаны.
2) ІІМ реформалары. 2004 жылы реформалар басталғаннан бері полиция мен жол инспекторларының штаты 85%-ға жаңартылды және бірнеше есеге қысқарды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бар деген барлық қызметкерлер жұмыстан шығарылды, көпшілігі түрмеге отырғызылды. Полицияның беделін көтеру бағдарламасы енгізілді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жаңа имидж жасалды, енді олар адал құқық қорғаушылар, қажет болған жағдайда әрдайым көмектеседі, жол көрсетеді және тек қана күлімсіреп сыпайы сөйлеседі. Жүргізілген реформалар нәтижесінде Грузияда полиция қызметкерлері пара алмайды. Бүкіл деректер қоры электрондық түрде жасалды. Құжаттарды табу жеңілдеді. Қатаң түрде айыппұл салынды. Жолдардағы бұзушылықтар азайды.
3) Жүргізуші куәлігін алу рәсімдері де өзгеріске ұшырады. Грузияда медициналық тексеруді алып тастады, дәрігерге барған уақыты мен тексеру қорытындысы ортақ базаға енгізіледі. Техникалық тексеру де жоқ, бұл рәсім де автокөлік жүргізушілерге қарағанда парақорларға пайдалы деп шешілді. Жүргізуші куәлігін емтихандар тапсырып, бар болғаны 35 доллар баж салығын төлем (2011 жылғы мәліметтер) алуға болады. Осы барлық рәсімдерді тәулігіне 24 сағат демалыссыз және мереке күндерінсіз жұмыс істейтін ІІМ сервистік агенттігі атқарады. Автокөлікті тіркеу 15 минут уақыт алады, оған нөмірді іріктеу мен кез келген банктің өкіліне сол жерде 40 доллар төлеу кіреді.
4) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңызды аспектісі деп грузин үкіметі шенеуніктің еңбекақысын көтеру деп есептейді, себебі оған қызметкердің мотивациясы тікелей байланысты. Полициядағы еңбекақы, содан кейін барлық мемлекеттік аппараттағы еңбекақы реформалау жылдары 15–40 есеге артты.
5) Реформалаудың бірінші кезеңінде министрліктердің саны 18-ден 13-ке, ведомстволардың саны 52-ден 34-ке қысқартылды. Персоналдың саны 35-50%-ға азайды. Өрт инспекциясы, автоинспекция, санэпидемстанциясы бөлек-бөлек жұмыс істеуін тоқтатты.
6) Салық жүйесіндегі реформалар. 25 салықтың орнына 6 түрі қалдырылды. Кедендік баж салығы қысқартылды және 2008 жылы толығымен алып тасталды. Жерді, оның ішінде ауыл шаруашылығы бағытындағы жерді жекешелендіруге мүмкіндік беретін заң қабылданды.
7) Білім беру жүйесіндегі реформалар. Реформа жүргізгенге дейін әрбір университет оқуға қабылдау емтихандарын жеке-дара жүргізді. Университетке «түсу» бірнеше мың тұрды. Қазіргі Білім беру министрлігі барлық абитуриенттер үшін бірыңғай емтихан, анонимді, электрондық база бойынша өткізеді
Азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқықтық санасын қалыптастырудың шетелдік тәжірибесін зерделеу сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік жағдайын қандай құралдармен, әдістермен, қандай нысанда жасауға және сыбайлас жемқорлық қылмыс деңгейін азайтуға болатыны туралы ақпарат алудың маңызды тәсілдерінің бірі болып саналады.Менің ойымша бізге елге Қазақстанға Грузия елінің тәсілін қолданған жөн деп есептеймін,себебі тағдыры жағынан бір тағдырлас мемлекетпіз деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет