Шет шұғыласы. 2015. 23 шілде (№30). 5 б. Ұстаз қадір-қасиеті мол



Pdf көрінісі
Дата27.01.2017
өлшемі134,29 Kb.
#2814

Шет шұғыласы. - 2015. - 23 шілде (№30). - 5 б. 

Ұстаз - қадір-қасиеті мол, 

шексіз жауапкершілік пен тыным-

сыз еңбектің, қажымас қайрат пен 

шығармашылықтың, үздіксіз ізде-

ну мен оқып-үйренудің адамы. 

Қ а р а п а й ы м д ы л ы қ пен 

кішіпейілділік, адалдық пен 

әділдік, байқампаздық пен сезім-

талдық, мейірім мен ізгіліктің үлгісі 

- ұстазға тән қасиет. «Бәрі де мұға-

лімнен басталады» деген орынды 

сөз, оның білімі, адамгершілігі, ба-

лаға деген сүйіспеншілігі, олардың 

келешекте жеке тұлға болып өсуіне 

ықпал жасайды. Жан жылуын, бар 

білімін баланың бойына сіңіріп, әр 

оқушысының үлкен өмірге білімді 

азамат болып аттануына зор үлес 

қосатын мейірбан жүректі ұстаз-

дарымыз аз емес. 

Адам оқып-біліп ұстаз болмай-

ды, ұстаз болып туады. Болмы-

сында тәлімгерлік қасиеттің 

ұшқыны жоқ адам ешқашан пе-

дагог бола алмайды. Ұзақ жыл-

дардан бері оқу-білім саласында 

абыройлы еңбек еткен Елеу Ра-

шитовтың тәжірибесі мол ұстаз 

екені айтпаса да белгілі. Осы 

ұстаздар жайында халқымыздың 

ұлы батыры Бауыржан Момыш-

ұлы "Ұстаздық - ұлы құрмет. 

Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбие-

лейді. Болашақтың басшысын да, 

данасын да, ғалымын да, еңбек-

қор егіншісін де, кеншісін де ұстаз 

өсіреді... Өмірге ұрпақ берген ана-

ларды қандай ардақтасақ, сол 

ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды 

да сондай ардақтауға міндеттіміз" 

деген. 


Еңдеше өз ісіне берілген, жа-

ңалықты жатсынбай қабылдайтын, 

шәкіртінің жанына нұр құйып, 

өмірге өзі де бақытты болып, өзге-

лерді де бақытқа жеткізсем деп 

жүретін ұстаздардың жөні де, 

жолы да бөлек. "Ұстаздық еткен 

жалықпас, үйретуден балаға" деп 

Абай атамыз айтқандай, ұстаз 

еңбегінің қыр-сыры мол, қиын 

да жауапты, шығармашылық 

енбек екендігін баршамыз мойын-

даймыз. 

Қадірменді қарт ұстаз, ардақ-

ты ақсақал Елеу Рашитов «әдемі 

қартайғандар» қатарының шоқты-

ғын биік етіп тұрған тұғырлы тұлға. 

Елеу аға сияқты құрметке де, 

мадақтап мақтауға да лайықты 

жандар жайлы жазғанда қаламың 

жорғалап, шабыт шарайнасында 

көз қарықтырар сәулелі тіркестер 

сорғалай жөнелетіні бар. Көргені 

көп, өмірден түйгені мол осын-

дай ұлағатты ұстазды өскелең 

өркенге өнеге ету мақсатында жа-

зылған қолымдағы сыр толғау көз 

жүгірткенге емес, көңілге түйетін 

зерделі жандарға берері көп дүние 

болса керек. Елеу аға 1940 жылы 

ауданымызға қарасты Ақтөбе 

ауылында дүниеге келген. 1962 

жылы әскери міндетін Белоруссия 

жеріңде өтеп келгеннен кейін аудан 

орталығындағы Ы.Алтынсарин 

атындағы мектептің құрылысын 

салуға қатысады. Кейіңде Кар-

мыс, Кеншоқы бастауыш мектеп-

теріңде мұғалім, меңгеруші болып 

еңбек етеді. 1968 жылы КарПИ-ді 

бітіргеннен кейін Қызылқой сегіз-

жылдық мектебінде тарих пәнінің 

мұғалімі болса, кейінде оқу ісінің 

меңгерушісі қызметтерін атқарады. 

Өзінің педагогикалық жолын ауыл 

мектебінен бастаған, талай 

шәкіртке білім нәрін берген, бүгінгі 

күні ел құрметіне бөленген өне-

гелі ұстаз. Оның әр ісінен шығар-

машылықты, жоғары педагоги-

калық білік пен ізденімпаздықты 

көре аласың.Елеу аға 1970 жылы 

Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-

ке тарих пәнінің мұғалімі болып 

ауысып, патриоттық әскери тәрбие 

ісінің менгерушісі болып еңбек 

етеді. Ұлағатты ұстаз 1976-85 жыл-

дары Ақшатау кеңшарындағы 

К.Маркс атындағы орта мектебінің 

директоры болып еңбек етеді. 

Елеу Рашитұлы сабақтарында 

тиянақты білім берумен қатар, 

оқушылардың эстетикалық талға-

мын шыңдай түсуге, олардың 

қызығу, еліктеу сезімдеріне әсер 

ету талабына назар аударады. 

Мұғалім қызметі ұдайы өз білімін 

жетілдіруді, ізденісті, әдістемелік 

жаңалықтарды өз ісіне қолдана 

білуді талап ететіндігі белгілі. Осы 

орайда Елекең ізденіске түсумен 

қатар мұғалімдерді де осы іске 

ұдайы бағыттап отырады. 1986 

жылы Ы.Алтынсарин мектебіне 

қайыра ауысып, зейнет жасына 

шыққанға дейін «Адам», «Адамта-

ну», «Қолданбалы экономика», 

«Құқық», «Этика», «Риторика», та-

рих пәндерінің мұғалімі қызметтерін 

атқарады. Бірнеше рет білім жетіл-

діру айлық курстарынан өткен. Ке-

ңестік заманда екі рет аудандық, 

облыстық конференциясының де-

легаты, селолық кеңестің депута-

ты, облыстық мұғалімдер съезінің 

делегаты болған. 1970-85 жылдар-

дың аралығында Алматы қаласын-

да алғашқы әскери патриоттық 

тәрбие ісінің курсынан өткен, осы 

жылдары аудандық соттың засе-

дателі болып қызмет атқарған. Еле-

кең Батыс Қазақстанның Ақтөбе 

қаласында партия саяси оқу 

жүйесінің тыңдаушысы, Орал 

қаласында А. Пушкин атындағы 

педагогикалық институттың білім 

жетілдіру дайындығынан өткен. 

Дүниетанымы мол, ақылына па-

расаты сай Елеу аға қандай жұмыс 

болмасын құлшына кіріседі. Қай 

салада болмасын бел шешіп кірісіп, 

шаруа біткенше тыным таппай сол 

аяқталғанша өзі де дем алмай, өзге-

ге тыныштық бермей, қоғамдық 

жұмыс жүрсінші деген Елеу аға 

марапат, мадақтан да кенде қал-

мады. 43 жыл педагогикалық еңбек 

өтілі бар ерен енбегі еленген асыл 

аға «Еңбек сіңірген ұстаз», Еңбек 

ардагері атағына ие болған. Білім 

министрлігінің бұйрығымен «Аға 

методист», «ҚР-ның білім беру 

ісінің үздігі» медалдарымен мара-

патталған. Тың игеру медалінің 

иегері. Аудандық, облыстық білім 

бөлімдерінің грамоталарымен 

қошеметтелген. 

Ол тек өз ісінің шебері ғана 

емес, сонымен қатар, аяулы жар, 

қамқор әке, мейірімді ата. Елеу 

аға жұбайы Ләззат апаймен алты 

бала өсірген бақытты отбасы. 

Бүгінде қызын қияға, ұлын ұяға 

қондырған олар немере сүйіп, ата-

әже бақытына кенелуде. Бәрі де 

жоғары білімді, мамандыктары бой-

ынша қызмет істейді. Ұжымдарын-

да беделді де сыйлы. Жұбайы 

Ләззат та 35 жыл еңбек өтілі бар 

зейнеттегі ұстаз. Биыл отасқанда-

рына 49 жыл толады. 

Зердесінде сәулесі бар қарт 

ұстаз бүгіңде шыныққан өмір, ниет 

мөлдір, өмірдің бейнетін өткеріп, 

зейнетінің дәмін татып отырған, 

немере, шөберелерін көзінің нұры, 

көңілінің жыры етіп, тәрбиелеп 

отырған аяулы жандар. Елеу аға 

мен Ләззат апай 6 баладан 16 не-

мере, 4 шөберенің лайықты атасы 

мен әжесі. 

Жетпіс бес жасты бағындыр -

ған Елеу ағаны мерекесімен шын 

жүректен құттықтай отырып, ұзақ 

ғұмыр, мықты денсаулық, Ләззат 

апа екеуіңіз бірге ұрпақтарыңыз-

дың қызығын көруді Тәңірім нәсіп 

етсін дегім келеді. 

С.ЖОСАЛБАЙ. 

Ақсу-Аюлы ауылы. 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет