Шет тілі сабағының құрылымы және оны ұйымдастыру жолдары Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі кездің өзінде мұғалімдердің көпшілігі шетел тілі сабағында бұрынғы әдіс-тәсілдерді қолдануда, сол әдіс-тәсілдердің негізінде шетел тілі сабағын осы заманның талап-тілектеріне сай өткізу керек. Курстық жұмыстың мақсаты: - шетел тілі сабағына қойылатын талаптарға талдау жасай отырып, шетел тілі сабағын ұйымдастырудың мәселелерін анықтау; - шетел тілі сабағына қойылатын әдістемелік нұсқауларды көрсету; - шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету. Курстық жұмыстың міндеттері: зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми- әдістемелік әдебиеттермен танысу, оларды талдау; шетел тілі сабағын тиімді ұйымдастырудың ерекшеліктерін анықтау; шетел тілі сабағына қойылатын талаптарды анықтау; шетел тілі сабағын тиімді өткізуге арналғын нұсқауларды анықтау;
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: - ғылыми әдебиет көздеріне оқу және оларға талдау жасау; - шетел тілі сабағын тиімді ұйымдастыру мен оны өткізу мақсатымен педагогикалық үрдісті бақылау; - шетел тілі сабағын қазіргі кезде жүргізуге студенттер арасында сауалнама жүргізу; Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Курс жұмысында шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастыруға арналған нұсқаулар беріледі. Шетел тілі сабағын шығармашылық тұрғыдан ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын көрсету;
Курстық жұмыстың теориялық құндылығы. Шетел тілі сабағына қойылатын талаптарға талдау жасалына отырып, шетел тілі сабағының мәселелерін қарастырады.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: Бұл курс жұмысында көрсетілген әдіс-тәсілдер мен нұсқауларды студент-практиканттар мен мұғалімдер қолдана алады, себебі осы курс жұмысында оқушылардың шетел тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін дамытып, сабақты тиімді ұйымдастыруға әдістемелік тұрғыдан нұсқаулар беріледі.