Шет тілі орта мектепте үш кезеңге бөлінеді: бастауыш, орта, жоғарғы сыныптар. Әрбір кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан әр кезеңге кейінірек тоқталайық.
Бастауыш кезең Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін үйренуге ынтасы өте зор болады. Олар шет тілінде сөйлегісі және түсінгісі келеді. Олар көптеген жаттығуларды орындайды және олармен сабақ үстінде көп жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта ауызша оқуға көп көңіл бөлінеді. Әрине, оқу процессінің тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу түрлері де беріледі.
1. Шет тілін үйрету ауызша үйретуден басталады. Әуелі шет тілінің фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы, екпіні, ритмі үйретіледі. Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескерілді.
Тілдің әріптер мен дыбыстарын үйренгеннен кейін сөздердің жазылу-оқытылуын үйрене отырып, сөйлем құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды. Яғни, сараптамалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады.
Бұл әдістің жетістігі сол ол тілді үйренудің оқу, жазу, сөйлеу сияқты барлық түрлерін түгел қамтиды. Сондықтан бастауыш сынып оқулықтары ауызша бөлімнен басталады.
Мысалы: жаңа сөзбен таныстыру. «Chair» сөзі
Teacher: This is a chair.
Is this a chair? Yes, it is.
Is this a table? No, it is not. It is a chair?
Оқушылар мұғалімді тындай отырып жаңа сөзді бірнеше рет естиді, жекелеп айтады.
Орта мектептегі ағылшын тілін оқытудың бастауыш кезеңінің тарихы Орта мектепте ағылшын тілін оқытудың тарихы 1947 жылдан басталады. 1947 жылы Министрлер кеңесінің «Орта мектепте щет тілін оқытуды жақсарту туралы» қаулысы шетел тілін оқытудың әрі қарай дамуына ықпал еткен құжаттар болды.
Содан кейінгі 1961 жылы шыққан «Шет тілдерін оқытуды жаңарту» туралы қаулы кейінгі он жылдықтағы мақсат-міндеттерді айқындап берді. 1977 жылы «орта мектепте оқытуды, тәрбиелеуді дамыту туралы» қаулыдан кейінгі көптеген өзгерістер болды.
Оқытудың бірінші кезеңі қарым-қатынас ретінде тілдің негізін қалау арқылы анықталады. Осы бастауыш кезеңде әрі қарай шет тілін оқып-үйрену жалғастырылады. Тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдануға екі жылдай әзірлік курсы керек. Тілді пайдалану үшін тілді таңдау, сөйлеу, жазу, оқуды білу керек.
Біріңші кезең – тілді оқып үйренуде өте маңызды кезең, осы кезеңде оқу қалай қалай басталса, солай жалғасады. Ағылшын әдіскері Г.Пальмер бұл кезең туралы былай деген: “Take care of the first two stages and the rest will take care of itself”. 1947 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер.
Сол ғасырдың 50-жылдар кезеңі мектептерде ағылшын тілін оқыту әдістемесінің елеулі кезеңі болды.
1947 жылғы қаулыдан кейінгі орта мектпете ағылшын тілі 3-сыныптан бастап оқытылады, ағылшын тілінде және ағылшын тіін оқытатын арнайы мектептер ашылды.
Орта мектепте шеті тілін оқыту 3 немесе 5 сыныптардан басталды. Бұл кездегі бағдарламада қойылған негізге талаптар: оқыту, түсіну және шет тіліндегі мәтінде аудара білу. Ауызша сөйлеуді түсіну, ауызша мен жазбашаның негізін қалау.
Бағдарламада білімнің екі түрін рецептивті және өнімділікті айқындайды. Бастауыш кезеңде де бірінші орынға оқып-түсіну және аудару қойылады.
— Оқушылар таныс емес сөздерді оқып білу
— Сөздіксіз мәтінді оқып түсіне білу
— Шет тілін туған тіліне ауызша аудара білу
— Жазбаша аудара білу
Жазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылады:
— мәтінді көшіріп жаза білу
— қысқа сөйлеуді жаза білу
Лексикалық талап: 5-сынып – 450 сөз, 3-сынып – 200 сөз білуі керек.
1955 жылы шет тілін оқытудың бір нұсқасы 5-сыныпта сақталып қалды.
1955 жылғы бағдарламада бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды. Мұнда лексикаға қойылатын талап өзгеріп, 350 сөз білуге тиісті болды. Бұл кезеңге де негізгі талап оқу және аудару болды. Ауыша сөйлеу мұғалімнің қойылған сұрақтарына жауап берумен, сыныпта айтылатын сөздермен шектелді.
1961 жылғы қаулыдан кейінгі өзгерістер. Бұл кезеңдегі бағдарлама бойынша бірінші орынға тәжірибелік мақсат қойылды.
Ауызша сөйлеуде шет тілінде өз ойын айта алу және ауызша хабарлама жасауға (монолог) және шет тілінде әңгіме жүргізе білуге (диалог) мән берілді. Оқуға қойылатын талап та өзгерді. Аудармаға аз көңіл бөлінді. Тәжірибелік мақсатқа жету үшін бірінші рет магнитофон таспасын, күйтабақты қолдану және үйге оқуға берілетін мәтіндер пайдаланыла бастады.
Орта мектепте мынадай талаптар қойылды:
— Шет тілінде әңгімелесе білу
— Сөздіксіз күрделі емес мәтінді оқып-түсіну
— Оқи білу
Жазуға көмекші рөлі берілді. Лексикалық көлемі азайды.
Оқудың екі түрі: дауыстап және ішінен оқу бөлініп көрсетілді.
1. Оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге
2. Диктант жаза білуге тиіс болды (30 сөз)
Осы өзгерістер ескеріле отырып, С.К.Фоломкина, Э.И.Каар және Г.М. Уайзер сияқты авторлар 5 және 6-сынып оқушыларына арналған жаңа оқулықтар шығарды.
Халықаралық қатынастардың дамуына байланысты ағылшын тілін оқытудың маңызы өсті. Оқушылар мен бірге мұғалімге арналған әдістемелік кітап және үйден оқу кітабы шығарылды. Саны 25-тен асатын сыныптар екі топқа бөлінді. Балалар бақшасы мен бастауыш сыныпта ағылшын тілін оқыту бағдарламасы жасалды. Оқытуды ұйымдастырудың негізгі 2 бағыты:
1. Сөйлеудің барлық түрін бірге дамыту (ауызша алдын-алу, авт. Г.М.Уайзер)
2. Сан біртіндеп оқыту (кіріспе ауызша курспен, авт. А.П.Старков). шет тілі 5-10 сыныптар аралығында оқытылды. 1962 жылы ағылшын тілінен жаңа бағдарлама жасалып, оқулықтар шығарылды. Бағдарламада тілді тәжірибелік білу жағына баса назар аударылды.
2-ші сыныптың оқушысы ауызша сөйлеуден мынаны білуге тиіс:
1. Мұғалімнің сөзін түсіну
2. Өткен тілдік материалдар негізінде сұрақтарға жауап беру
3. Суретті бейнелеу және сұрақтарға жауап беру
4. Ауызша әңгіме айта білу
5. Тақпақты жатқа айта білу
3-сыныпта бұл талаптар ұлғайды:
1. Мұғалімнің айтқаның түсіну
2. Мәтінді түсіндіре білу
3. Сұрақ қою, оған толық және қысқа жауап беру
60-шы жылдар ағылшын тілін оқытудың әдістемесіндегі жемісті жылдар болып саналады. Осы жылдары әдістемеге байланысты көптеген ғылыми еңбектер жазылып, мектепте тәжірибе жүзінде қолданыла бастады.
Қазіргі кезеңде орта мектепте ағылшын тілін оқыту 3 кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең – оқытудың бірінші жылы, екінші кезең – барлық 10 сыныпқа дейінгі сыныптар, үшінші кезең – 10-11 сыныптар. Оқытудың бірінші кезеңінде ауызша сөйлеудің және оқытудың негізі қаланады, өз атынан қысқаша сөйлемдер айту, берілген материалды қабылдау және дауыстап оқуға үйретіле бастайды. Бағдарлама бойынша бекітілген уақытқа дейін созылатын ауызша кіріспе бөлімнен басталатын бірінші кезеңнің негізі – аузыша сөйлеу болып табылады.
Екінші кезең қабылдау механизімі қалыптасады және өз атынан сөйлем айтуға дағдыланады, күнделікті қарым-қатынас тіліне үйренеді, тыңдап түсіну, дауыстап оқу, оқығаның аудармасыз түсіну іс-әрекеттері дамиды. Бұл кезеңде де ауызша сөйлеу негізгі іс-әрекет болып есептелінгенмен де, оқуға да үлкен ден қойылады.
Үшінші кезеңде ауызша сөйлеу күнделікті қарым-қатынас тілінен бағдарламада көрсетілген қоғамдық саяси тақырыптар бойынша сөйлеу деңгейіне дейін, сонымен қатар көркем әдебиет, ғылыми-ағарту тақырыптары да қамтылады. Бұл үшінші соңғы кезеңде ауызша сөйлеу мен оқу бірдей деңгейде алынады.
Әдістер атауы туралы түсінік. Әдістемелер әртүрлі кезеңдерде оқыту мақсаттарының өзгеруіне байланысты жаңадан аталып отырады: мысалы, логикалық қағидалар бойынша синтетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, дедуктивтік әдіс, т.б; тіл салалары бойынша грамматикалық әдіс, лексикалық әдіс, фонетиакалық әдіс, тілдің психологиялық қағидалары бойынша индуктивтік әдіс, тура әдіс; ойлап табушының аты – жөні бойынша Коменский әдісі, Гуэн; Пальмер, Уэст, Фриз, т.б әдістері.Біз тек ең негізгі әдістерге ғана тоқталайық:
1. Грамматикалық – аудармалық әдіс - әдістеменің ең көне әдісі.
2. Тура әдіс 1870 жылдан бастап қолданыла бастады.
3. Қазіргі әдістер.
Грамматикалық аудармалық әдіс көбіне классикалық тілдерде әсіресе, латын тілін оқытуда қолданылған. Бұл әдісте тіл грамматикалық ережелерді жаттау арқылы оқытылады. Жаңа сөздер грамматикалық тақырып көлемінде алынады. Ал, аударма жаңа сөздері, сөз құрылымын, ережесін оқытқанда қолданылады. Барлық жаттығулар белгілі грамматикалық ереженің аясында құрылып, ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы орындалған.
Грамматикалық – аударма әдістің ерекшеліктері:
1. Грамматикалық талдаудың негізі;
2. Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар;
Грамматикалық – аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы әдісі – оны әуелі ана тілінде түсіндіріп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен баяндауышты, толықтауышты анықтау. Әрі қарай талдауды етістіктің шағын, етістікті анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқушыларға осы сөйлемнің шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.
Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады, ал синтаксистік негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Барлық ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдармен сәйкес келмейді.
Грамматикалық – аудармалық әдіс алғашында XVIII- XIX ғасырдың мектептерінде кеңінен қолданылды. Кейінен педагогика, психология, лингвистика ғылымдарының дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, XIX-XX ғасырдың соңында «екі грамматиканың» ара қатынасы ажыратылды.
Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматиаклық – аудармалық әдіс жиі кездеседі.
Бұл оқулық – ағылшын тілін мемлекеттік тілде меңгерудегі негізгі оқу құралы. Грамматикалық ережелерді игерудің нәтижесінде тіл жаттығып, сөйлеммді дұрыс құрастыру оңайға соғады.
Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі. Тура әдіс грамматикалық – аудырмалық әдіске қайшы әдіс ретінде дүниеге келді.
Өндіріс пен сауданың халықаралық көлемде қарқынды дамуы, капиталистік мемлекеттердің үлкен елдерді отарлауы сияқты процесстер шет тілін білетін мамандарға сұранысты арттырды. Бұл өз кезегінде жаңа әдістің пайда болуына себепші болды. Тілді іс жүзінде игеру мектептерде шет тілін оқытудың негізгі мәселесіне айналды.
Тура әдістің негізгі ерекшелігі мынадай:
1) Шет тілін оқытудың негізгі бағыты – тәжербиелік, яғни, бірінші орынға сөйлеу ойылуы;
2) Ана тілінің екінші орында, тіпті назарсыз қалуы;
3) Тілді үйрету ісінде аудырманың өте аз мөлшерде, керісінше, ауызша – жазбаша жаттығулардың көп қолдануы;
4) грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолдануы (грамматикалық әдісте грамматикалық ереже бірінші беріліп, жаттығулар орындалады, ал бұл әдісте әуелі жаттығулар оындалып, содан кейін грамматикалық тұжырым жасалады).
5) Айтуды үйренуге үлкен көңіл бөлінеді.
6) Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе, тақырыпқа байланысты мәтіндер құрасытыруға назар аударылады.
Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі – шет тілін оқытуда, шет тілімен баратын түсініктің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің мүлдем қолданылмауы.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тура әдістің бірнеше түрі пайда болды. Тура әдісті жинақтаущылар Г. Груэн, М: Вальтер т.б
Бұл әдісті пайдаланатын мұғалымдер тіл үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыны әңгімелесуге тартады, заттарды, суреттерді пайдаланып, сөйлемнің мағынасын түсіндіру үшін қимылдар жасайды.
Тура әдісті қолданушылар өте көп. Осы әдіс оқушылардың шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырады.
Дегенмен, бұл әдісті қолданудың қиыншылықтары да жоқ емес. Мәселен:
1) Оқу материалы мен жаңа сөздер ғылыми негізсіз іріктеледі. Бұл әдіс тек тақырыптық негізге сүйенеді, ол үшін оқушы өте көп жаңа сөз білуі керек.
2) Мектепте оқушылардың сөйлеп үйренуіне жағдайдың болмауы.
3) Тәжірбиесіз мұғалімдер қолданса, өте тиімсіз болып келеді.
Тура әдістің негізгі қағидаларын ұсынған атақты ағылшын әдсікерлері Г. Пальмер мен М. Уэст болды.
Г. Пальмер әдісінің негізгі қағидалары:
- Шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталды.
- Шет тілін оқыту іріктелген материалдың негізінде жүзеге асырылды. Г. Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сөздердің мөлшері 3000 сөз болды.
Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынады:
-іс – қимыл арқылы (Мұндай арнайы жасалған заттарды көрсетіп, қимыл арқылы білдіретін жаттығулар ұсынылады);
- сәйкестендірудің 100 кестесі (Оқушылар осы кестелердегі ағылшын тіліндегі мысалдарға қарап, сөйлемдер құрауы тиіс).
Г. Пальмердің бұл әдістері қазіргі кезде жиі қолданылады және оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді:
- сөйлем үлгілеіндегі үнемі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің берілуі ауызекі сөйлеуде көмектеседі;
- тыңдау жаттығуларының көп болуы оқушыға жылдам сөйлегенде ағылшын тілін түсінуге мүмкіндік береді.
Сәйкестендіру кестесінің үлгісі мынадай:
I
You
We
They
saw
put
left
found
two
three
a few
some
books
letters
keys
good ones
here
there
on the table
in this book
yesterday
last week
on Sunday
this morning
Шет тілін оқыту – мұғалімнің үздіксіз еңбегінің және оқушының оған жауабының тізбегі. Шет тілін үйренуде оқушы мынадай кезеңдерден өтеді: I.а)Қабылдау
Бұл кезеңде мұғалім сөйлейді. Оқушы мұғалымнің сөзін тыңдайды. Мысалы сынып бөлмесіндегі заттарды көрсетіп, оларды атайды.
This is a book. Look at the book. I m going to put the book on the table. ә) Мұғалім сөйлейді. Оқушыларға тапсырма береді. Мысалы: «Дауыс ырғағына назар аударыңыз».
б) Бұйрықтарды орындау жаттығулары.
Мұғалім оқушыларға бұйрықтар береді.
Мысалы:Get up. Sit down. Come here. Мұғалім бұйрықтарды ымдап түсіндіреді.
в) “Yes”. “No”.
Мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар тек «Иә» не «Жоқ» деп жауап береді.