Шетел арнайы педагогикасында инклюзивті білім беру мен интеграция мәселесі



бет3/3
Дата27.09.2023
өлшемі12,94 Kb.
#111109
1   2   3
Байланысты:
Шетел арнайы педагогикасында инклюзивті білім беру мен интеграци-emirsaba.org

Швеция.Швеция инклюзивті білім беру идеясының дамуы табысты жүргізілетін елдердің бірі болып саналады. Интеграцияға бағыт алу бұл елде 1969 жылы басталды, бұл кезде Швецияда соған сәйкес үкіметтік құжат пайда болды. 60-70-жылдары Швецияда, содан кейін көптеген дамушы елдерде, дамуы артта қалған адамдарға арналған ірі интернататтар және психиатриялық ауруханалар жабылды. 1980 жылы Швеция дамуында ауытқуы бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы тұғырлардың өзгерісін тіркеген оқу жоспарын қабылдады. 1989 жылы орта білім туралы жаңа Заң қабылданды, ал 1990 жылдан бастап – коррекциялық педагогтарды оқытудың арнайы бағдарламасы қайта қарастырылды. 1995 жылы мұғалімдердің, тәрбиешілер мен директорлардың рөлін анықтайтын жаңа білім беру стандарты бекітілді. Стандарт 5 және 9 сыныптарды аяқтауда қол жеткізілетін білімнің міндетті деңгейін ғана береді. Білім министрлігі мұғалімдердің оқытудың қойылған мақсаттарына жетуге мүмкіндік беретін, оқытудың әдістерін өздерін анықтайтынын қарастырады. Оқу үдерісін ұйымдастырудағы жалпы жауапкершілік мектеп директорына жүктеледі. Соған сәйкес, арнайы сыныптардағы оқушылардың саны күрт қысқарды, оларды жалпы білім беретін мектепке ауыстыра бастады.

Швецияда балалық кездегі ерте аутизмі бар балаларды арнайы оқыту күрделі мәселе болып табылады. Бұл балалар әдеттегі мектепте шағын топтарда оқытылады. Әрбір 3-балаға 2 мұғалім және ассистенттен келеді. Сонымен бірге, Швецияның жалпы білім беретін мектептеріндегі интеграциялық оқыту әлі барлық қызығушылық танытқан адамдарға қанағаттандырмайды. 1986 жылдан бастап Швецияда көруінде бұзылуы бар балаларға арналған арнайы мектептер жоқ, олардың барлығы тұрғылықты мекен-жайы бойынша мектепке интеграцияланған. Инклюзивті білім беру ерекше мұқтаждығы бар балаларға қатысты мемлекеттің саясатының стратегиялық бағыты болып табылады. Бұл елдегі ерекше мұқтаждығы бар балалардың көпшілігі, қарапайым сыныптарға интеграцияланған. Көруінде, естуінде, ақыл-ойында ауытқуы бар балалар арнайы мектепте білім алады, онда балалар ауытқудың типтері бойынша сараланады. Мұндай мектептерде олар 21-23 жасқа дейін оқи алады. Қазіргі кезде арнайы мектептер жалпы білім беретін мектептің сыныбына интеграциялаған балаларды қолдау бойынша ресурс Орталығы болып саналады. Ақыл-ойында кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектептер, жалпы білім беретін мектептегі сыныптарға интеграцияланған.

Назарларыңызға рахмет!!!



http://emirsaba.org

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет